Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді
Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді– Алдан Зейноллаұлы! Сізбен әңгіме Астананың ұлтқа берген тағылымы жайында өрбитіндіктен, ең әуелгі сауалды осы төңіректе қойсақ… Астананың мемлекет тарихындағы рөлі қандай деп ойлайсыз? – Жалпы, әлемде «астаналар тәлімі» деп аталатын зор философиялық ұғым бар. Бұл – тек түркі дүниесіне ғана емес, Азияға да, Еуропаға да – бүкіл адамзат баласына тән ортақ ұғым ретінде қалыптасқан құбылыс. Өйткені «Сенің астанаң географиялық жағынан қай жерге орналасады? Сол астана ұлтты, мемлекеттің тәуелсіздігін қалай қамтамасыз етеді? Астананы қалай салу керек, астанаға қандай мұрат, міндеттер жүктелуі керек?» деген мәселені сонау перғауындар дәуірінен бері қарай зерттеуге болады. Бәлкім, кәрі тарихты қаузайтындар одан да арыға үңгіп кете берер. Сонда әлемдік тәжірибені зерделеп қарасаңыз, астанаға өркениеттер дамуы барысында, негізінен, үш талап қойылып отырғанын анық байқайсыз. Бірінші талап – астана қарапайым болуы керек. Кезіндегі перғауындар қолымен салынған пирамиданы көптеген ғалым зерттеп жатыр. Солар тәпсірлеген қолжазбаларды тарқатып көрсек, астаналарға қойылатын талаптың алғашқысын содан табамыз. Яғни талаптың біріншісі астананың қарапайымдылығы болды. Бұл «астана бүкіл халыққа тән болуы шарт» дегенмен қабысады. Астананы халық жатсынбағаны ләзім. Өзінің орда-шаһарын қалың жамағат елінің алтын бесігі ретінде сезінуі, бас қаланы, ең алдымен, «халыққа қызмет ететін қала» деген ұғыммен қалыптастырғаны абзалырақ болды. Перғауындар дәуірінде астанаға осылайша алғашқы талап қойылып, соның аясында көне египеттіктердің пирамиданы тегіннен-тегін салмағанын білеміз. Пирамида, бір жағынан, халық талабының үдесінен туған құбылыс. Халықтың өз құдайына сыйынатын рухани талабын перғауындар ескерді. Сөйтіп, сол дін арқылы астана мен халықты жақындастыру үшін пирамидаларды салды. Осылайша египеттік астанадағы пирамидалар жұртты құдайға шығаратын заңғар жол ретінде саналды. Жергілікті халық осындай сеніммен пирамидаларды қасиет тұтып, ондай нысаны бар қалаларды киелі деп санады. Ал одан кейін, беріректе пайда болған екінші талап «астана халыққа қызмет етуі керек» деген ұғыммен үндеседі. Бұл – орта ғасырда пайда болған талап. Астана «халыққа қалай қызмет етеді?» Астанадағы бүкіл саясат, қабылданатын, жүзеге асатын іс-шаралар тұтастай халық үшін болуы тиіс. Ендеше, бас шаһардағы саясат қара халықтың мақсатымен, мүддесімен қабысуы шарт. Қазіргі тілмен айтсақ, астана – ұлттық идеяның ордасы болуы керек. Ұлттық идея дегеніміздің өзі – ұлт тәуелсіздігін сақтау, оны нығайту, халықты көркейту мен дамытудан тұрады. Қалың жұртшылықты бір бағытқа ұйытып, басын біріктіріп, астананы дамыту арқылы бұқараны, бүкіл елді дамытуды жүзеге асыру. «Халыққа қызмет ететін қала» дегеніміз – осы. Үшінші талап – кейіннен пайда болған еуропалық үрдіс. Еуропа елдерінде ілгеріде «Қалалар форумы» деген конференция дәстүрі болған еді. Бертінге дейін осы форум үш жыл сайын жиылып тұрды. Сондай мәжілістерде «Еуропаның астаналары қандай болуы керек?» деген сұрақ ортаға тасталып, соған Еуропа жұрты жұмыла жауап іздеуші еді. Ақыр аяғында сол форумның тоқайласқан соңғы ұйғарымы бойынша, ХХ-ХХІ ғасырлардың астаналары «халықтың өміріне аса жайлы болуы керек» деген ұғымды ұстандырады. «Жайлының» ауқымы кең. Үңілсек: мұнда жұртқа жұмыс ұдайы болуынан бастап, астаналықтардың үрейсіз, қамсыз, алаңсыз өмір сүруі қамтылады. Мәселен, қарапайым мысал, көшеде түннің жарымында келе жатқан астаналықтың ойында «біреу ұрып кетпесін» деген секілді үрей мүлдем болмауы шарт. Көше тәртібінен бастап, жүріс-тұрыс, мінез-құлықты қалыптастыруға назар аударылды. Астанаға сырттан келген қонақтар да солай алаңсыз әрі емін-еркін жүріп-тұруы қажет. Сосын астанада тұрмыстық қызметтің ең жоғары деңгейі қалыптасуы керек. Оның тұрғындары тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтан ешқандай кемдік көрмеуі керек. Әлемдік тәжірибе астаналарға қатысты осы үш мәселені алдымен тартатыны тарихтан белгілі. – Ендеше, осындай ежелден қалыптасқан бас қала туралы тәлімдерді есепке ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның астанасына қойылған талаптар қандай болды деп ойлайсыз? – Әрине, біздің астанаға қояр талабымыз да, оның