АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам


АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам

 

Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады. 1942 жыл өтті, 1943 жыл бітті, 1943 жылы Қарашаның аяғында  Тегеран конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.

Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы «Оверлорд» операциясы 1944 жылға май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді. Тегеран конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу пробемасын талқылау осылайша аяқталды.

Ағылшындар мен американдар берген уәде созыла түсіп , «Оверлорд« операциясы майда емес, 1944 жылы 6 июньде басталды. Гитлершілдерді батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. «Оверлорд« туралы мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру,  бес- сегіз мыңға дейін танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.

 


Скачать