Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, көне Түркі ескерткіштері"Ежелгі дәуір әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. І. Көне түркі әдебиеті. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. 1. Орхон-енисей ескерткіштерінің зерттелуі 2. Түркілердің ежелгі діни ұғымдар мен наным-сенімдері Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз. 1. ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді. 2. Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А.Яссауидің «Даналық кітабы», А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С.Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары. 3. ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббат наме», Н.Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», С.Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын дастандары . Сонымен қатар Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З.Бабырдың «Бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері. Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында Орта Азия мен Қазақстан далаларын сақтар мекендеген. Сол сақтардың Солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес тайпалар болды. Бұлардан кейінгі тарихта белгілі үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйледі. Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, негізгі тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді түркі тілінде сөйледі. Түркі тілінің әр түрлі диалектінде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық, мәдени-байланыс жасап,қатысып тұрды. Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір – біріне ықпал жасап келген. Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса соғды тілі мен жазуын да пайдаланған. Өйткені түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызмет атқарған. Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде түрік таңбаларына ұқсас келетін түрік жазуы пайда болды. Бұл жазу түріктердің тілінің фонетикалық ерекшеліктерін дәл жеткізген. Бұл «руна» жазуы деп аталды. Скандинавия тілінде «рунь-құпия» деген ұғымды білдірді. Өйткені ХҮІІІ ғ. 20-жылдарында Орхон-Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмаған. Бұл жазудың сырын В.Томсен ашпастан бұрын Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХҮІІ ғ. ІІ жартысында басталды. Ең алғаш 1662 ж. Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар еткен ғалым Витзен болатын. 1697 жылы Тобыл қаласында Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» еңбегі жарық көрген. Сол еңбекте Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер аталған. Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғашқы жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған Табберт-Страленгбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 Стокгольмде неміс тілінде басылып шыққан «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» еңбегі көне ескерткіштер туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ 1721-1722 ж. Сібір өлкесін аралаған Миссершмидтің күнделігінде көне түркі жазуларының үлгілері туралы деректер келтіріледі. 1793 жылы Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялады. Осы кезден бастап, оларды жинау, бастыру қолға алынды. «Сібір хабарлары» деген журналда Спаскийдің «Сібір естеліктерінің жазбалары» еңбегі жарияланды. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына белгілі бола бастады. Осы еңбекті белгілі ғалымдар Гумбольдт пен Ремюза жоғары бағалап, көлемді мақалалар жариялаған. Олардың орысша аудармалары 1825 ж. «Азия хабарлары» журналында бастырылған. 1887-88 ж. фин елінің ғалымы Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп, қорытынды экспедиция материалдары 1889 ж. Гельсенфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық көрген. Бұнда 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған. 1889 ж. Ядринцев бастаған орыс экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен ескерткіш тауып, тюркология ғылымына үлес қосқан. Олар Күлтегін мен Білге қағанға арналған ескерткіштер. 1890 ж. Гейкель және 1891 ж. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон-Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеген. Осы жазулардың сырын ашып, оқып, қай халықтікі екенін анықтау ғалымдарға міндет жүктеді. Белгісіз жазуларды оқып, талдау даниялық ғалым В.Томсенсеннің үлесіне тиді Ол алдымен ескерткіштегі кейбір таңбалардың басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе бар екендігін анықтады. 1893 ж. 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзіне дәлелдеген. Томсеннің бұл еңбегін В.Розен 1894 ж. орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. Томсеннің екінші еңбегі 1896 ж. Гольсингфоргте жарық көрген. Ол өз еңбегінде Орхон-Енисей алфавитінің пайда болуы, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте жөнінде деректер берген, және ҮІ-ҮІІІ ғ. түркі тайпалары және олардың әдет-ғұрыптары жөнінде мәлімет береді. Орыс ғалымы Радлов алғаш «Күлтегін» мен «Білге қаған» ескерткіштерінің тілі біркелкі емес, оның құрамында говорлар бар. 1912 ж. «Түркі ескерткіштерінің тілі» еңбегінде ескерткіштер тілінде 3 диалектілік ерекшеліктер бар деген. Олар: 1. Ежелгі солтүстік диалектісі ( түркі тілдері жатады) 2. Ежелгі оңтүстік диалектісі (ұйғыр) 3. Аралас диалекті ( батыс және шығыс көне түркі тілдері) Сонымен қатар Мелиоранский да тюркология саласында 40-тан астам еңбек жазған. Соның бірі Күлтегін ескерткішін зерттегені. Ол 140 беттен тұрады. Мұнда ғалым ескерткіштердің зерттелуіне, түркі тайпаларының тарихына, дауысты, дауыссыз дыбыстардың қолданылуына, лексикалық ерекшеліктеріне, Күлтегіннің орысша аудармаларына, траскрипциясына көңіл бөлген. Ежелгі түркілердің діни сенімдері туралы айтатын болсақ, олар Көкке және Жерге табынған. Түркі қағандары тек көк тәңірінің бұйрығымен қағандық етеді деп түсіндірілген. Мыс: Білге қаған: «түркі халқы жойылмасын, ел болсын. Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбіге қатынды тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен»- депті өзінің таққа отыруы туралы тасқа қашалған жазуда. Түркілер тәңір бұйрығымен жеңіске жетеді не жеңіліске ұшырайды. Келесі құдай отбасы мен балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. ХІХ ғ. аяғында әйел құдай Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында сақталған. «Тоныкөк» жырында «Көк тәңірі», Ұмай, қасиетті Жер-су, міне осылар бізге жеңіс сыйлаған делінген. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне Алтайда сақталған қасиетті тауларға табыну маңызға ие болды. Ежелгі түркілер қаған тегінің жебеушісі , рухы саналған қасиеті Өтікен сұлбасын яғни Хангай тауларын ерекше пір тұтқан. Ондағы ң ата-баба үңгірінде түркі аңызы бойынша бөрі сол үңгірде түркілердің ата-бабаларын дүниеге әкелген, бұған қаған жылына 1 рет құрбандық шалған. Түркілердің нанымы бойынша жерді, суды, орман-тауларды рухтар жайлаған. Олардың сенімі бойынша өлгенннен кейін адам жаны көшеді делінген. Ежелгі түріктер өлген адамды шаман рәсімі бойынша жерлеген. Яғни биік жерге киіз үй тігіп, өлікті сол үйге қойған. Сол маңайға құрбандыққа әкелген малды байлаған. Өлген адамның туыстары жылап, бетін тілгілеп, шашын жұлып өлік жатқан үйді 7 рет айналатын болған. Сонан соң өліктің киім – кешегін, барлық заттарын денесімен бірге өртеген. Кейін күлін жинап, жерге көметін болған. Түріктер отты киелі құбылыс есептеп, оны пір тұтқан. Зұлымдық әкелетін рухтарды отпен тазалап, аластайтын діни ғұрып болған. І Скачать |