Сібір жұртындағы қыпшақтар
Сібір жұртындағы қыпшақтарСібір жұртындағы қыпшақтар («Отан тарихы» журналынан - 2005/1)
Шамшиденова Ф.М
Б.э.д. І мыңжылдықта ғұндардыңкүштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдіңорман дадалары тайпаларыныңбір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдыңаяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардыңбір бөлігі Батыс Сібірдіңоңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларыныңедәуір тобы өз мәдениетініңерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетініңэлементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардыңСолтүстік-Шығыс Қазақстанда, ПавлодардыңЕртіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдіңдаласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.]. "Сібір тарихы" атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірініңорманды алқаптарыныңоңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардыңқалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес "татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардыңкейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселеніңбір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік. Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетініңнегізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерініңішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы "кюйше" этнонимін "кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденіңсолтүстік жорығыныңкартасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатыныңжорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6. 272 б.]. МөденіңМонғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханныңЖетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуініңқиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдіңоңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады. Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтыңжүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетініңгенетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мыңжылдығында шығыс Еуропа далаларында кеңтараған ауыздық пен "сұрақ белгісіне" ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды "қыпшақтыкі" деп атаған. Қыпшақ мәдениетініңқалыптасуына көршілес Минусинск котловинасыныңташтык халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардыңбір бөлігініңбатысқа жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетініңмолаларынан табылған заттар дәлелдейді. ("Скифтік" кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) [7.]. Обьтыңжоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетініңсарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала Обь маңына келген деп топшылайды [4. 56 б.]. ІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдіңоңтүстік аудандарында сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов тапқан болатын. ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда кеңтараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған. Таштык мәдениетімен қыпшақтардыңтуыстық қатынастары олардыңевропеоидтығы да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы. Азиядағы европеоидтық нәсілдіңбірі солтүстік динлиндер Минусинск котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытыныңевропеоидтық халқы мекендегенін палеантропологтардыңмәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардыңкөршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек [4.57 б.]. Таштык мәдениетініңдәстүрі ұзақ өмір сүрді. Монғол дәуірініңмәдениетінде кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар және жібі мен белдіктіңқұрсаулары өрнектердіңкейбір түрлері және тұғырығы конусты кубиктіңтүрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр монғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем болды [8. 76 б.]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентініңболуы қыпшақ тайпалары арасында бұл дәстүрдіңұзақ сақталғанын көрсетеді. Селенгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде "түрік – қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі", – деп жазылған [9. 38 б.]. Бұл жазба ұйғыр ханы Боян – чордыңатына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ Екінші қағанаттың"демографиялық негізін" қалады [10. 268 б.]. К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттыңсаяси өмірінде үлкен роль атқарған қыпшақтардыңорхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс Монғолия мен Тувада тұрған ұйғырлар бағынған [11. 43–44 бб.]. Селенгі жазбаларын қайта зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы "қыпшақ" этнониміне күдікпен қарады [12. 108 б.]. Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардыңежелгі түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтыңпікіріне сай есептемегенде, онда еңалғашқы түркі тіліндегі шығарма "Құтадғу білік" (1069 ж.) шығармасы болып табылады. ІХ – Х ғғ. қыпшақтардыңқимақ мемлекетініңқұрамына енгені жөнінде жазба деректер көп. "Қыпшақ" этнонимі Ибн Хордадбектің(ІХ ғ.), авторы белгісіз "Худуд ал – Аламда" (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б. мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9 тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. "Худуд – ал – алам" бойынша қыпшақтар "қимақтарға қарағанда жабайы. Олардыңпатшаларын қимақтар тағайындайды" [13.]. Б.э. І мыңжылдығыныңбасында қыпшақтардыңмәдениеті Солтүстікке таман қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен саяхатшылары олардыңБатыс Сібірдіңоңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-ад-динніңайтуынша қыпшақтар Оғызханныңитбарақтарға қарсы жорығынан кейін пайда болды [14. 83 б.]. С.Ақынжановтыңайтуынша, қыпшақтардыңэтногенезі Батыс Сібірдіңорманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенініңорманды даласы деп пайымдаймыз. Солтүстігін "теңіз қоршап", "солтүстіктіңадам тұрғысыз кеңістігі" жайлап жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды. Б.Е. Көмековтыңайтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында "қимақтардыңоңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардыңЕртістен Батысқа жылжуы байқалады" [15. 56 б.]. Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларыныңқұрамына кіріп, печенегтермен қақтығысады. Сросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты анықтау қиын. Обьтыңжоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтыңпайымдауынша таулы Алтайдыңкөршілес аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэніңкіші ескерткіші белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді [16. 101–102 бб.]. М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерініңжақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетініңқұрылуымен сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кеңтараған. Осы жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін ығыстырған. Қыпшақ тайпаларыныңортасын сросткинск мәдениетініңенгенін Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова, т.б. қорғаны дәлелдейді [4. 61 б.]. Бүкіл территорияда сросткинск мәдениетініңтаралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтыңұштары, ұзын белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті ескерткіштерініңкеңтаралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал қимақ - қыпшақ бірлестігінде кеңтарады деуге негіз бар. Ерте таптық мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдіңаны Скачать |