Он бес жасар ерлiк
Он бес жасар ерлiк1941 жылы 22 маусымда Фашистiк Германия соғыс жарияламастан жасалған келiсiмдi бұзып, КСРО аумағына басып кiрдi. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлiк Германия осы уақытқа дейiн Еуропаның Көптеген мемлекеттерiн басып алған болатын. Герман империясы шикiзат үшiн, азық-түлiк базасы ретiнде қуыршақ мемлекет құруды көздедi. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетiлдi. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерiнде Остланд, Украина, Мәскеу және Едiл-Орал, Түркiстан сияқты рейх комиссариаттарын құруды көздедi. Жоспарда көрсетiлген «Үлкен Түркiстан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Орта Азия, Башқұртстан, Әзiрбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан кiргiзiлдi. Фашистер кеңес адамдарын қырып-жою жолдарына осылай түстi. Ал кеңес адамдарының патриоттық сезiмi, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра бiлдi. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз ерiктерiмен жазыла бастады. Соғыстың салдарынан қаншама адам тағдыр тауқыметiн тартты. Соның бiрi – Халық Торғайұлы. Ол кiсi 1932 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылында дүниеге келген. Әкесiнен ерте қалған Халық өмiрдiң қиыншылығын ерте тартты. Өмiрi Ұлы Отан соғысымен тағдырлас келдi. Әкесi соғысқа аттанғанда ол небәрi 9 жаста едi. Балалық шағы анасына көмек берумен өттi. 1940 жылы Талас ауылындағы Ворошилов атындағы бастауыш мектептiң табалдырығын аттайды. Оқу бiтiргеннен кейiн 1949 жылы Абай атындағы мұғалiмдер институтының физика-математика факультетiне түсiп, 1951 жылы қызыл дипломмен аяқтайды. Халық атаның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келгендiктен, 15 жасында «Еңбектегi ерлiгi» үшiн медалiмен марапатталады. Атайды жеңiс күнiнде бүкiл ауыл құттықтап, ерекше ықылас көрсетедi. 2006 жылы Райымбек ауданының «Құрметтi азаматы» белгiсiмен марапатталды. Қазiргi таңда ұл-қыздарының сүйiктi әкесi, немерелерiнiң қадiрлi атасы.
Ләйлә әлиасқарова, Ш.Уәлиханов атындағы мектептiң оқушысы. Талас ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы Скачать |