Берел қорымындағы зерттеулер
Берел қорымындағы зерттеулерКөшпелі ақсүйектредің жерленген обалары және олардан табылған ежелгі өнер туындыларының негізінде ,дүниежүзіне белгілі болған . Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарагай ауданында орналасқан . Қорым солтүстік –батыстан оңтүстік шығысқа қарай бағытталған ,әр түрлі көлемдегі төрт қорғандар тізбегінен және жеке жерлеу ғұрыптық кешендер топтарынан түзілген . Қазіргі күні ерте темір және түркілер дәуіріне жататын 70 обаның 15 зерттелді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Берел даласының ежелгі тұрғындары адамды бальзамдаудың әдістерін білгендіктері белгілі болды. Сонымен қатар жерлеу ескерткіштереінің бізге дейін жылқылар , киімнің қалдықтры , құралдар , әшекей бұйымдар , яғни кез келген жағдайда сақтала бермейтін органикалық заттар сақталып қалған . Органикалық заттардың сақталу қалпы молекулярлы генетикалық , палинологиялық зерттеулер жүргізуге қолайлы жағдай тудырды . Қорымда бірнеше ірі қорғандардың болуы және олардың тізбекте орналасуы , Берел даласының ежелде көшпелілердің этно саяси , мәдени орталықтарының бірі болғандығын көрсетеді. Оларды Геродоттың «алтын қорығын грифтер» , «аримаспы» , «аргиппейлер», «исседондар» деп атаған тайпаларымен ұштастыруға болады. Қазақ Алтайын зерттеуде обадағы жылқыларды лабороториялық жағдайда зерттеу үшін блокпен бүтіндей алу әдісі жаңадан қолданылды , сонымен қатар №10 обадан тоналмаған , салтанатты әбзелдеген он жылқы табылды . Берел қорымы көлемі 4000×1000 м жерді алып жатыр қорымда бүгінгі күні барлығы 70 жуық обалар мен ғұрыптық кешендер белгілі. Мерзімділік кестелеу бойынша ең ерте қорғандар ды б.з.б. V-IV ғғ. (2500-2300жж. Бұрын ), кейінгілерін б.з. VII-VIII ғғ. (1200-1300жж.бұрын)жатқызуға болады. Ескерткіш қазіргі администриялық бөлініс бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағайға ауданының Берел ауылынан оңтүстікке қарай 7км. Жерде орналасқан . Есеп беріліп отырған кезеңде 2004 жылы табылған заттарды ғылыми сараптау жұмыстары жүргізілді . сондай ақ №4, 4а, 71, 23 обалардың сызбалары және басқа зерттелген обалардың сурет материалдары өңделіп , 2004жылдың толық себебі дайындалды . Берел қорымындағы №4, 4а, 71, 23 обалардан табылған заттар сұрыпталып , скиф-сақ және түркілердің және түркілердің жерлеу ғұрпы бойынша жаңа мәліметтер бір жүйеге жинақталды. Қазақ Алтайы ескерткіштерінің құрылыстық ерекшеліктері айқындалды. Берел қорымындағы зерттеулерге байланысты мақалаға материалдар дайындалды. №4 обадан блокпен бүтіндей алынып , лабораторияға алып келінген жылқыларды тазарту жұмыстары іске асырылды. №4 , 71 обалар жер үсті , қабір іші құрылыстары , табылған заттары бойынша б.з.д. IV-IIІ ғғ. Мерзімделеді және Алтайдағы пазарық мәдениетіне жатады. Қазақ Алтайындағы ерте темір дәуірі ескерткіштері көршілес территориядағы ескерткіштерден құрылысы бойынша ерекшеленеді: қырынан қойылған бекіткіш тастар , қабір маңы шеңбері , қабір үстіндегі тас қаланды.Обаны тұрғызуда ежелгі көшпелілер жерленетін адамның әлеуметтік дәрежесіне мән берген , себебі әрбір қорғанның өзіне ғана тән ерекшеліктері бар . Жерлеу ғұрпы Алтайдың сақ тайпаларына тән : тастан бірнеше қабатты жер үсті құрылысын тұрғызу , қабірдің оңтүстігіне қойылған қиманың ішіндегі табытқа адамды басын шығысқа бағыттап жатқызу , жылқыларды солтүстік бөлігіне орналастыру , жылықылар мен қиманың үстіне бірнеше қабат қайыңнын қабығымен жабу. Бірақ жергілікті жерлеу ескерткіштерінің тас үйіндісінің пішіні сопақ , солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Тізбектегі кейбір қорғандарының бір-біріне жалғасып орналасуын жерленген адамдардың туыстық қатынастарымен түсіндіруге болады. Берел қорымы және Алтайдан басқа өңірлерде ерте темір дәуірінің жерлеу кешендерінің шығысына, түркілер жерлеу ескерткіштерін тіркестіріп қоятын болған. №10 обадағы археологиялық қазба