ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИЕТТІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫЛекция мақсаты: - қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою; - қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттерін көрсету.
Сұрақтар:
ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ әдебиеті Алтын Орданың ыдырап, қазақ хандығының өмір сүрген дәуірін қамтиды. Қазақ хандығының өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан ерекшелігі — оның анағұрлым кең және берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың бәрі дерлік қосылды. Сөйтіп, қазақ халқы тілі, территориясы жағынан тұтастанып қалыптасты. Сондықтан ғалымдар қазақтың таза өз тіліндегі төл әдебиеті ХV ғ. басталады деп есептейді. Бұған себепкер болған жай — 1456 ж. Шу бойында қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы. Қазақ ұлтының дербес ел болу жолында Керей, Жәнібек хандардың орны ерекше болды. (Олардың өмірі мен қызметі, тарихи деректер, Жәнібектің «Әз» аталуы, орталықтанған мемлекет құру жолындағы ізденістері). Алаш тарихында 1723 жылы болған «ақтабан-шұбырынды» кезеңінің тарихи мәні бар. Бұланты, Аңырақай, Орбұлақ шайқастары, Жоңғар басқыншылығы, қазақ босқыны көптеген әдеби шығармалардың тууына себепші болды. «Елім-ай» әні қазақ халқының ұранына айналды. (Таһир, Хақназар хандардың саясаты, 1726 ж. Ордабасы құрылтайы, Әбілхайырдың хан сайлануы, Тәуке хан және «Жеті жарғы», қазақ билері мен батырлары). Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірі үшін Түркістан, Тараз, Мерке, Сайрам, Сауран, Созақ т.б. көне қалалардағы мешіт- медреселердің, кітапханалардың маңызы зор еді. ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ халқының әдеби-рухани әлемі кемелденіп, үлкен қарқынмен дамыды. Бұл кезеңдер аралығындағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі оқиға, өзгерістердің барлығы ақын-жыраулар шығармашылығынан көрініс тапты. Ақын, жырау, жыршы ұғымдары қалыптасып, әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен дараланды. Олар туралы түрлі ой-пікір, көзқарас пайда болып, ғалымдар тарапынан зерттеліне бастады. Ұлттық сөз өнеріндегі жыраулар поэзиясын, яғни жыраулық өнердің түрі мен тегін, дәстүрлі арналарын, даму өзгешеліктерін, көркемдік негіздерін, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік орны, мұра-мирастары туралы Ш.Уалиханов, В.Радлов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеп, түйін-тұжырымдар жасаған. Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Әдебиет: Абылқасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. А.,1984 Әбілқасымов Б. ХVІІ-ХVІІІ ғғ.қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988 Абусеитова М. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А., 1985. Антология казахской поэзии. М., 1958. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959; Әдебиет тарихы. А., 1991. Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. А., 1993. Басин В.Я. Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. А., 1974. Скачать |