Барлаушылар
БарлаушыларҰлы Отан соғысында ерлік көрсеткен арғы аталарымды мақтан тұтып, рухтарына бас иіп, түп нағашы атам Букаев Бисенбайдың ерлігін паш етемін. Сұрапыл соғыс қанды майдан қызған шақ, Өкшелеп жауды біздің әскер қуған шақ. « Отан үшін от кешсең де күймейсің » Жақын деп жеңіс сеніммен белді буған шақ. Батыс майдан, Белоруссия орманы Кең даланы қараңғы түн торлады Сонғы айқас, алапат ұрыс алдында Айналаға тыныштық бірден орнады. Алаулар шақырады жырақтағы, Солдаттар тынығуда түнеп бәрі. Әрқайсының ойында туған елі « Жеңіс » деп соғады бойда жүрек қаны. Әр жауынгер демалуда қалауымен, Біреуі сүйген жарға жазады өлең. Болашақ артист жігіт қақ ортада Қосылып ән айтуда гитармен. « Төрттік » атпен танымал барлаушылар Бір-бірінің ойларын ыммен ұғар Немісше сайрайтұғын өз тіліндей, Хахол жігіт Паланчук Гриша да бар. Әуелетіп ән шырқар өзбек – Ислам, Снайпер жігіт ресейлік Зотов Иван. Ал Букаев Бисенбай ұшқыр ойлы Қазақтың бар болмысын бойға жиған. Блиндаждан солдат шықты хабарменен Төрттікті шақырады командир деп Басқалар, демалыңдар ертең ұрыс Тынығып, күш жисаңдар болар дұрыс. Төрт жігіт блиндажға келді кіріп, Бұйрықты қабыл алды құлақ түріп «Құп болады, командир!» деді олар Төртеуі бір дауыспен қатып тұрып. Қараңғыда ілгері жылжып келеді, Алдарында жау бекінісі біледі. Таңғы ұрыс.Жаудың қандай шамасы? Білу міндет. «Тіл» алып қайту керегі. Туған жер, атамекен тілегінде Қайрат пен күш жиналған білегінде Тұрса да белгісіздік алдарында Төртеудің қорқыныш жоқ жүрегінде Тоқтады «төрттік» байқады: мина құрылған Айналып өтті сара жол жатты ұзыннан Бір бүйірден тағы бір жол қосылды Немістердің тұрған жері осы бір маң Табиғатта түпсіз түнек бар аймақ Жағдайды білмек – ілгері жүрді абайлап, Әттең, әттең кете алмады ұзаққа Өздері келіп түскендей болды тұзаққа. Дүние диірмендей дөңгеленді, Тулақтай қусырылып жер көлемі. Қолға түскен төрт жігіт жігеріне Отанға деген махаббат дем береді. Қайдан, қашан, кім жіберді сендерді?- Деп бір құзғын жауап ала бастады. Зәбірледі, азаптады бірақ та Барлығы да ауыздарын ашпады. Соққыға жықты, бас көзге тепті аямай Жігіттердің жағдайлары қиын-ды Шикіл сары лейтенанты немістің «Қамаңдар шеткі сарайға» деп бұйырды. Тар қапаста бір терезе, бір есік Сыртқа екі фашист қойған. Сол күзет. Төрттік енді ақылдасты: «Қалайша Қолға түстік, қашу керек тезірек». Бисенбайдың қозғалтпайды бүйрегі, Ислам бейдің төрт-бес тісі күйреді «Қашу керек, кету керек бұл жерден» Бәрінің де ызаға толы жүрегі. Терезе тар есігі мықты қапастың Мүмкін емес бұзып шығу – қауіпті. Бисенбайға бір ой келді іске асса Алдайтын айла ақылменен тауыпты. Сонан соң айтты байыппенен: «Жігіттер, Тезірек тіспен ілгектеріңді үзіңдер». Жағасының астынан алып ине-жіп Тізді оған қырықтай ілгек бір-бірлеп. «Гриша сенің келді кезің қимылдар Алдап-сулап немістерді ұғындыр Дүниеқоңыз шіркіндер нанса сөзіңе Осы жерден құтыламыз шығынсыз» Немісшелеп сайрады сонда Гриша, Гетенің тілін сөйлеуге ол тым ұста. «Есікті ашып, ішке кіріп көріңдер, Алтын тауып алдық мына бұрыштан Қашпақ болып қаздық сарай бұрышын Тауып алдық алтынның бір уысын Жіберсеңдер бостандыққа біздерді, Баиисыңдар. Осы болар дұрысы. Сенбесеңдер терезеге келіңдер, Алтындарды көздеріңмен көріңдер. Ал, сенсеңдер ішке кіріп келісіп, Қазынаны екеуара бөліңдер». Екі неміс терезеге қарады, Бұрын-соңды көрмеген бұндай «көрімді». Қараңғыда гимнастерка ілгегі Жалт-жұлт етіп, алтын болып көрінді. