Антигитлерлік коалацияның құрылуы


Антигитлерлік коалацияның құрылуы

 

Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның  халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемінң. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды. «Сіздің Тегеран конференциясы үлкен табыспен өтті және біздің тікелей кездесулеріміздің көп жағынан аса зор  маңызы  болды дегеніңізге қосыламын,— деп жазды ол.— Біздің халықтарымыздың ортақ жауы — гитлершіл Германия мұны көп ұзамай сезінеді деп үміттенемін. Ендігі жерде біздің халықтарымыздың қазіргі уақытта да, соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақпен бірлесіп қимылдайтынына сенім бар».

Тегеран конференциясының нәтижелерін, соғыс қимылдары жағдайында болса да, қоғамдық системалары әр түрлі   мемлекеттердің ынтымақтастығы принципін практикада қолданудың нақты тәжірибесі деп бағалауға болады. Москва мұндай тәжірибені соғыстан кейінгі кезеңде де таратудың маңызды екенін үнемі атап көрсетумен болды. Сөйтіп, әңгіме келешек бейбітшілік жылдарында мүлдем жаңа сипаттағы, 1917 жылы Совет республикасы әйгілі Бітім туралы декретінде жариялаған әділетті, демократиялық бітімнің, негізделген халықаралық қатынастардың калыптасуы үшін жағдай жасау туралы болды.

Ол кездегі жағдай бұл идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген еді. Енді Тегеран кездесуінен кейін, батыс державаларының бұған дайын екенін ескере отырып, Совет Одағы мен антигитлерлік коалицияға қатысушы шет ел державалардың қатынастарына бейбіт қатар өмір сүру принципін негіз етуге айтарлықтай нақты мүмкіндік туды.

Осыған байланысты Құрама Штаттар президентінің 1943 жылғы 3 декабрьдің өзінде, яғни АҚШ президенті Иран астанасынан кеткеннен екі-ақ күннен кейін Каирден Сталинге жолдаған телеграммасындағы Тегеран кездесуіне берген бағасы назар аударарлық. «Мен біздің кездесуіміздің осынау айтулы күндерін аса зор қанағат сезімімен, адамзат прогресіндегі маңызды кезең ретінде бағалаймын».

Бұл тек жай ғана дипломатиялык сыпайылық емес-ті. Президенттің  жақын досы, «үлкен үштіктіңң кездесуінде американ делегациясынық құрамында болған Гарри Гопкинс өз жазбаларында Рузвельттің Тегераннан аттанып бара жатып, «соғыстан кейінгі бейбітшілікті сақтау ісінде Россиямен ынтымақтасу» мүмкіндігіне кәміл сенгенін растайды.

Ал Черчилльге келетін болсақ, ол тұтас алғанда Тегеран кездесуіне оң баға бергенімен, ол туралы пікірін іркіліңкіреп білдірді.

Сталинге жолдаған, Москваға  1944 жылғы 24 қаңтарында келген хатында британ премьері былай деп көрсетті: «Тегераннан өзіммен бірге алып келген, біздің жақсы қатынастарымыздың сезімі мені әжептәуір сергітіп тастады».

Черчилльдің тартыншақтауының өз себептері бар еді: Тегеранда талқыланған көптеген мәселелер жөнінде ол азшылықта қалды және қадам басқан сайын шегіне отырып, Совет Одағы мен Құрама Штаттар арасында қол жеткен бірсыпыра маңызды уағдаластықтарға амалсыз-дан қосылуға мәжбүр болды.

Тегеран конференциясы антигитлерлік коалицияның шырқау шегі деп әділ саналады. Ол Батыс Европада екінші майдан ашу сияқты маңызды мәселе бойынша келісілген шешім қабылдап, үш державаның бірлігін нығайтты. Ағылшын-американ әскерлерінің Нормандияға кіретін нақты мерзімін белгілеуге де қол жетті. Сондай-ақ соғыстан  кейінгі құрылыс пен бейбіт жағдайдағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері бойынша  да шешімдер қабылданды.

Тегеран конференциясынан Потсдам  конференциясына дейінгі кезеңнің — әскери, саяси дипломатиялық жағдайының сан қырлы жақтары мен  қиыншылықтарын түгел қамтуға тырысқан жоқ.

Алға неғұрлым шектеулі міндет: антифашистік каолицияға қатысушылар  арасындағы өзара қатынас үшін ерекше маңызы болған, соның ішінде автордың өзі куә болған жекелеген кезеңдер мен  оқиғаларды атап өту,  түптеп келгенде  соғыс кезіндегі  одақтың бұзылуына соқтырған елеулі  қайшылықтардың бірте-бірте қалай жиналғанын  көрсету міндеті қойылды.

 


Скачать