Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы


Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы

 

Сабақтың мақсаты:

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1.ХХ ғ. екінші жартысындағы батыс елдер тарихи ой дамуындағы жаңа тұжырымдамалары.

2.Тарих ғылымын зерттеудегі жаңа жолдар (тарихи антропология, гендерлік тарих, ділдер тарихы және басқалар)

3. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы батыс тарихи ғылымы дамуының негізгі тұжырымдамалары.

 

Қазіргі заманғы батыстық тарихнамадағы гендерлік зерттеулер.

Әйелдер тарихы  «әйел зерттеулері» деп аталатын пәнаралық ғылыми бағыттың бөлімі болып табылады. Ол батыста алпысыншы жылдардың аяғы жетпісінші жылдардың басында қалыптасқан. Алғашқы  « әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын  талқылауда  бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы « Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.

Алпысыншы жылдары Батыстағы жастардың солшыл қозғалысы аясында жаңа феминистік қозғалыс орын алды. Ол өз кезегінде тарихи ретроспективтікті қоса алғанда феминистік гуманитарлық зерттеулерге жаңа импульс берді. Алғашында бұл феминистік зерттеулер ғылыми қоғамда скептикалық және тарихшы – дәстүршілер ретінде қабылданды. Сонымен қатар бқл көзқарасты жыныстық өзгешелік тұрғысында еш танымдық мағына мойындамайтын әлеуметтік тарихққа методологиялық тұрғы ұстанатын көптеген жақтастары да қолдады  Бірақ бұл критицизм өз кезегінде тағы бір « еркектік шовинизм » көрінісі ретінде қабылданып « әйел тарихының» дамуына стимул жасап , радикалды феминистік көңіл күйді күшейтті. Осылай бола тұра аталған мәселе төңірегінде  «әйелдер тарихы » « әйелдік тарих» түсінігі арасында айырмашылық табылды. « Әйелдік зерттеу»- олардың соңғысында өмірлік тәжірибенің және әйелдік өмірлік тәжірибенің мағынасы айшықталып және зерттеушілік құрылымы тұрғысынан қорғалынды. Ол бойынша зерттеуші позициясы гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан , тарихта  нейтралды обьективті болмауы керек. Ол зерттелінетін  обьектіге тікелей араласу жолымен белгілі сезімдер мен қызығушылық таныту керек. Міне осындай іс- әрекет аясында таным нәтижесі мойындалды.

Л.П. Репинаның айтуынша батыстық университеттер программасында әйел мәселесіне арналған курс алғаш рет 1979-1980  оқу жылдары  Сан- Диего университетінде пайда болды. Ал 1970-1980 жылдары тарихи ғылым қауымындағы скептицизмге қарамастан АҚШ та да, Европада да әйелдік зерттеулердің академизациясы , институционализациясы жүрді. Нәтижесінде көптеген университеттерде әйелдік және гендерлік зерттеу орталықтары немесе тіпті факульттетер ашылды. Бұл құбылысқа деген көзқарас бүгінгі күнге дейін оның әйелдік дилетантық әрекет ретінде қабылдануы жойылған емес. Оның өзі бұл саладағы  қалыптасып келе жатқан зерттеуші қоғамға одан әрі ұйымшылдық сипат алуға жағдай жасады. Онда оқшаулану және касталылық көлеңке күні бүгіге дейін сақталуда.

Соңғы жиырма жылда әйелдер тарихын зерттеуде үлкен жұмыс жасалды. Өткен уақыттағы әйелдердің тарихи тағдырына, олардың жекелеген қоғамдарының әртүрлі уақыт межесіндегі тарихи тәжірибелеріне экономикалық, саяси, идеологиялық мәдениет аясында анализдеу жүргізілді.

Жалпы әйелдер тарихында әрқайсысы оның даму стадияларын және оның көпқырлы бейнесінің бір жағын көрсететін үш бағыттың бөлінуі айқындалды. Осы бағыттар арасындағы айырмашылықтар өзідерінің басты зерттеу мінддеттерін орындауда көрінеді. Барлығынан бұрын қалыптасқан бірінші бағыттың міндеті , танымдық әрекеті ресми  « ерлер» тарихнамасынан ұмыт қалған немесе мүлдем алынып тасталған «әйелдердің тарихи тіршілік ету  жағдайларын қалпына келтіру». Дәл осы  ерекше «әйелдік»тарихын жазу тұжырымдамасы жетпісінші жылдардың ортасына дейін әйелдердің зерттеу жұмыстарында басшылық орында болды. Ол ереже бойынша суреттеу жағына көбірек сүйенді және тарихи зерттеулерді жанр түрінде жасады. Шартты түрде her- story, ал оған қарама-қарсы ерлер тарихнамасы феминистер үшін his- story болды. Феминистерді  жақтаушылары ағылшынша «history» сөзінің мағынасында өзгертпекке құштар болды. Өйткені бұрынғы тарихи суреттеуде  ол ылғи ерлер тарихын білдірді. Бұл екі нұсқа бір-бірімен үйлесім таппады, сондықтан  « әйелдер тарихының» оқшаулануы жалғаса берді. 1970 жылдардың екінші жартысында бірінші орынға шыққан екінші бағыт өкілдері өздерінің алдындағы басты мақсат ретінде класстық қоғамдағы патриархалдық құрылымда ерлердің басшылық орынға шығуы және әйелдердің бағыныштылық қатынастарының қалыптасуын зерттеу еді. Олар « әйелдер тарихын » қоғам тарихымен байланыстырмақ болды, жанжалдасушы жақтардың мүдделерін және әйелдердің әртүрлі әлеуметтік категориялардағы альтернативті өмірлік тәжірибесін көрсетпек болды. Бұл жерде оларда специфистік феминистік неомарксизм қалыптасты. Әлеуметтік класстық анализді олар жыныстық айырмашылық факторымен толықтырды және тарихи тұлға статусын индивидуалды, жыныстық, жанұялық — топтық комбинация статусы мен класстық түрде айқындады. Бұндай интерпритацияда өндіріс тәсілі мен меншік қатынасы жыныстар арсындағы теңсіздіктердің базалық  детерминанты болып қала берді.

