XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар


XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

 

Жоспар 1. Орталық Шығыстағы ағылшын -орыс қақтығыстары 2. Батыс Қытайдағы ағылшын дипломатиясы 3. Орталық Азияда ағылшын үкіметінің экспансиясына көшуі 4. Персиядағы ағылшын -орыс қақтығыстары 5. Англияның Египетке қарсы қақтығысы. Рейтер концессиясы

 

Орталық Шығыстағы ағылшын — орыс қақтығыстары

Ресей мен Англияның Батыс Еуропа континентіндегі германдық гегемонияға бірігіп қарсылығы Азиядағы осы екі державаның қақтығысына қарамастан, 1875 жылы жүзеге асырылды.

ХІХ ғасырдың I жартысында британдық үкімет осы бөліктегі ағылшын-орыс қарым-қатынасына өзінің түсінігін білдірген.Ағылшындық нұсқауына сай, Ресей Үндістанның көптеген облыстарын бірінен кейін бірін жаулап, үзілместен шабуылдап отырған. Орыс саясатының басты мақсаты осы елді жаулап алу болды. Бірақ, бұл тек қана таза ой болды.

Англия өзінің үнділік иеліктерін қорғап, сонымен қатар Осман империясына қол сүғылмаушылықты бақылап отырды.Себебі, ол Еуропадан Үндістанға көпір болып саналды. Бұл нұсқау көптеген ағылшын көк кітаптарында және парламенттік дебаттарында дамып отырды. Оны көптеген атақты публицистер Уркварт, ал кейін Роулинсон алды және көптеген тарихи кітаптардың авторларымен шеңгерілген болатын. Оның ықпалы Англияның шегіне дейін тараған.

Бұл нұсқау тенденциялы болды. Бірақ, жағдай бұлай болған емес, Ресей тек қана шабуылдады, ал Англия тек қорғанды. Орталық Азиядағы қарама-қарсы екі экспансия кездесті. Ресей де Англия да шабуылдаушы саясатты жүргізді, сонымен қатар екі держава бір-бірінен сескенді.

Таяу Шығыстағы жағдай басқа күйде болмады, екі держава Константинопльде өздерінің ықпалын орнатуға тырысты жәнеосы мақсатты жүзеге асыруда бір-біріне кедергі жасап отыруға тырысты. Ресей бұғаздарында бақылау орнатуға тырысты, соныменқатар Қара теңізден британдық қолға өтуге мүмкіндікті бермеуге тырысты.

Орыстардың да, ағылшындардың да Орталық Азияда жаулаушылықтың, стратегиялық ойлар мен саудаға байланыстықызығушылықтар, сонымен қатар әскери күшінің демонстрациясы арқылы жауланған елдерінде өзінің билігін нығайтуға тырысты.Үндістанда британдық отарлаушылар халықтық көтерілістерден сескеніп, үнемі қорқынышта болды. Қандай да болмасын шетел әскерінің жақындауы халықтың наразылығын келтіреді деп санады. Бұл сонымен қатар ағылшын ықпалының таралуын тудырды, Персияда, Ауғанстанда, Қытайда көрші аудандарына және Бирмада толық билік ету мүмкіндігі болды.

Кейіннен, орыс өнеркәсібі үшін ортаазиялық мақта үлкен маңызға ие болды.

Ресейге қосылу отарлық режимінің орнауына әкелді. Ол орыс капитализмі кеңейіп өсуіне жол ашты және Ресей «ескірген бөлімінің» яғни, өзіндік держава мен феодалдық өкілдердің болуын ұзартуына әкелді. Осылайша, Орталық Азияға қосылу патшалықтың, орыс әскери-феодалдық империализмнің кеңеюі буржуазияның да қызығушылығы мен пайдалылығын тудырды. Келесі жылдары осыған мақта базасының ұйымдастырылуы қосылды.

Бірақ, осымен қатар Орталық Азияның Ресей құрамына кіргені ортаазиялық мемлекеттерінің еңбекшілерін орысреволюциялық қозғалысқа ақырындап енгізген болатын. Бұл Ресейге қосылу Орталық Азия халқының көзқарасы бойынша объективті прогрессивті жағдай болды. Бірақ бұл жеңілдіктерді Азиялық мемлекеттер иемденбеді. Англияның билігіне түскен Азиялық мемлекеттер бұл жеңілдіктерге ие болмады: олар үшін шетелдік жаулаушылық тек қана отарлық езгіні әкелді. Англияның прогрессивті күшімен британдық отардың арасында ешқандай қарым-қатынас пен байланыс болмады. Англияның өзіне де бұл күштер еш нәтиже бермеді.

Ағылшын Орталық Азияға, Персияға, Ауғанстанға жүргізген саясатын лондондық кабинет тек жалпы курс ретінде ғанаанықтады. Оның жүзеге асырылуы Үндістанның вице-королінің қолында болды. Ағылшын агенттері Ауғанстанды жаулады, Түркменстан мен Батыс Қытайға басып кірді. Ағылшын тыңшылардың орнына тыңшы офицерлері жұмыс атқарған. Олар ағылшын-үнділік әскердің, сонымен қатар вице-королінің басқаруына бағынды. Ағылшын агентурасының қызығушылығында түрік сұлтандары да белсенділік танытты. Орталық Азиядағы ағылшын саясатының осы шпиондық   және   диверсиялық   қызметі,  маңыздылығы   жағынан   ресми дипломатияға орын бермеді.

