Орта ғасырдағы Тараз қаласы, кейбір тарихи мәселелері
Орта ғасырдағы Тараз қаласы, кейбір тарихи мәселелеріОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ: КЕЙБІР ТАРИХИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.Осыған байланысты Тараз тарихының көпті толғандырып жүрген кейбір мәселелері туралы ойларын ортаға салу үшін бұл мерей тойға тек Қазақстан ғалымдары ғана емес, әлемнің талай түпкірінен бір қатар ғұламалар да ат басын тіреді. Осы орайда Тараз тарихы жайлы көптеген пікіплер айтылып, ұсыныстар жасалды. Тараз тарихын зерттеу барысында Мәскеулік «Краткий энциклопедический словарьда» Тараз қаласы біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырда салынды, ал «Қазақ совет энциклопедиясында» тарихи жазба деректер бойынша 568 жылы негізі қаланды деген екі пікір айтылғаны мәлім. Қазақ ССР Ғылым Академиясы 1973 жылы және 1982 жылдары сол 568 жылды қуаттаған сараптаманы екі қайтара бергенмен пікірталас негізінде біздің ең ежелгі осы мекеніміздің ерге тасы осыдан 2044 жыл бұрын көтерілді деген деректің ақиқаттығы дәлелденген еді. Бұл жөнінен қытайлық ежелгі «Цянь Ханьшу» жылнамасындағы деректер басшылыққа алынған болатын. Бұл мәселеге байланысты мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев араласқаннан кейін ғана көптеген ғұламалардың, қарапайым журналистердің зерттеулері тарихи шындық екендігі ресми мақұлданды. Осыған байланысты Тараздың негізін қалауша адамдар, Абылай ханның Әулиеатасы, Айша бибінің өмір сүрген жылдары, Атлах атауы, Төле бидің өмірден өткен жылдарын нақтылау сынды кейбір мәселелерді қарастыру жас ұрпақтың игі мақсаты деп білемін. Тараздың негізін қалаушы – Шажа. Тараз қаласының негізін қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары қалаған ғұн шаньюі, яғни билеушісі лақабы қытайшадан оқылғанда Чжи-чжи немесе чих-чих яки че-че деген сияқты болғандықтан біраз қазақ жазушылары, ғалымдары оны шөже деп аударып ұсынып жүр. Шындығында бұл билеушінің өз есімі мүлдем басқаша. Чжи-чжи – билеуші болғаннан кейін алған лақабы. Ал, түркі дәстүрінде мемлекет басшылары таққа отырғанда әдетте Күнби, Арыстан немесе Бура (Буғра), Шыңғыс деген сияқты лақаптар алғандығы белгілі. Ал, Шөже құстың балапаны ғана. Қытай сияқты алып империяны кезінде тітіреткен, тіпті алты мың километрлік Ерен қабырға – қорған салдыруға мәжбүр еткен ғұн империясының билеушісін сарыауыз балапан шөже атымен атау еш жөнге келмейді. Сондықтан да біз осы ұлы билеуші лақабын 1998 жылы Алматыдағы «Санат» баспасынан шыққан «Талас – Тараз» тарихи деректі романымызда Шажа деп атаған едік. Өйткені Шажа бүркіт пен қарақұстың будан болуынан шыққан қыран құс. Осы орайда халқымыздың «Қыран құстың буданы – Шажа, ақсүйектің буданы – Қожа» деген мәтелін еске алуға болады. Сондықтан да Тараз қаласының 2000 жылдық тарихи жолдары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Тараз қаласының негізін салған ғұн билеушісінің лақабын бұдан былай тек Шажа деп жазуға келіссек деген ұсыныс көптеген ғалым, жазушы ағаларымыз тарапынан кең қолдауға ие болып ұйғарылуды. Әулиеата тарихы. Әулиеата Абылай хан 1774 жылы Талас өзені жағасында тұрғызды деп Шоқан Уәлиханов жазған қала ма, әлде оны 1826 яки 1827 жылы қоқандықтар