Париж Коммунасы
Париж Коммунасы1. 1871 жылғы 18-наурыз революциясының себебі мен сипаты 2. Париж Коммунасына сайлау 3. Париж Коммунасының әлеуметтік шаралары 4. Коммуна және шаруалар 5. Коммунаның жеңілу себебі Ұлттық гвардияның басшылары жүмысшыларды Париж қаласына кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1-наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық тұрды. 3-наурыз күні үлттык жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждін халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждің қарулы халқын кдрусыздандыру үшін оларды көшеге турткілеп шығару керек болды. Ол үшін үлттык гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала түрғындарынан қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бүның бәрі Парижді шыдамынан шығару үшін істелді. Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рүқсат алды. 12 мын шасси винтовкасын адды. 18-наурыз күні сағат 3-те Тьер әскері Монмартр биігінде түрған үлттық гвардия қолындағы артиллерияны басып алғысы келді. Тьер әскері Монмартр биігіндегі зенбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версальға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлтгық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18-наурыз күні өкімет мүшелері Версальға қашып кеткеннен кейін өкіметті өз қолына алды. Бланкистер де, неоякобиншілер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Үлттық гвардияның Орталык Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бүлар халыктың білсендігімен Париждін тізгінін өз қолына адды. 1871 жылы 18-наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке карай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді. Осы кезде үлттык гвардия не істеуі керек еді? Біріншіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді. Екіншіден, үкіметті түткъіндау керек еді. Алайда бүлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ. Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын үстанды. Орталық Комитет мүшелерінің «мейрімділігінің» себебі азамат соғысы шығып кетеді деп кдуіптенді. Олар бүл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындык буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ыкпал жасау арқьшы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті — Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қарусыз демонстрациялар үйьшдастырды. 26-наурыз күні сайлау жүргізілді. Париж Коммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бүқара ғана дауыс берді. Коммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16-сәуІрде қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26-наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жүмысшылардан түрды. Партиялык жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде лрудонистер, неоякобиндшылаар тағы баскдлар болды. Неоякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Франдияны корғауды күн тәртібіне қойды. Революцияның барысында еңбекші бүқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блокқа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым көпшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында түрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жүмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатынын өз партиясы болмады. Сонымен 18-наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жүмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін колына алғаннан кейін өздеріне кджетті жүмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халык жасағын күрды. Ескі аппараттың чиновниктері жүмысқа шықпай қойды. Коммуна атқарушылық және орындаушылық билікті біріктірді. Париж Коммунасы 10 комиссия күрды. Олар финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бүл комиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды жүмыстан шығаратын болды. Коммуна жүмысшылардың еңбек ақысын маман жүмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік қүрылым ретінде көрінді: түрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтык аппаратты жойып жаңа аппарат қүруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жүмысшы жалақысына жақын етіп белгіленді. Заң шығару және атқару органдары Коммунаға біріктірідді. Коммуна советі қүрылғаннан кейін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубы тағы басқа клубтар қүрылды. Коммуна жүмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас және еңбек комиссиясы қүрылды. Оның басшысы Лео Франкелъ былай деді: «Егер біз жүмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не?» — деді. Он сағаттық жүмыс күні енгізілдІ. Түнгі жүмысқа тыйым садды. Осы шаралар Коммуна советінің жүмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. ШіркеудІ мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мүражай есіктері ашылды. Париж Коммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполеонға салынған жүз метрлік алып ескерткішті қүлатты. Париж Коммунасы кезінде баска елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жүмысшы-лардың киындықгарын бөлісті. Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларында 23-наурызда Марсель қаласында, Лион, Тулон кэлаларында революция болды. Бірақ олар үзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммунар жазушы Андре Малон шаруаларға арнап жазған «К сельскому труженику» деген үндеуінде былай жазды: «Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу — сенің де азат болуың». Скачать |