Дарвин Чарльз Роберт
Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым . Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді. Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған . 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты . Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді . Экспедиция Чили , Галапагос , Таити аралдарынан , Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті . Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды . Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді . Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты. Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген . Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды . Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады . Түрлердің өзара бәсекелестік , күреске шыдамды , бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады . 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді . Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті . Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты . Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын « Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы » жарыққа шығарады . Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар : «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871ж) мен « Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары » (1872ж) . Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығутегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады . Дарвиннің теориясында « адам маймылдан шықты»деп тұжырымдады . Скачать |