Осман империясы


Осман империясы

 

III Сәлемнің реформалары. XVIII  ғасырдың соңы мен XIX  ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас  тартушылардың  иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық  ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.

Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын  білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге  қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт  бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа  барлық реформаға тыйым салды.

Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен  Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң  IV   Мұстафаны тақтан түсіріп,  оның ағасы Махмұд  II  (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді.

Елде реформа қайтадан басталды . Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы  янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын .

Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана  жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.

       «Шығыс мәселесінің» тууы.  Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін  аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси  немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.

«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен   ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.

Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.

Ресей  керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының  қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта  өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында

«Шығыс мәселесі»  асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары  орыс-түрік соғысында  Осман империясының жеңілуі болып табыады.  Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым  Осман империясына тәуелсіз  деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің  үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.

II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның  Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.

1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп  болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.

1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін  қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты.  Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.

Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына  байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.

Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.

Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.  1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест  бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.

1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек  патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен , ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін  басу үшін  түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік  шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей  үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын  іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып  қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған  I Николай  Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық  дайындала бастады.

Ресейдің жеке-дара  күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық  жасауына қолайлы жағдай туғызып , 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.

II Махмұттың реформалары.  Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар  өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар  корпусы осылайша жойып жіберілді.

30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет  саласына  қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.

Тимар жо 



Скачать