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» Есікті ашып екі неміс ішке енді Бұларға да «іздегенге – сұраған» Шапшаңдықпен кірісіп кетті іске енді. Екі жігіт киімін киіп немістің Тұтқындардың қолын артқа байлады. Ауыздарын шұлықтармен тығындап, Бұл арадан кету жолын ойлады. Сыр білдірмей өтті ұзын көшеден Төрт тұтқынға мылтықтарын кезенген. Тоқтатқан күзет есітті айтқан жауапты: «Атуға алып барамыз» — деді кезеңмен. Тездетіп басып жолға түсті баяғы, Ал Иванның жүргізбейді аяғы Арқасына салып оны Бисенбай Алмастырды бүлкілі мен аяңын. Ислам бір кез белгі берді «Тоқта» деп, «Ат-арбалар келе жатқан жоқ па?» деп. Тың тыңдады… аздан кейін тұрды атып, Неміспенен кездескендей бетке кеп. Бұл не тұрыс? Немістің жолын бөгейік, Тастарды теріп, жол ортасына төгейік Ағаштардың бұтақтарын жинап ап, Үйіп қойып, не болғанын көрейік. Көп кешікпей ат жеккен арба көрінді Және дағы тамақтың иісі білінді. Таңқалды бәрі: «Міне нағыз Трофей» Артығымен ақтайтын болдық сенімді. Тоқтады обоз үйіндіні көрді де, Тездетіп жолды тазартуға кірісті. Аспазшы, конвой, ат айдаушы жиылып, Бітірмекші жылдамдатып бұл істі. Бисенбай айтты: Дәлдеп атқан оғыңды, Дөп тигізші анау ұзын фрицке Аянба Ваня өнеріңді бір көрсет Бұл төте жол апаратын жеңіске. Шүріппені басып қалды снайпер Қалай тұрып атқанын оның сынар кім? Гүрс етіп құлап, кетті неміс келмеске Сонгы оғы мүлт кетпеді Иванның Жігіттерді Бисенбай алға бастады Жекпе-жекке, айқасқа кірді қас-қағым. Қимылдап шапшаң, жиғызбай есін олардың Жетеуін де арқанмен байлап тастады. Командирдің бөлінді ойы сан-саққа «Таң атып қалды. Жігіттер неге кешікті?» Осы кезде табиғатты оятқан Талмаураған «Катюша» әнін есітті. Батыс майдан. Белоруссия орманы Барлаушылар келе жатыр олжалы 9 фашист, 4 ат-арба «Кухня»… Жігіттер біздің демалса енді болғаны. Жауынгерлер асыға күткен бұларды Алдарынан уралап бәрі шығады. Осы кезде арайлап таң да атыпты Күлімдеп күн, аямай төгіп шуақты. Барлаушылар барып келген селоға Жетті, міне, жауынгерлер атойлап. Аш немістер өз еркімен берілді Шыныменен жеңілгенін мойындап.
Немістің сегіз солдаты мен бір офицерін және неміс кухнясын қолға түсірген ерліктері үшін барлаушылар: Букаев Бисенбай – лақап аты «Орлан» Паланчук Григорий – «Профессор» Зотов Иван – «Меткач» Алимов Ислам – «Артист» екінші дәрежелі Даңқ орденіне ұсынылды.
Ерлігі бұл төрттіктің жан түлеткен Әр солдаттың аузында даңқы кеткен Жеңіске жету болып армандары Жай ғана еңбекткері халқына еткен. Қанша солдат соғысты алғы шепте, Жеңу үшін қайтпаған алған беттен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмас» Ерліктері аңыз болып бізге жеткен.
Ертазиева Ақмарал Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназия оқушысы Скачать |