салды деп жүргендердікі дұрыс па? Бұл жөнінде Қазақстан ғылым Академиясының тарих және этнология институтының немесе еліміздегі университеттердің ешбер тарихшы ғалымы әзірше пікір білдірген жоқ. Тек Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің 2000 жылғы 12-14 қыркүйектегі сандарында тарихшы-мұрағатшы Уәлихан Әлімхановтың осы тақырыпқа қатысты деректерді тонын теріс айналдырып бұрмалаған, кешегі Кеңес Одағы кезінде жазықсыз жапа шеккен кемеңгер тарихшымыз Ермұхан Бекмахановтың «Казакстан в 20-40 годы ХІХ века» деген атақты монографиясының отаршылдықты әшкерлейтін негізгі идеясын жоққа шығарған шалағай мақаласы жарық көргені өкінішті. Осыған байланысты Тараз Мемлекеттік Университетінің бір топ тарихшы профессорлары әғни зерттеуші, журналис жазушы Б. Әбілдәұлы авторы ретінде осы фальсификацияны әшкерлеген қарсы мақала «Знамя труда» газетіне тапсырылды. Авторлар осы ұжымдық мақаласында тарихи деректер негізінде 1826-1827 жылы Қоқан хандығының әскерлері Талас алқабын үшінші рет жаулап алғаннан кейін ғана Абылай хан 1774 жылы тұрғызған кентті қоқандықтар 1807-1808 жылы қиратып, орнына 1826-1827 жылы ғана қорған – кент тұрғызғанын дәлелдеді. Е. Бекмаханов өзінің «Казакстан в 20-40 годов ХІХ века» деген монографиясының 158-159 беттерінде қоқандық отаршылардың Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу кезіндегі шектен шыққан зорлық-зомбылыққа толы қырғынын әшкерлеу үшін өзбек тарихшылары Молло Әлім Махмут қажының өзбекше жазылған «Түркістан тарихы» және Молло Ныяз Мухаммедбен Молло Ашур Мухаммед Қоқандидің «Тарих Шаһрохи» деген парсыша кітаптарынан араб әрпімен жазылған дәйек сөздерді келтірген еді. Ал, У. Әлімханов бұл дәйек сөздің алғашқасын мүлдем теріске шығарып, екінші автордың негізгі пікірін бұрмалап жеткізіп, газет оқырмандарын, ғалымдарды әбден адастырды. 1914 жылы Ташкенте жарық көрген кітабында Молла Әлім Махмуд қажы Әлім ханды өзбектердің өздері «Залым» деп атағанын жазған-ды. Мысалы, Молла Әлім Махмуд қажы қоқан ханы Әлімнің Әулиеата тұрғындарын қырып салып, мал-мүлкін талап алған жауыздығын әшкерлейді. Жауыздығы үшін 1809 жылы өз жақындары Әлім ханды өлтірген еді. Сол залым Әлім хан өз қазасынан бұрын яғни 1807-1808 жылы Әулиеатаны шектен асқан зұлымдықпен жаулап алғандығын қоқандық тарихшы Молла Ныяз Мұхаммед Қоқанда кітабының 75 бетінде: «... Жан-жаққа Түркістан шекарасына дейін әрі Әулиеата шекарсына дейін тонады. Құтырған қасқыр сияқты қыпшақ даласын жұтып алды. Сол кең байтақ даланы қазақтардың көзіне және басқаларға құмырсқаның көзінен де тарлау әрі көрден де қараңғы етті... Арыстандай жалаңдаған әскерлер және тонаушылар қазақ халқын азаптауды міндетіне алған қызметкерлердей сол далада... өлтіріп... қиратты» жазылған. Бұл дәйек сөзді орта мектебті және Тегаран университтет парсыша бітірген филиология ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекттік Университетінің ғылыми – зерттеу орталығының жетекшісі, маманы Ислам Жеменей аударды. Осы деректерге қарай отырып У. Әлімхановтың берген мәліметтері жалған деп айтуға негіз бар. У.Әлімханов ұлы тарихшымыз Е. Бекмахановтың сондай-ақ орыс тарихшысы М.П.