АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ


АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

 

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақтардың егіншілікке жарамды жерлерінің Ресейден келген қоныс аударушыларға берілуі, Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі осы кезеңнің нақты көрінісі еді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының осылай асқынуы қозғалыстың тарихи негізі болып табылады. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егішілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті.

1917 жылы Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды.

 


Скачать