ЕЛТАҢБА
ЕЛТАҢБАҚазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы. Мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары – Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңбамыздың негізі – шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың отбасының бейнесі. Тұлпар дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани-байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Скачать |