1970-80 жылдар тоғысында феминистік теорияда пәнаралық көқарасқа бейімделу сақтала берді.

Әйелдік зерттеулердің  жаңа дәуірі 1986 жылы американ зерттеушісі Джоан Скоттың  « Гендер- полезная категория исторического анализа » мақаласы жарыққа шыққан соң басталды. Осы уақыттан бастап «гендер», «пол-род», ұғымдары бұл мәселелерді зерттеуде маңызды категорияға айналды. Бұл көзқарас аясында «гендер» концептісі жыныстар арасындағы теңсіздіктің әлеуметтік сипатын жоюға бағытталды.  Мұнда гендерлік статус, гендерлік иерархия, гендерлік- дифференцияланған  тіршілік моделдері біржақты табиғатпен детерминацияланбайды және кәдімгі сексуалды – репродуктивті айырмашылықтар әр қауымдастық пен мәдениет өзінің ерекшеліктерін көрсететін негіз болып табылады.  Гендерлік стаус қоғамда қалыптасқан қатынастар жүйесінің барлығына қатынасады. Оған тек жаңа дүниеге келген адам және оның барлық гендерлік әлеуметтенуі ғана емес , сонымен қатар қоғамдық адамның мәдени – тарихи даму продуктін көрсетеді. Гендерлік моделдер қоғаммен конструкцияланады.  Сонымен қатар гендерлік қатыстылық барлық әлеуметтік институттардың құрылымына қатынасады және гендерлік түсініктің  индивид деңгейінде іске асуы  қалыптасқан биліктік пен бағыну қатынастар жүйесін қолдайды. Сонымен бірге еңбектің гендерлік белгісі бойынша бөлінуіне қолдау жасайды.  Бұл тұрғыдан гендерлік статус рассалық, этникалық және класстық қарастылықпен қатар әлеуметтік иерархияның және билікті бөлу жүйесінің конститациялық  элементтерінің бірі болып табылады. Әйелдік зерттеулерде көзқарастың  табиғи сиппаттан әлеуметтік қатынасқа ауысуы гендерлік мәселелерді  әлеуметтік тұрғыдан құралған басқару мен бағыну қатынастары комплексіне қосылуыға жол ашады. Нәтижесінде тарихқа екі жыныстың өкілдері де қайта оралады. Осылайша талқыланған гендерлік көзқарас әлеуметтік тарихшылар қатарынан да, мәдениет тарихшылары қатарынан да өз жақтастары тез таба бастады. Осылайша әйелдер тарихынан үшінші бағыт, гендерлік зерттеу пайда болды. Ол алғашқы зерттеу парадигмасын жаңартты . Ендігі кезекте гендерлік тарихшылардың зерттеу пәні әйелдер тарихы емес,  әлеуметтік құрылымның және өзінің гендерлік қатыстылығын мәдени- тарихи контексте мойындайтын индивидтер арасындағы қатынасты структуризациялайтын әйел мен ер адамның арасындағы қатынасты зерттейді. Жыныстар арасындағы қатынасты психоаналитикалық интерпритациялауға қарағанда , «гендер» ұғымын осылай талқылау одан әрі тереңдей түсті . Психоаналитиктерге қарағанда гендерлік тарихшылар айырмашылықтар мен жыныстар иерархиясындағы комплексті социомәдениеттік детерминацияға көбірек назар аударады және олардың өнімділігі мен функциясына  макротарихи контексте анализ жасайды. Әлеуметтік-тарихи даму түсінігіне енді гендерлік қатынас  динамикасы қосылды. Тарихи зерттеулерге жаңа мәселе алаңдары- класс пен жыныс арасындағы , әлеуметтік және гендерлік иерархия , әлеуметтік және гендерлік мифология , әлеуметтік және гендерлік тарих арақатынастары мәселесі пайда болды. Осыдан бастап әйелдің бағынышты жағдайын негіздеген  әйел табиғаты туралы талас туғызған  жыныстың тарихи еместік мәселесі,  өзгермейтін «әйелдік бастама »туралы түсінік алынып тасталды. «Гендер» терминінің тағы бір маңызды атрибуты  «ер» және «әйел» түсініктерінің қатыстылығы мен айшықтылығының демонстрациясы. Осыдан оларға ,тарихи зерттеуді қоса алғанда, оқшау анализ жасау мүмкін еместігі анық болды. Жәнедағы  «гендер»  терминінің феминизммен арақатынасының бөлектігі түсінікті бола бастады. Ол бұрынғыға қарағанда ғылыми- академиялық мойындаушылықтың одан да негізді болуына жол ашты.

Джон Скоттың мақаласында екі жағдай арасындағы байланыс ерекшеленіп көрсетілді. Біріншісі- гендер жыныстар арасындағы қабылданған айырмашылықтарға негізделген әлеуметтік қатынастардың құрамды элементі. Екіншісі гендер биліктік қатынастардың алғашқы белгілеу тәсілі болып табылады.  Осы тұжырымдамға сәйкес гендер көлемді мазмұнға ие және онда бір-бірімен тығыз байланысты әрі араласпайтын төрт подсистема үйлеседі. Олар осы концептіні оның пәндік алаңындағы процестердің анализіне қалай қолдануға болатынны көрсетеді. Бұл т 



Скачать