Деректану әдісі


Деректану әдісі

 

Глоссарий  (сөздік, анықтама): тарихи дерек, деректанудың теориялық-методологиялық және нақты-қолданбалық  мәселелер

Дәріс мақсаты:  ғылымның дамуының тарихымен танысу, деректанудың мәселелерін аңықтау, деректанулық талдау құрылымының мазмұның игеру.

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Деректану мәселері мен әдіснамасы
  2. Деректанудың қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері
  3. Деректанулық талдау әдістемесі мен принциптері

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы): Деректанудың мiндеттерi аса кең де жан-жақты. Ол негiзгi eкi аспектiде қаралады. Олар: «дерек және шындык», «дерек және тарихшы».

Бiр жағынан, деректiң пайда болуының және деректер қорының даму тарихын қоғам дамуымен тығыз байланысты заңды процесс ретiнде талдау. Екiншi жағынан, деректердегi салынған қоғам өмiрiнде болған барлык оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы ақпараттарды ала бiлу, оның сенiмдiлiгiн, ғылыми маңыздылығын анықтау, оны пайдалана бiлу.

Осыған 6айланысты қазiргi деректануда eкi проблемалар комплексi қаралады:

1) Теориялық-методологиялық  проблемалар:

- тарихи шындыктың дерекке eнyi және бейнеленуi;

- тарихи деректiң әлеуметтiк табиғаты, ондағы субъективтi­лiктiң ара қатынасы;

- тарихи деректердi сыныптау;

- деректердiң ғылыми құндылырын анықтау принциптерi мен тәсiлдерi және т.б.

2) Нақты-қолданбалық  проблемалар:

- деректердiң нақты түрлерi мен типтерiне шолу жасау және сынау;

- нақты ескерткiштерге деректанулық талдау жасау;

- деректерден алынған мәлiметтердi нақты тарихи мiндеттердi шешуге пайдалану тәсiлдердi және т.б.

3ерттеушiнiң деректермен жұмыс iстеуін негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

1) деректердi iздеу, табу (деректанулық эвристика). Жұмыстың бұл кезiнде проблеманы зерттеудiң ғылыми базасын жасауға мvмкiндiк бepeтін деректер ауқымы айқындалды, оларды түрлi жайдармен iздеу, табу, реттеп алу жұмыстары жүргiзiледi.

2) деректанулық талдау (сын). Ол тарихи деректанудың peтімен шешудi қажет eтетін пIроблемалар тiзбегi: сыртқы ерекшелiктерiн, тұпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерiн, авторын, пайда болу себептерiн айқындау немесе «пайда болуын сынау», сонымен катар деректегi акпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық маңызын айқындау (iшкi сын).

3) деректегі ақпаратты нақты зерттеулерге пайдалану тәсiлдерiн жасау (методика). Бұл тарихи зертгеудiң, бiр бөлiгi болып табылады, өйткенi әңгіме ғылыми-тарихи фактiлер жүйесiн жасауға кажеттi мәлiметтердi өндеу тәсiлi туралы болып отыр. Деректану ең тиiмдi тәсілдерді ұсынады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Қазiргi деректанудағы мәселелер
  2. Деректанудың пайда болуының алғы шарттары
  3. 3ерттеушiнiң деректермен жұмыс iстеу әдістемесі

Әдебиеттер: 1, 2, 8, 10, 11, 16, 28, 32, 34, 36, 42, 43.

 


Скачать