Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ


Тәуелсіздікке – 20 жыл! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ

 

Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, еліміздің дербес мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне міне, биыл 20 жыл толады.

Осы бір тарихи кезеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жігер керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат қажет болғаны белгілі. Өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт-азаттық көтеріліске шығып, тоталитарлық жүйенің темір құрсауын сетінеткен қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымыздан өшпек емес. Бұл сөз жоқ, тәуелсіздікке қарай батыл қадам бастап берген оқиға болды.

Ел тәуелсіздігін нығайтып, баянды етуде прокуратура органдарының да қосып отырған үлесі ересен. Осы тұста сәл шегініс жасап, өткенге көз жіберсек, жалпы Қазақстан аумағында прокуратура құрылымы 1922 жылдан қалыптасқан. Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан прокуратурасы, оның ішінде Атырау облысының прокуратурасы ұзақ та, қиын жолдан өтті. Әр заманның саясатына сай заңгерлер де еліне адал қызмет етті.

Белгілі мәліметтерге қарағанда, Қазақ КСР-інің алғашқы прокуроры жерлесіміз Шафхат Бекмұхамедов болған. Сондай-ақ, отызыншы жылдардың басында жерлесіміз Боран Айтмағанбетов те қазақ елі прокуратурасын басқарған. Осылайша, атыраулық заңгерлер еліміздің бас қадағалау органының өркен жаюына сүбелі үлестерін қосқан еді.

Қазақстанды жоғары дамыған мемлекеттер деңгейіне жеткізу үшін прокуратура қызметкерлері тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында да аянбай еңбек етті. Соның ішінде, прокурорлық қадағалаудың барлық бағыттары бойынша Атырау облыстық прокуратурасы да қызметін абыройлы атқарды және атқарып келеді.

Осы жылдар ішінде Қазақстан еңселі мемлекет болып қалыптасты. Еліміз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіретін дәрежеге жетті. Еліміздің осындай дәрежеге жетуіне прокуратура органдарының қосқан үлесі өлшеусіз зор. Мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің қалыптасуына, Ата Заңымыздың, өзге де заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының орындалуын қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықтың арыз-шағымдарын қарауда еңселі белестерден көрініп келе жатқан прокурорлардың иықтарына түсіп отырған жауапкершілік жүгі өте ауыр. Азаматтар құқықтарын жемқорлардың аяққа таптауына жол бермеу, заңдардың қолданылысын үзбей қадағалап отыру, бір сөзбен айтқанда, қоғамда қылмыскерлердің емес, заңның үстемдігін орнату біздің алдымызда тұрған ұлы мақсат болып табылады.

Бүгінде егемен Қазақ елінің көп ұлтты, тату-тәтті, ынтымақ сүйгіш халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі, ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге деген берік сенім, жарқын үміті бар деп толық айта аламыз.

 

Тәуелсіздік мерекесі

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

 

Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

 

2. Шығарма

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» ( Н.Назарбаев)

Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…

Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қаз 



Скачать