КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ


КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ

 

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметі Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың құрған ұлттық мемлекеттік бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. 1917 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында қазақ қоғамында түрлі саяси партиялар мен ағымдар пайда болды. 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында өткен бүкілқазақ сиезінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар жетекшілік еткен «Алаш» партиясы ұйымдастырылды. «Алаш» партиясы ең басты мақсат ретінде Ресей Федерациясы құрамында Қазақ автономиясын құру идеясын ұсынды. Бұл партияға қарсы Көлбай Төгісов бастаған «Үш жүз» партиясы социалистік идеяны қолдады. 1917 жылдың жазында Қазақстанға бірінші дүниежүзілік соғыстың майдан шептерінен оралған көптеген тыл жұмысшылары мен солдаттар большевиктік бағытты қолдады. Осылайша қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа жіктелді. Осы екіжақты көзқарасты тиімді пайдаланған большевиктер 1917 жылы 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – «Алашорданы» тарих сахнасынан күштеп кетірді. Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін қарулы күшпен талқандады. Большевиктер халық ішінде, жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1918 жылы кеңестік билік бұрынғы Ресей империясының құрамында болған көптеген аймақтарға орнады. 1920 жылы 12 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы 1924 жылы 27 қазанда таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Алайда Кеңес өкіметі одақтас республикаларға дербес билік жүргізуге мүмкіндік бермеді.

 


Скачать