Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры
Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім. Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары. 3. Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Шіркін қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кене сынды хандарымыз қасыз қаны қалғанша оларға қарсы тұрды. Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды. Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.
Жер пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформасының зардаптары.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру арқылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды». Мемлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға қатысты бұрынғы қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артықшылықты және шаруашылық жағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін етекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Жан басына шаққандағы үлес едәуір – суармалы жердің үш десятинасына дейіг шектелді, оның есесіне мал өрісі мен жайылымдық жерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 жыл бойы салық жеңілдіктерімен камтамасыз етілді және әскери кызметтен босатылды. Көші-кон еркіндігін күшейту үшин 1904жылы 6 шілдедегі «Село тұрғындары мен егінші мещандарды өз еркімен коныс аударту туралы уакытша ережелердін» зор маңызы болды,оның заң күші бар еді.Жаңа ережелерге сәйкес шаруалардың бұрынғы қоныстанған орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді,ол 1889 жылы Ережеде бекітілген болатын. 1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола облысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында – 61,5%-ы, Торғай облысында – 88,6%-ы болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге болмайды. Жекелеген зерттеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жатқан заңдар мен өкімдерге қарамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыларға жеткілікті дәрежеде ықпал ете алмады, сөйтіп өз бетімен қоныс аударушылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді. «Үкімет қоныс аудару ісіне басшылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол оқиғаларды тіркеп отыр»,- деп Қазақстанды шаруалар арқылы отарлауға заңдық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының әрекеттері туралы ашық айтылды. Қазақстанда ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоныстану учаскелерін кесіп беруге тиіс болтын. « Бос жерлер» дейтіндерді далалық облыстарды зерттеу жөніндегі экспидиция, басқаша айтқанда Ф.А.Щербинаның экспидициясы анықтауы керек еді. Экспидицияның жұмысы ол жұмыс істеген жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтардың жер пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасады. Ф.А.Щербина экспидициясының деректері бойынша қазақ шаруашылықтары үшін аймаққа және басқа жағдайларға қарай жер пайдалынудың ең төмен нормасы 110-209 десятина, ал ең көбі 187-510 десятина болса, 190-1908 жылдардағы қайта ұйымдастырылған экспидициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 119-219 десятина болды. Сөйтіп 36-40%-дан 36-57%дйін төмендетілді. Бірнеше жыл бойы Қазақстанның бүкіл аумағы бес қоныс аудару округіне Ақмола, Семей, Торғай-Орал, Жетісу, Сырдария округтеріне бөлінді. Ауданды меңгеруші басқарды, ол ішінара генерал-губернатор арқылы жергілікті әкімшілікке, ал көп дәрежеде егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігінің жерге орналастыру және егіншілік басқармасына бағынды. Аудан меңгерушісінің өз қарамағында әр түрлі саладағы қызметкерлер штаты, сондай-ақ кіші аудандардағы жергілікті жерлерде шенеуліктері болды. Жан-жақты қарастырылған шешім сияқты болып көрінгеніне қарамастан қазақтардан жерді алып қою көпшілік жағдайларда ең дөрекі және заңсыз түрде жүргізілді. Жетісудың байырғы тұрғындарынан бұрын алып қоюға тыйым салынған қыстаулар мен егістіктерін иеліктен айыру қажеттігін негіздеуге тырысып, Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велецкий бұлар қазақтарға уақытша және шартты түрде пайдалануға ғана берілген мемлекеттік жерлер, егер «қоныстандыру учаскесін» жасау қажет болған жағдайда, «олардың (ауылдардың.-ред.) бір бөлігін көшіріп, учаскеүшін орынд босату және қазақтардың басқа жерлердегі қыстауларын тығызырақ орналастыру қажет» деп дәлелдеп бақты. Нақ осы принциптерді негізге алып, генерал-губернатор Кондратович 1907 жылы жерге орналастыру партияларына Жетісуда «учаскелерді жобалаудың заңды тәртібінен уақытша кейбір мүмкін шегіністер жасауға» тікелей нұсқау берді. Нақ сол қазақ ауылдары көшірілген жерлер, сенатор К.К.Паленнің Түркістан өлкесі бойынша тексерісінің куәландыруына қарағанда, тау-тасты, суландыруға жарамайтын қу дала болған. «Қазақтардың қолайлы жеріннің белгілі бір мөлшерін,-деп жазды «Киргизская степная газета»,-көптен бері-ақ селолар алып қойған және осыған қарамастан қалған жердің ең жақсы учаскелері Ресейден келген қоныстанушылардың пайдасына көше бастады. Бейшара қазақтар жер алаптарының шектеулі болуы салдарынан таяу болашақта азды-көпті көшуін еріксіз тоқтатады». Осы газеттің басқа бір нөмірінде «көшпелілер әл-ауқатының жыл сайын және үнемі құлдырап бара жатқаны байқалады» және «бұл құбылыстың себебі, сірә, жер алаптарының жеткіліксіздігінде жатса керек: жаз бен күзде жайылған жайылымдарда малды қыста да жаюға тура келеді»,-деп жазды. Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту болатын. 1906-1911 жылдарда Министерлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі болған П.А.Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл – Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуінежәне жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық, ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өңделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бойыеша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін 1906 жылыбасталды. 190 жылғы 1 қаңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінің күші жойылды,оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Қазақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметт Скачать |