Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары
Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойларыЛекция мақсаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың еңбектеріндегі сыни ойлармен танысу. Сұрақтар:
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың еңбектеріндегі сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Шоқан Уәлиханов «Қазақ әдебиетінің өркендеуіне негіз сала алар еді» деген тезисінің мәні және Шоқан еңбектерінің көркемдік қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан - қырғыздың ұлы эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі. «Қазақ халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды классификациялауы. Шоқан - қазақ халқының ғылыми ой-пікірі оянуының қарлығашы. Ыбырай Алтынсарин жасаған «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Хрестоматия жасау - ғылыми-сыни ойдың жемісі. Ыбырайдың ана тілінің тазалығын сақтау жолындағы күресі және қазақ тілін өркендету жайындағы ойлары. Ыбырай - қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық ойға педагогикалық арна дарытқан дарын. Абай Құнанбаев - сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын. Өлеңге, ақындық дарынға Абайдың көзқарасы. Көркем сөздің қоғамдық және әлеуметтік мәнін ашуда Абайдың ролі. Өнерпаз дарынды қадірлеу, көркем сөзді ел кәдесіне асыру, қазақтың мақал-мәтелдердің мәні және оларды сын елегінен өткізе бағалауы, түр мен мазмұнның ажыраспас бірлігін талап ету, оқушы мен тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем шығарманың әлеуметтік мәнін ашу - Абай негізін қалаған жаңа эстетикалық мұраттың негіздері. Абай - қазақтың эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасушы. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ой-пікірдің қадасын қадап, өрісті арна тауып берудегі тарихи еңбектерінің мәні. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: - Шоқан еңбектерінің көркемдік қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері қандай? - Ыбырай Алтынсарин жасаған «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. - Абайдың сөз өнеріне, өнерпазға қояр талабы қандай? - Абай өлеңдеріндегі сыншыл реализмді атап көрсетіңіз. Әдебиеттер тізімі:
Скачать |