Ақ тiлеуi ананың


Ақ тiлеуi ананың

 

Соғыс менiң де әжемнiң қызғалдақтай құлпырған қыз ғұмы­рының тас-талқанын шы­ға­рыпты.  Әуелi сұм ажал ана­сының құшағынан айырса, он алтыға ендi толған кезiнде майданға аттанған ер-азамат­тардың орнын басып, ауыр жұмыстарға жегiледi. «Бәрi де жеңiс үшiн» деген ұранды жандарына желеу еткен олар таңның атысынан, күннiң баты­сына дейiн тынбай еңбектенген екен. Соқамен жер жыртып, орақпен егiн орады. Ауыр күндi еске алғанда әжем: «Аттың жылдамдығынан кешiгуге болмайды. Ат айналып, сенiң тұсыңа келгенше, бауды байлап, тiк тұрғызуың керек. Егер үл­гере алмасаң, ат басып кетедi», – деп есiне алады. Осылайша тер төгiп жүрсе де, еңбектерiне алатын ақылары тым мардым­сыз болған. Десе де, жалындаған жастық жiгер, болашаққа деген сенiм оларды мұқалта алмапты.

– Ақжайлау,

Айран қашан келедi-ау? – деп әндетiп, күнделiктi берiлетiн айран мен бiр жапырақ қар­маны қанағат тұтып, жеңiстi асыға күтiптi.

– Ауылға қарай жүгiрiп ке­лемiз, – дейдi әжем жеңiс тура­лы. – Бәрiмiз жалаңаяқ, көзi­мiзде жас, бойымызды қуа­ныш пен шаттық кернеп бара­ды. Ол бiр керемет, тiлмен ай­тып жеткiзе алмайтын бақыт­ты сәт едi.

Мiне, халқымыздың 65 жыл тыныш та бейбiт өмiр сүруiне менiң әжем Қантай Қалаубай­қызы да үлес қосты. Бүгiнде 85 жасқа толған әжем балалары мен немерелерiнiң ортасында отыр. Сүйiктi «Ұлан» газетiнiң оқыр­мандарына «Аспандарың ашық, замандарың тыныш бол­сын» деп батасын бердi.

 

Бақытгүл Мәулiтова,

Әбдiкерiм атындаѕы мектептiң 7-сынып оқушысы.

Шыңғыстай ауылы,

Қатонқарағай ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы

 


Скачать