Ахмет Жұбанов


Ахмет Жұбанов

Ахмет Жұбанов (1906-1968 жж.)
Жұбанов Ахмет Куанұлы - композитор, музыка зерттеуші, педагог, дирижер, қоғам кайраткері. Ақтөбе облысында дүниеге келген. Болашақ академик - сазгерді өнер аталатын киелі жолға бағыттаған күйші Талым мен ауыл мұғалімі Қ. Ашығалиев деген кісілер екен. Өмірге көз қарасы қалыптасуына жазушы Жиенғали Тілепбергенов, ағасы ғалым Кұдайберген Жұбанов үлкен әсер етсе керек.
1919-1928 жылдары Жұбанов ауылдық кеңес хатшысы болып істейді әрі скрипач П.Черняктан сольфеджио һәм музыка теориясы дәрісін алып жүреді.
1929-1932 жылдары Ахмет Куанұлы М. И. Глинка атындағы Ленинград музыка техникумында (А.А.Этигонның скрипка сыныбы бойьшша) және Н. А. Римский-Корсаков атындағы консерваторияда (профессор Ф. А. Найманның гобой сыныбы бойынша, ал кейінірек — музыка теориясы мен тарихы жөніндегі факультетте — Б. В. Асафевте) оқыды. 1932-1933 жылдары Ленинград өнертану академиясының (қазір театр, музыка және кино институты) аспиранты бодды.
1933-1935 жылдары Жұбанов Алматы музыкалық-драма театрында дәріс оқыды әрі оку ісінің меңгерушісі міндетін атқарды. Ол казақ тілінде тұңғыш "Музыкалық сөздік" қурастырды, музыкалық кабинет һәм казақ халық аспаптарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік шеберхана ұйымдастырды. 1934 жылы Жұбанов домбырашылар ансамблін кұрды, қазіргі Құрманғазы атындағы Халықтар Достығы орденді Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі соның негізінде пайда болды. Кейінрек ол осы оркестрдің көркемдік жағьн басқарды.
Жұбанов Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі, дирижері (1935-1945), Алматы консерваториясының ректоры (1945-1951), КСРО ҚазҒАФ өнертану секторының меңгерушісі (1945-1950), Алматы консерваториясы Халық аспаптары кафедрасының меңгерушісі және осы қызметпен бір мезгілде казақ халық әуендері тарихының, дирижерлік ету, аспаптау оқытушысы болды (1945-1947,1954-1961). 1961-1968 жылдары ҚазКСР ҒА жанындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімін басқарды.
Ахмет Жұбанов — казақ халық әуендері мен жаңа заманғы музыка, театр және орындаушылық өнерінің зерделі зерттеушісі. Оның қаламынан қазақ халық музыкасының тарихы, халық әншілерінің, күйшілерінің, композиторларының өмірі мен шығармашылығы жайлы: "Құрманғазы" (1936), "Қазақ халық композиторларының өмірі мен творчествосы" (1942), "Ғасырлар пернесі" (1958), "Замана бұлбұлдары" (1963) аталатын ғылыми еңбектер мен зерттеунамалар дүниеге келді.
Жұбанов — қазақ кәсіби музыка өнері мен Қазақстанда музыкатану ғылымы негізін қалаушылардың бірі. Ол домбыра, қобыз бен сыбызғы үшін музыкалық туындылар жазып, жариялады, көптеген халық күйлерін халық аспаптары оркестріне түсірді. Ол — "Абай" (1944), "Төлеген Тоқтаров" (1947) операларының, "Отан", "Ақ Шолпан", "Біздің қала", "Күнім менің — Москва", "Лирикалық ән", "Қарлығаш", "Майданнан хат", "Ант" әндері мен хорлардың, "Тәжік биі", "Қазақ биі", "Ария" аспаптық шығармаларының, "Төлеген Тоқтаров", "Абай" симфонияларының, "Құрманғазы" радиооперасының авторы. Композитор Ғ. Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" (1938), М. Ақынжановтың "Исатай -Махамбет" (1938) пьесаларына, "Амангелді" фильміне (1938) музыка шығарды.
Жұбанов ұлтгық музыка ізашарларын даярлауға көп күш - жігер жұмсады. КСРО халық әртістері Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Қазақ КСР халық әртістері Г. Баязитова, Ф. Балғаева, Ф. Мансұров, Р. Омаров, Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Х. Тастанов (өнертану ғылымының кандидаты), Ғ. Бисенова, Б. Ғизатов, А. Кетегенова, З. Қоспақов, Ж. Рсалдин... бәрі-бәрі академик Ахмет Куанұльшың шәкіртері.
Жұбанов - Қазақ ұлттық оркестрінің ұйымдастырушысы, тұңғыш дирижері әрі көркемдік жетекшісі. Ол сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылуына ықпал етті. Ахмет Куанұлы ұзақ жылдар бойы КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі болды, Қазақстан Композиторлар одағын өз қолымен кұрғандардың бірі еді. А.Жұбанов - Қазақ КСР халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1945), профессор (1947), Қазақ КСР ҒА академигі (1946). Алматыда Ахмет Жұбанов атында көше бар. Республикалық музыка орта мектеп - интернаты оның есімімен аталады. Академик - композитор тұрған үйге (Байсейітова көшесі, 33 және Абылай хан даңғылы, 113) мемориал тақта орнатылған.










































Тақырыбы: Ахмет Жұбанов.





Орындаған: Отанова Алтынай
3»г» сыныбы
Тексерген: Елемесова А.






Өскемен, 2004

 


Скачать