Әукебаев Есет (1921-2008 жж.)


Әукебаев Есет (1921-2008 жж.)

 

Туған әдебиетіміздің әлеміне өзіндік өрнектерімен танымал, қырағы көздердің қиығына түсіп, дуалы ауыздардың тіліне оралған белгілі қалам қайраткерлерінің бірі — Есет Әукебаев.

Ол 1921 жылы желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Теректі селосында туған. 1942 жылдан КПСС мүшесі, СССР Журналистер одағының мүшесі.

1940 жылы Зайсанда қазақ орта мектебін бітіргенен кейін жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының қатарына шақырылып, одан 1944 жылы СССР Мемлекет хауіпсізді Комитетінің шекара әскерлеріне ауыстырылды.

Есет Әукебаев мемлекеттік шекара қызметінде 1956 жылдың июль айына дейін болды. Қызыл Армияда да, шекара әскерінде де саяси қызмет атқарды.

Туған әдебиетіміздің әлеміне өзіндік өрнектерімен танымал, қырағы көздердің қиығына түсіп, дуалы ауыздардың тіліне оралған белгілі қалам қайраткерлерінің бірі — Есет Әукебаев.

Ол 1921 жылы желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Теректі селосында туған. 1942 жылдан КПСС мүшесі, СССР Журналистер одағының мүшесі.

1940 жылы Зайсанда қазақ орта мектебін бітіргенен кейін жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының қатарына шақырылып, одан 1944 жылы СССР Мемлекет хауіпсізді Комитетінің шекара әскерлеріне ауыстырылды. Есет Әукебаев мемлекеттік шекара қызметінде 1956 жылдың июль айына дейін болды. Қызыл Армияда да, шекара әскерінде де саяси қызмет атқарды

Есет Әукебаев әскери қызметтен босағаннан кейін 1956 жылдан 1968 жылға дейін республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1969 жылдан 1984 жылдың ноябріне дейін республикалық «Жазушы» баспасында бас редактор болып істеді. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімшесін сыртттай бітірген.

Есет Әукебаевтың алғашқы өлеңдері 1950 жылы «Әдебиет және искусство» (Қазір «Жұлдыз») журналында жарық көрді. Есет Әукебаев қазақ поэзиясындағы майдангер-ақындар легіне жатады. Ол армия қатарында совет жауынгерлерін тәрбиелеу қызметінде жүріп, уақытының аздығына қарамастан әдеби жұмысына да көңіл бөлген. Бұл өлеңдері 1954 жылы ақынның «Сақшы сыры» деген алғашқы жинағының шығуына арқау болды.

Есет Әукебаев СССР медальдарымен, Моңғол Халық республикасының «Халыхын көлдегі жеңіс» медалімен награтталған. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, А.А.Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, СССР Мемлекет хауіпсіздігі Комитетінің Әдеби сыйлығының дипломанты.

Есет Әукебаев әдебиет зерттеу мәселесімен шұғылданған және аударма саласында да тынбай қалам тартып келеді. Ақын аударған Лермонтов, Некрасов, Твардовский жырлары өзіміздің төл туындылары мыздай оқылады. Бүгінде Е.Әукебаев толған, толысқан, кемеліне келген біртума ақындарымыздың бірі.

2008 ж. 3 қарашада Есет Әукебаев дүниеден өтті.

Шығармалары:

Әукебаев Е. Өмiр-бақыт.- Алматы: Жазушы, Ә86 1983. — 320 б.

Әукебаев Е. «Күн мен күлеңке» кiтабынан// Отан

2 сақшысы (Часовой родины). — 2002. — 20 шiлде. — 7 б.

Әукебаев Е. Адам жасар жақсыны,жаманды да: 3 [Сонеттер]// Заман Қазақстан. — 1995. — 10 қараша. — Б. 7

Әукебаев Е. Адам, саған айтарым: [Сонеттер]// Қазақ 4 әдебиетi.- 1998.- 10 наурыз (N1). — Б. 6-7

5 Әукебаев Е. Ана тiлiм. Адамшылық: [Жыр жолдарынан]// Отан сақшысы (Часовой родины).- 1998.- 28 ноябрь.

Әукебаев Е. Бiрлiк: [Өлең]// Егемен Қазақстан.- 6 1998. — 17 наурыз.

Әукебаев Е. Ерлiк пен махаббат жыры: [Өлең]// Отан 7 сақшысы (Часовой родины).- 1998. — 22 тамыз.

Әукебаев Е. Иман: [Сонеттер]// Қазақ әдебиетi.- 8 1995. — 10 қазан (N25). — Б. 5

Әукебаев Е. Құбылып, күнде өзгерiп жүрген жоқпын: 9 [Поэзия]// Егемен Қазақстан.- 1994. — 24 қыркүйек.

Әукебаев Е. Сен айтпасаң, мен айтпасам. Ұлымұрат: 10 [Поэзия ]// Қазақ әдебиетi.- 1998. — 8 мамыр (N18). Б.10

Әукебаев Е. Ерлiк иесiне ескерткiш керек// Достық.- 11 1991. — 13 сәуiр

Ғабдуллаұлы С. Салған iзi өшпейдi: [Есет Әукебаевтың 80 жасқа толуына байланысты ақын шығармашылығы туралы]// Дидар.- 2001.-25 желтоқсан.- Б.4

Мұхаметқалымова Г. Қарымды қаламгер: [Жерлес Ақын Е.Әукебаевтың туғанына 75 жыл]// Дидар.- 1996.- 21 желтоқсан.

Мырзабеков К. Қазақ поэзиясы. 1981 жыл.// Жұлдыз.- 3 2002.- N7.- 183-199

 


Скачать