Кариб дағдарысы
Кариб дағдарысы1959 жылы 1 қаңтарда Кубада революция жеңіске жетті. Оның басында 32 жасар партизандық көсем Фидель Кастро тұрды. Жаңа өкімет американдық ықпалға қарсы күрес бастады. Кеңес Одағы Куба революциясын қолдады. Бірақ Гавана өкіметі АҚШ-тың қарулы басып кіруінен қорықты. 1962 жылы Никита Хрущев аралда кеңес ядролық ракеталарын орнатуға ұсыныс жасайды. Куба келісімін беріп, 1962 жылы жазда аралға 42 ядролық ракеталар жіберіледі. Ракеталардың жеткізілуі құпиялы түрде болса да, кыркүйек айында АҚШ ол туралы біліп қояды. 4 кыркүйекте президент Джон Кеннеди АҚШ-тан 150 шақырым жерде кеңес ядролық ракеталарын көргісі келмейтіндігін мәлімдейді. Жауап ретінде Хрущев Кубада ешқандай ядролық қару жоқ деп сендіреді. 14 қазанда американдық ұшқыш-барлаушысы әуеден ракеталардың аумағын түсіріп алады. 22 қазанда президент Кеннеди өз халқына радио және теледидар арқылы үндеу салады. Ол Кубада кеңес ракеталарының аңғарылғанын айтып, КСРО-дан оның әкетун талап етті. 24 қазанда КСРО-ның өтінішімен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналады. Кеңес Одағы Кубадағы ракеталардың бар екенін мойындамайды. 23 қазаннан Москва және Вашингтон арасында ресми хат алмасу басталады. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге достастық келісімін жібереді. Ол Кубада Кеңес қаруының бар екенін мойындайды. Хрущев Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамауға мәжбүр етеді. Сонда ғана Кеңес Одағы аралдан қаруын әкетеміз деді. АҚШ келісімін береді. Сонымен бейбітшілікке алғашқы қадам жасалынады. Бірақ 27 қазанда Куба дағдарысының «Қара сенбісі» басталды, мұнда әлем соғысының басталуы тым ықтимал болды. Осы күндері Куба үстінен күніне екі рет АҚШ ұшақтарының эскадрильясы өтетін. 27 қазанда Кеңес әскерлері Кубада осындай АҚШ-тың ұшқыш-барлаулаушысын ракетамен соғып жібереді. Ұшақтың пилоты Андерсон қаза тапты. АҚШ президенті Кеңес ракета базасын атқылауға және аралда әскери атака бастауға шешім қабылдайды. Бірақ 28 қазанда, жексенбі күні Кеңес басшылары Америка шарттарын қабылдайды. Кубадан ракеталарды әкету Куба басшыларынсыз шешіледі. Халықаралық шиеленіс 28 қазаннан кейін түсе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын және бомбардировщиктерін әкетеді. 20 қарашада аралдан теңіз блокадасын шешеді. Кубалық немесе Кариб дағдарысы бейбіт шешіледі. Скачать |