жұмыстары аяқталды. Оның көлемдері : диаметрі 32 x 25м, биіктігі 2м. Бұл обаның жер беті құрылысы алғашқы зерттелген обаларға ұқсас; оның негізгі үлкен плиталардың , балықтың қабыршағы тәрізді бір біріне қойылған платформадан құралған. Тереңдігі 3,35 м болған қабір шұңқырының оңтүстік шығысқа қабырғасының бойында екі бөренелі қима орналасқан, оның солтүстік батыс қабырғасының арғы жағында жылқылар жерленген. Қиманың ұзын қабырғасы көлденең қабырғасына қарағанда биік. Қима бұрыштарын , ұзын қабырғаларының ұштарын жалпақ жалпақ жағынан ойып , көлденең қабырғаның ағаштарын ойықтарға кигізу әдісімен біріктірген . Оның ішінде бүтін бөренеден ойып , төрт бұрышына құлақшалар қалдырылған табыт қойылған , оның беті тақтайлармен жабылып , темір шегелермен бекітілген. Табыттың сыртқы , солтүстік батыс бұрышына қыш ыдыс , төртбұрышты , аяқтары ойылып жасалған ағаш орындық қойылған. Ағаш орындықтың үстіне қой етінің бір бөлігі және темір пышақ қойылған. Қиманың түбіне жалпақ плиталар көлдеңінен төселген. Табыт орнынан қозғалып кетпеуі үшін, оның әр түптері әр жерінен ұсақ тастармен бекітілген. Қабірдің солтүстік батысқа бөлігіне аяқтары ішіне қарай бүгіліп , іштерімен қойылған он жылқы жереленген. Солтүстік шығысқа бағытталып қойлған жылқылардың бастарында чеканмен ұрып тескен іздері сақталған. Жылқылардың барлығы жүгенделген , ерттелеген. Олар үш қатарға бөлініп қойылған : бірінші қатарда төрт жылқы жұбымен орналасқан , бастары көтеріліп тұруы үшін олардың астын плита тастармен тіреген. Бұл қатар бірінші қойылып , артынан үш үш жылқыдан тұратын екі қатар орналастырылған , соңғы екі қатардағы жылқылардың бастары алдыңғылардың жамбастарына қойылған. Бірінші қатардағы, қиманың солтүстік бұрышына қарай ойысып кеткен жылқының басына ағаштан жасалған тау текенің мүйізі қондырылған. Ерлердің беті аппликациялары жақсы сақталған. Аппликацияларда беті адамдікі , денесі тенбіл, мысық тұқымдас жыртқыш, басында тау текенің мүйізі орналасқан , қанаттары бар 8 сфинкс бейнеленген. Сфинкстердің алдыңғы жағы қызылға , артқы бөлігі көк түске боялған. Осы қатардағы екі жылқының ерлеріне қалқан ілінген. Соңғы қатардағы жылқылардың сулықтарының ұштары бүркіт грифон бейнесінде ойылып, жүгендері ағаштан жасалған қабанның тістеріне ұқсас салпыншақтармен әшекейленген. Екінші қатардағы жылқылардың әбзелдері ағаштан ойылған балық мүсіншілерімен және әр түрлі оюлармен безендірілген. Берел қорымының қорғандарынан табылған заттарына жүргізілген салыстырмалы, типологиялық анализ , осы ескерткіштерді мерзімдеуге және қай мәдениетке жататынын анықтауға болатынын көрсетті. Берел қорымынан ерте көшпенділер дәуірінің қорғандарынан табылған заттары қыш ыдыстар, жебенің ұштары, чекандармен , ат әбзел жабдықтарымен және т.б. көрсетілген. Қыш ыдыстар құмыралардан тұрады , өздерінің ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ішінде: созыңқы келген пропорциялы сопақша немесе домалақталған денесі бар құмыралар, мойыны ұзын кернейленген; созыңқы сопақшаланған немесе домалақталған денесімен ыдыстар , аса үлкен емес түзуленген немесе аздап конусталған аузымен ; биконусты денесімен , түзу және кең аузы бар құмыралар. Кейбір әшекейлер жапсырмалы бедермен сызықшалап , ойылып безендіріліп минералды бояумен боялған. Бірінші типтегі құмыралар. Кейбір әшекейлер жапсырмалы бедермен сызықшалап , ойылып безендіріліп минералды бояумен боялған. Бірінші типтегі құмыралар б.д.V-III ғғ-дағы жерлеу ескерткіштерге тән. Жоғарыда айтылған ыдыстар сұйық тағамдарды сақтауға арнайы жасалуы ықтимал, сондай ақ мойыны қысқа , ернеуі кең құмыраларда құрғақ заттарды сақтауы мүмкін.Әрине Бұл ыдыстарда мәйітке арналған тағамдар болған. Берел қорымынан табылған жебенің ұштары сүйектен,ұшқырлы жібек таяғы жағы ойылып жасалған,Орталық Азияның көптеген жерлерінде кездеседі. Осындай жебенің ұштарын ұзақ мерзімде б.з.д II ғ дейін қолданған. Скачать |