Вяткиннің еңбектері, тіпті өзі сүйеніп отырған Молла Ныяз Мұхаммед бен-Молла Ашур Мұхаммед Қоқандидің «Тарих Шаһрохи» деген кітабы дәйекті деректерге негізделмеген деген жалған ұғым қалыптастырмақ болған. Қоқан тағына Әлім хан өлтірілгеннен кейін отырған інісі Омар ханға қарсы Әулиеатаның тұңғыш билеушісі Әділ сұлтанның қоқандықтар отаршылдығына қарсы азаттық соғысы, Абылай ханның осы ұлының 1815 жылы Ташкент түбінде кенеттен болған қазасынан кейін Қоқан ханы Омардың Әулиеатаны, оның төңірегін екінші рет жаулап алуы Ш. Уәлихановтың 1985 жылы орысша жарық көрген шығармалары жинағының екінші тобында, 79-80 беттерде жазған деректерінің шындық екендігін жоғарыда аттары аталған өзбек тарихшылары Молла Әлім Махмуд қажы мен Молла Ныяз Мұхаммед Қоқандидің, келтірілген деректері еш шүбәсіз дәлелдейді. Республика Ұлттық Ғылым Академиясының тарих және этнология институтындағы кәсіби тарихшы мамандар міне осы тарихи деректерді қайтадан сараптан өткізіп, жоңғарлар 1723 жылы қиратқан Тараз қаласының орнына 1774 жылы Абылай хан Әулиеата қаласын қайта көтерді деген тұжырыммен келіссе, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның, оның ең байырғы қаласы Тараздың тарихына қосылған сүбелі үлес болатындығы сөзсіз. Республикалық тарих және этнология институты осы қорытындыға тоқталса онда байырғы қаламыз Тараздың бір үлкен көшесін Әулиеатаны көтерген Абылай хан есімімен атаған өте орынды құбылыс болары хақ.. Айша бибінің өмірге келген өмірден өткен жылдарын анықтау мәселелері. Республикалық ғылыми, практикалық конференцияда қарахандар әулетінің тараздың соңғы билеушісі Арыстан Мұхаммед ханға ерге шыққан Айша бибінің ата тегінен бөлек туған өлген жылдарын тарихи деректер негізінде шамамен анықтау жұмысы атқарылып келеді. Мұнда Айша бибінің туған әкесі сопы ақын Сүлеймен Бақырғанидің 1186 жылы асырап алған өгей әкесі зеңгі бабаның 1258 жылы өлгеннің қапыда қаза тапқан ару қызға Аса өзенінің жағасында кесене тұрғызған Арыстан Мұхаммед ханның Қашқар қаласында 1210 немесе 1212 жылы өлтірілгенін есептей келіп, Айша шамамен 1185 жылы өмірге келді, 1205-06 жылға дейін мерт болды деп тұжырымдалуда. Ал ұлы Отан соғысының алдында Айша бибі кесенесін зерттеген акмдемик А. Н.Бернштам бұл мазар шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда салынған деген қорытындыға келген еді. Қазір осы тұжырым ғимарат алдында жазылып тұр. Гродиково ауылын Атлах атау туралы. Тараз тарихында бүкіл түркі ұлысының өміріне 751 жылғы шілде айында Талас өзенінің жағасындағы Атлах қаласы мекені маңында мұсылман арабтар мен қытайлар арасындағы қырғын соғыс тағдырлы бетбұрыс әкелгендігі белгілі. Сол жолы екі ұлы бетпе-бет келіп шайқасқанда, тағдыр таразысы теңселгенде түркі ата-бабаларымыздың арабтар жағына шығуы халқымыздың ислам дінін біржолата қабылдауына бастағанын, осы соғыста жеңілген қытайлықтар арасындағы тұтқын шеберлер арабтарға қағаз жасау технологиясын үйреткенін, әлемдік өркениеттің осы құралы сөйтіп бүкіл әлемге Талас өзені жағасынан тарағанын ескерсек, бұл соғыстағы жеңістің маңызын толығырақ түсінеміз. Тарихи әдебиетте бірде Талас соғысы немесе Атлах шайқасы деп аталған бұл қырғын облысымыздың Жамбыл ауданындағы Гродиково ауылымен Қырғызстанның Талас облысының Гродиковомен шекаралас кәзіргі кеден маңында болғ Скачать |