орнын таңдауымыз да мүлдем басқаша, бірақ жүзеге асырудағы тарихи маңызы аса жоғары болды. Соншама жылдар бойы бодандықта болып келген Қазақ елі ХХ ғасырдың соңына таман егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіздік алды. Сол Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқының жаңа, дербес астанасы туралы мәселені Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Елбасының идеясы бойынша жаңа астана Тәуелсіздіктің тұғыры болуы керек еді. Бұл – ең бірінші талап. Ал Президент ойлаған екінші талап одан кем емес. Қазақ елі – ұзақ жылдар бойы бодандықтың салдарынан жасыған халық. Ұлтымыз бабадан жалғасып келген дәстүрінен ғана емес, рухани құдіреттілігінен қол үзіп бара жатқандай еді. Ендеше, тәуелсіз жұрттың еңсесін тіктеу, намысын қайрау, өз алдымызға ел болып, әлеммен тереземіздің тең екенін сыртқа ғана емес, ең алдымен, өзімізге де таныту керек болды. Яғни астана арқылы халықтың рухын жанып, баяғыдай өрлігін өсіру талап етілді. Өйткені өзінің мұқалған рухын қайта жани алмаған халықтың Тәуелсіздікке ие бола алмай қалуы да ғажап емес еді. Сондықтан да, Елбасының ойынша, жаңа астана халықтың ұлттық сенімін қайтарып беретін қала болуы шарт еді. Президенттің астананы таңдаудағы үшінші талабы – ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қатысты болды. Осы ұлттық қауіпсіздіктің өзі – бір-бірімен салалас-сабақтас болып табылатын үш талаптың ішіндегі ең маңыздысы. – Сонда ұлттық қауіпсіздігімізге қатер қай жақтан төнді? – Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жағдайды жұрт терең түсіне бермейді. Әсіресе осы орталық Қазақстандағы, солтүстіктегі Ресеймен шектес аудандардағы саяси шиеленістер туралы әлі де кем айтылып жүр. Сол кезде өңірде көптеген солшыл күштер пайда болды. Бұрыннан үстемдікпен жұртты билеп келген топ, бір жағынан, Одақтың ыдырауына қарсы болса, екінші жағынан, Қазақстанға һәм қазақ халқына жасап келген билігінен еш айырылғысы келмеді. Қазақтарға «Тәуелсіздік сендерге қол емес» дегенді алға тартып қалатындар да болды. Тәуелсіздік жарияланғанынан бөлек, оны ұстап тұрудың өзі де қыруар шараны талап етті. Сол кездері Қазақстанды Ресейдің уысынан шығарғысы келмеген Солженицынның сойылын соғатындар тың игерушілердің бас қаласы болып келген Целиноградта да, елдің солтүстік облыстарында да аз емес еді. Міне, дәл осы кезде астана рухы сол кездегідей оңтүстіктегі Алматыда қала беретін болса, солтүстік шытынап кетуі де мүмкін еді. Астана ауыспаса, елдің бүтіндігі туралы дау-дамай ешуақытта тоқтамайтын еді. Ол жайында Президенттің: «Мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыз мекен еткен қасиетті қазақ жерінің бір бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси саудаға салып, дархан даланы дау-дамайға айналдырғысы келетіндер бар кезде, солтүстіктегі шұрайлы өңірге көзінің сұғын қадайтындар бар кезде, біз мына жерде, әсем қала Алматыда тыныш отыра алмас едік» дегені бар емес пе? Шынымен-ақ сұқ көздердің сұғанақтығына қарсы Алматыдан бас қаланы ауыстыру арқылы қазақтың тәуелсіз рухы әкелінді. Елбасы айтпақшы, дархан далада дау-дамай қай кезде тоқтайды? Хрущевтің кезінде бес облысымыздың басы тыңды игеру идеясымен бірігіп кетті де, тың өлкесінің бас қаласы Целиноград болды. Ендеше, осы Целиноградты құлатып, оны Тәуелсіз Қазақ елінің астанасы ету ғана дау-дамайға тосқауыл болатын еді. – Дегенмен қазақтың ұлан-ғайыр даласында көптеген астананың бой көтергені анық қой. Бұлар жайында не айтасыз? – Шыңғыс ханға дейін де, одан кейін де қазақ даласы астанадан кенде болған емес. Дегенмен қазақ асылдарының қай-қайсысы да астаналық рухты ұлттық рухтың байрағы ете білген. Күлтегін үшін Өтүкен бүкіл түркі ұлысының темірқазығы болды. Қыпшақ билеушілері Сығанақты қасиет тұтты. Ақ орда хандары Сауранның қақпасынан енерде аттан түсіп, тізе бүккен деседі. Сарай Беркенің даңқы өткенін құрметтей білетіндердің жүрегін әлі күнге жылытады. Ал Әз Тәуке ордасын ел кіндігі деп Арқаға, Ақмоланың іргесіне, Есіл мен Нұраның қос арнасы бұрылып келіп тірелетін тұсқа тікті. Яғни бұл қалалардың барлығы өз дәуірінің алтын шаңырағы болды. Тарихты тереңірек қазып отыратын болсақ, бір әулеттің, бір хандар династиясының қайсысы үстемдікке ие болса, солар өз астанасын жасады. Аттарын шығару үшін қалаға көп мән берілді. Сондық& Скачать |