Алаш партиясының саяси-құқықтық идеяларының тарихи маңызы
Алаш партиясының саяси-құқықтық идеяларының тарихи маңызы1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің ақпан революциясынан кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу,ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру,әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты. Әлихан Бөкейханов,Мұхамметжан Тынышбаев,Мұстафа Шоқайұлы қазақ халқының либералдық-демократиялық топтары ретінде В.Ленин «қос өкіметтілік» деп анықтаған саяси симбиоздың уақытша «тұтастығына» жат адамдар болған жоқ. Негізінен осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңісіне жетісімен қазақ интеллегенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылымдардың қызметіне ұсыну мәселелерін шешуге өз міндеттеріне алдын немесе қазіргі терминалогияны қолдансақ, олар басқару жүйесіндегі кадр мәселесін айқындауға ат салысты. Олардың ұсыныстары бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ахмет Бірімжанов,Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Білән Малдыбаев, Ахмет Кенесарин, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалар тағайындалды. Мұхамметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезеңде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесінің жұмысын жолға қойып оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданады. М.Тынышбаев 1917 жылғы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылысм процесін тездету мақсатымен Түркістан өлкесіндегі атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан өлкесі облыстары мен Бұхара хандығы атқару комиттетінің 171 делегаты қатысты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Губайдулла Ходжаев. Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенің демократияға өтуінің күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. Жаңа мемлекеттің билеу-басқару органдарының төменгі - ауыл мен болыс деңгейіндегі жүйесін құру ісі айтарлықтай тез қармен жүрді. Бұл жүйені құруда тағайындау мен сайлау принциптері қатар орын алды. Комиссары Әлихан Бөкейханов болған Торғай обылысында жергілікті өкімет органдарын құру сәуірдің екінші жартысында облыстық және уездік азаматтық комитеттер құрылысы аяқталысымен тез қарқынмен өрістеді. Мәселен, Ақтөбе уездінің Хобда болысының бес ауылында азматық комитеттер сәуірдің және мамырдың 28-29-нда ұйымдасты. Осымен қатар болыстық азаматтық комитеттерді сайлау жүргізілді. Олардың құрылуымен жергілікті атқару билігі жүйесін құру процесі аяқталды. Азаматтық комитеттердің ауылдағы атқару комитеттерінің құрамы демократиялық жолмен сайланған 3-5 мүшеден тұрды. Олар таратыған ауылнайлардың құқықтарына ие болды. Осыған ұқсас өкіметтік құрылымдар көшіп келуші шаруалар селоларында да ұйымдасты. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен, 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Оған құрылтай съезі деген дәреже - статус беру патшалық басқару жүйесінен демократиялық қоғамдық құрылысқа көшудің заңды құбылыс екеніндігін көрсету мақсатынан туған еді. Съезд аяқталғаннан кейін басқару әкімшілігінің ескі жүйесін жаңамен алмастыру жоспарлы сипатқа ие болды. Мамырдың 3-і күні облыстық басқарма Ақтөбе уезіне болыстық және поселкелік азаматтық комитеттер құру үшін басқарма төрағасының орынбасары И.П.Салохвалов пен оның мүшесі Ф.П.Казанцевтен тұратын комиссия жіберілді. Облыстық басқарма сол кезде орын алған қосөкіметтілікті ескере отырып және өз тарапынан азаматтық комитеттердің төменгі буындарын құруға қажетті кадрлардыі жетіспегендігінен осы шараларды жүзеге асыруға солдат депутаттары кеңестерінен және қалалық думалардан көмек сұрағандығын ерекшк атар едік. Ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қыдырғалиевті белгіледі. Егер де мемлекеттік құрылыс түрінің өзгеруін (монархиядан республикаға өтуді) қазақ қауымының барлық топтары қолдаған болса, жергілікті әкімшілікті (болыстар мен ауылнайларды) ауыстыру соңғылардың тарапынан белгілі дәрежеде қарсылыққа кездесті. Болыстар мен ауылнайлар (старшындар) билік пен байлыққа кенелтіп отырған қызметтерінен ерікті түрде айырылғылары келмеді. Көптеген бұрынғы болыстар ауылнайлар жаңадан сайланған ауылдық атқару комитеттеріне мөрлері мен іс қағаздарын өткізуден бас тартты. Бұған Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейхагов әкімшілік аппараты арнайы жарлықпен тиым салды, басқа сөзбен айтқанда Ә.