Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер
Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлерЛекция мақсаты: Әдеби сын туралы ғылыми түсінік қалыптастырып, сынның басты белгілерімен, әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлермен таныстыру. Сұрақтар:
Сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп келеді. Біз бұл пікірді жоғарыда әдебиет теориясынан алған білімімізді еске түсіру барысында байқадық. Теориялық еңбектерде сынның төмендегідей сараланған екі ұлы мақсаты аталып көрсетіледі.
Сынның әлеуметтік және эстетикалық міндеттері. Сыншы дарыны ол жөніндегі ой-пікірлер. Жалпы курстың мақсаты. Негізгі көзделген мақсат - әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету. Сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, срнымен қатар қоғамдық-әлеуметтік толғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел жұрт түсінігінің, эстетикалық таным бірлігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті арта түседі. Осымен қатар бұл курстың утилитарлық ой мақсатының бірі - сыншылық қабілеті бар студенттерді осы қиын да абырлы жолға түсіру. Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, өткен ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. Ол үшін курстық жұмыс жүйесі дұрыс пайдаланылады. өз бетінше орындаған жұмыстың аяқ алысы, қалам жебеуі ескеріліп, дұрыс та мәнді орындалған жұмыстарды газет-журналдарда жариялау қамы жасалады. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазан революциясына дейінгі әдеби сын жайындағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс - қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: - Сын қай уақыттан бері өмір сүріп келеді? - Сынның әдеби сипаты - Сынның ғылыми сипаты - Сынның публицистикалық сипаты қандай? Әдебиеттер тізімі:
Скачать |