Эволюциялық ілім
Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон мен Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады.Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары — астрономия, геология, ботаника және зоологияның дамуына себеп болды.Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561—1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді.XVI—XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттын өлшем бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628—1705) оған ең алғаш анықтама берді. Скачать |