Орыс жағынан түркістандық генерал-губернатор Петербургтен маңызды тәуелсіздікті қолданды. Ол да феодалдық жергіліктібилік етушілермен және тайпалармен кең байланысты иемденді.

Орталық Азияны бөлшектеудегі ағылшын - орыс келіссөздері.

Орталық Азиядағы ағылшын экспансиясының басты объекті - Синьцзян емес, Ауғанстан болатын. Сол жақтан ағылшынотарлаушылары Түркменияға қол сүғуды көздеп, соған дайындалды.

1869 жылы Ауғанстанда алты жылдық феодалдық езгі аяқталды. 1869 жылы 27 наурызда Британдық Үндістан территориясындағы Амбалда вице -король әмір Шер — Әлимен кездеседі. Конференцияның ең бірінші отырысында Шер — Әли келіссөзді келесі жарлықтан бастады:

«Ауғанстанда шеру басталған уақыттағы, менің билігімнің басында, мен көмек беруді сұрадым, бірақ, Англия меніңсұранысымды қабылдамады. Сондықтан, мен сіздер жіберген ақша мен қару — жарақты қайтарамын. Мен сіздермен келіссөздер жүргізуге және де келісімдерге қол қоюға бара алмаймын және өз келісімімді бере алмаймын.»

Конференцияның келесі жолы бұл жарлық дипломатиялық келіссөздерде өзіне жақсы позицияны иемдену үшін жасалғаныкөрінеді. Ұзақ ұрыстардан кейін, нәтижесінде ол ағылшындардан қару мен жыл сайынғы ақшалай субсидияны алуды қабылдады.

Шер - Әли одақтастық келісімдерге қол қоюды талап етті. Ол Англиядан Ауғанстандағы билік соның қолында екенін жэне кейіннен оның мұрагеріне берілетінін мойындауды талап етті. Осылайша, ағылшындар оның кенже ұлы әмір Абдулла — ханды мойындауға мәжбүр болды. Лорд Майо бүл талапты қабылдамады: себебі, Шығыстың барлық феодалдық монархияларда жүргізген саясатынан ағылшын үкіметінің бас тартқысы келмеді.

Вице -король Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауға және онда ағылшын резиденттерін жібермеуге келісімін береді.

Шер -Әли ағылшындардың ақшасы мен қаруынан бас тартпады, бірақ ағылшындарға деген сенімсіздігі мен наразылығынбілдірді. Ал, Ауғанстанның халқы әмірді ағылшындарға сатылды деп жазғырды.

1869 жылдың басында либералдар лидері Гладстон басшылығымен ағылшын үкіметі Орталық Азиядағы Англия мен Ресейиеліктерінің арасына бейтарап зона құруды ұсынды. Бұл бейтарап зонаға екі елдің қол сұғып, араласуына тыйым салынды. Орыс үкіметі бүл үсынысты қабылдады, сонымен қатар, Ресейдің құрамына Ауғанстанды қосуды ұсынды. Ағылшын үкіметі қарсы шара қолданды: ағылшын үкіметі бейтарап территорияны солтүстікке қарай кеңейтуді ұсынды. Бірақ, бұл келіссөз жүзеге асырылмады.

1869 жылдың күзінде Ресей мен Англия арасында келіссөздер қайтадан жүргізілді. Олардың Петербургке енуіне Үндістанның вице — корольдің өкілі Форсайт келді. Оның келгенімен келісім жүзеге асырылды. Ол келісімнің қаулысы бойынша, Ауғанстан территориясының құрамына, шынайы түрде Шер — Әлидің иелігіндегі облыстар кіретіні мойындалды. Әмірдің өз иелігін кеңейтуді тоқтату мақсатымен, Англия барлық шарттарды қабылдауға мәжбүр болды, ал Ресей ауған территорияларына Бұқар әмірінің шабуылына қарсылық көрсететініне уәде берді. Көп ұзамай, 1869 жылы келісімді талқылаған уақытта ағылшын мен орыс үкіметінің арасында қайшылықтар туындады. Ағылшын үкіметі Шер -Әлиге оның әкесі әмір Дост Мохаммедке қараған иеліктер тиісті екендігін бекітті. 1870 жылдың 20 мамырында бұл құжат ағылшын кабинетінің көзқарасы ретінде елші арқылы орыс үкіметіне жіберілді. Ал, шындығында, Дост Мохаммедтің таралған барлық иеліктері Шер — Әлидің қолында болмады. Орыс үкіметі бұл иеліктерді ағылшындық агенттің шешіміне қарай мойындағысы келмеді.

1871 жылдың 1 қарашасында ол Лондондағы өзінің елшісі арқылы ағылшын үкіметіне Орталық Азияда «қазіргітерриторияларды изоляцияда» ұстап тұру саясатын жүргізуді ұсынды. 1869 жылы келісімнің негізіне сүйене отырып, Англия менРесейге әрбіреуі ауған, бққар және қоқан әмірліктерін басқа иеліктердің шабуылынан бірігі қорғау ұсынылды.

Бірақ, ағылшын үкіметі бұл ұсынысты қабылдамады. Ол қиян-кесті түрмен өзінің иелігін солтүстікке қарай кеңейтугета 



Скачать