Бөкейханов өзі басқарған өңірде уақытша үкіметтің шығарған заңдардың орындалуын бірінші кезекте талап етті. Жаңа республиканың мемлекеттік жергілікті органдардың қалыптастыру жөніндегі уақытша өкіметтің облыстық және уездік әкімшіліктердің осындай іс-әрекеттері халық бұқарасы тарапынан қолдау тауып отырды. Ауыл тұрғындары мемлекеттік құрылыс ісіне осылайша біртіндеп тартыла бастады. Ақпан төңкерісінен кейін басталған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси белсенділіктің келесі бір және жарқын көрінісі - 1917 жылдың көктем айларында қалыптаса бастаған облыстық және уездік дәрежедегі ұлттық немесе қазақ комитеттері жүйесі болды. Олар 1917 жылы негізінен сәуір-мамыр айларында өткен облыстық және уездік қазақ съездерінле құрылды. Атап айтқанда, мұндай съездер сәуір айында Орынборда (Торғай облыстық) , Оралда (Орал облыстық) , Семейде (Семей облыстық) , 27-сәуір – 7-мамыр аралығында Омбыда (Ақмола облыстық) т.б. қалаларда болды. Қатынасқан өкілдердің саны жағынан, талқыланған мәселелердің маңыздылығы тұрғысынан әртүрлі деңгейде өткен бұл съездерде жалпы алғанда ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда қалыптасқан өзгерістерге баға беруге және бүкіл халықтық талқылауға ұсынуға тиісті қоғамдық-саяси және әлеуметтік–мәдени мәселелердің ауқымын анықтауға деген талпыныс айқын көрінді. Мәселен,Оралда,Орынборда,Ақтөбеде,Ташкентте өткен қазақ съездерінде аграрлық және ұлттық мәселелерге баса назар аударылса, А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев және М.Дулатовтың басшылығымен Омбыда өткен қазақ ұйымдарының облыстық съезінде оқу-ағарту, қаражат,дін,әйелдер теңдігі мен земство қызметі жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды. Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов жетекшілік еткен Семей облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді. Осы съездер туралы кеңірек мағлұмат алу үшін Торғай облыстық қазақтары өкілдерінің Орынбор қаласында 1917 жылы сәуірдің 2-8-і аралығында өткен съезінің жүмысына толығырақ тоқтауды жөн көрдік. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, бұл съезді дайындап, оны басқаруға сол жылғы шілдеде құрылған «Алаш» партиясының жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты; съездің жұмысы А.Байтұрсынов, Сейітәзім Қадырбаев, Уалихан Танашев, Омар Алмасов сияқты Алашорда қозғалысының белсенді қайраткерлерінің ықпалымен өтті және онда келешектегі «Алаш» партиясының кейбір бағдарламалық тұжырымдары оған қатынасушылардың талқысына түсті. Екіншіден, бұл съезд қабылдаған қарарлардың бір ғана Торғай облысына қатысы болмады, олар бүкіл қазақстандық мәнге ие болды. Съездге жалпы алғанда 300-ден астам адам қатынасты. Олардың қатарында Торғай облысының өздерінен келген делегаттармен қатар Ақмола, Семей, Сырдария, Бөкей облыстары қазақтарының да өкілдері болды. Съездге қонақ ретінде Қазан мұсылман комитетінен Нәджіп Хальфин, Уфа мұсылман комитетінен Әбдірахман Рахметдинов, Орынбор мұсылман бюросынан татардың «Уақыт» («Вахт») газетінің редакторы А.Хусайнов қатынасты. Съезді кіріспе сөзбен ашқан «Қазақ» газетінің редакторы А.Байтұрсынов бірлікке, жаңа өкіметті қолдауға, жер-жерлерде жаңа құрылыс пен бостандықтарды баянды ету үшін тәртіп пен тыныштық сақтауға шақырды. Мәжілістің төрағасы болып А. Байтұрсынов, оның орынбасарлары болып I-мемлекттік думаның мүшесі Алпысбай Қалменов пен Уалихан Танашев, хатшылар болып Сеійтәзім Қадірбаев, Омар Алмасов және Шавхат Бекмұхамедов сайланды. Съезд негізінен патшалық тәртіп құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпы қазақтық жіне жалпы мұсылмандық съезд шақыру, мәдени, шаруашылық және дін ісі, уақытша үкіметке және ол жалғастырып отырған соғысқа көзқарас, жаңа сот және байланыс жүйелерін қалыптастыру сияқты маңызды мәселелерді өз жұмысының күн тәртібіне енгізді. Атап айтөанда, съездін күн тәртібі 14 мәселеден тұрады:
Осы маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің мәні мен мазмұны мынаған саяды: 1. Уақытша үкіметтің жаңа құрылысты, тыныштық пен тәртіпті … нығайтуға бағытталған … іс-әрекетін қолдау мақсатында жер-жерлерде азаматтық комитеттер құру қажет. Комитеттерді құру еркі халықтың өз қолында болды. 2. Бүкіл қазақ халқын біріктіру, оның мұқтаждықтарын анықтап, шешу үшін жалпы қазақтық съезд шақырылсын. Бұл үшін ерекше ұйымдастыру бюросы құрылсын. Оған съезд бағдарламасын жасау мен оның шақыру уақытын және өтетін орнын анықтау тапсырылсын. Бюро құрамына Әлейхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадырбаев, Омар Есенқұлов, Имам Әлімбеков, Иса Тұ Скачать |