Берлин қабырғасының орнатылуы
Берлин қабырғасының орнатылуы1955 жылы Еуропаның Шығыс пен Батыс арасында бөлінуі рәсімделді. Бірақ қарсыласушылардың Еуропаны бөлудегі нақты шекарасы аяғына дейін болған жоқ. Мұнда ашық «терезе» болып – Берлин болды. Қала екі бөлікке бөлінді. Оның Шығыс бөлігі ГДР-дің астанасы болып саналды, ал Батысы ГФР-дың құрамында еді. 1961 жылы тамызда кеңес және Шығысгерман өкіметтері Берлиннің екі бөлігінің арасында шекара орнатуға шешім қабылдайды. Батыс мемлекеттері қаланың бөлінуіне наразылықтарын білдірді. Қазан айында қарсыласу өзінің шарықтау шегіне жетті. Бранденбург Қабырғасымен және Фридрихштрасста маңызды өткізу пунктінде американдық танкілер орналасты. Оларға қарсы кеңес қарулы машиналары шықты. Бір тәуліктен аса КСРО мен АҚШ танкілері бір-біріне қарсы тұрды. Кеңес одан кейін американдық танкілердің басқа көшелерге кеткен соң, шиеленіс біршама басылды. Бірақ Батыс елдері қаланың бөлінуін 10 жылдан кейін ғана мақұлдады. Оның бөлінуін 4 мемлекет (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) 1971 жылы рәсімдеп, келісімге қол қойды. Әлемде Берлин қабырғасының орнатылуын соғыстан кейін Еуропаның бөлінуінің аяқталу символы ретінде қабылдады. Скачать |