Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени уәждемесі
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты тұрақты сөз тіркестерінің этномәдени уәждемесі Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар зерттеу барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы туралы мәлімет беріледі. Жұмыстың бірінші тарауы «Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты тақырыптық-мағыналық топтардың этномәдени мәні» деп аталады. 1.1. «Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік т.б. тұрғыдан зерттелу жайы» атты бірінші тараушада төрт түлік малға, оның ішінде жылқыға байланысты тілдік бірліктердің көне жазба ескерткіштерден бастап бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерде керегінше сөз болғандығы айтылады. Жалпы түркітануда жылқы малы атауларын сөз еткен авторлардың ішінде Н.Махмудов (өзбек тілі), Р.Г.Ахметьянов (татар тілі), А.Шынардың (түрік тілі) еңбектерінің орны айрықша. Сондай-ақ, Т.Дүшеналиева (қырғыз тілі), Т.Урунов (өзбек тілі), М.Н.Губогло (гагауыз тілі), Э.Ф.Ишбердин (башқұрт тілі), К.А.Новиков (тұңғыс-манжұр тілі), Ц.Д.Номинханов (түркі-монғол тілдері) т.б. сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде жан-жануарлар лексикасын әр қырынан қарастырып, оның ішінде жылқы малына қатысты пікірлерін де берген. Қазақ тіл білімінде төрт түлік малға қатысты атаулар мәселесі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ш.Жанәбілов (1953), Ә.Жақыпов (1983), Т.В.Линко (1989), С.К.Сәтенова (1990), М.С.Бейсенова (1997), Б.Тлепин (1997), Р.З.Панзарбекова (1998), Б.С.Тоқтағұл (2005), Н.Айтбаева (2007) т.б. сияқты тілші-ғалымдардың диссертацияларында жүйелі сөз болады. Сондай-ақ, Е.Жанпейсов, О.Нақысбеков, Ж.Бабалықұлы, Х.Арғынбаев, Ә.Ермеков, А.Тоқтабаев, С.Қасиманов, Қ.С.Ахметжанов, Ж.Сейітқұлова т.б. ғалымдардың зерттеу мақалалары мен еңбектерінде жылқы малына қатысты мәселелер әр қырынан қарастырылды. Келесі 1.2 «Жылқыға қатысты ФТ-терді тақырыптық-мағыналық топтарға бөлудің теориялық негіздері» деп аталатын тараушада қазақ тіл біліміндегі тілші-ғалымдардың тақырыптық топтарға бөлуде ұсынған теориялық тұжырымдамалары мен номинация теориясы сөз болады. Қазақ этнолингвистикасы – зерттеу объектілерін өзара әрі іштей топтастыра зерттеу принципін қатал сақтауды талап етеді. Бұл жүйелілік принципі талабынан туындайтын әдіс-тәсілдердің бірі. Акдемик Ә.Т.Қайдар этнолингвистикалық деректерді «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш үлкен салаға жіктеуді ұсынған [1, 19]. Ғалым ана тіліміздің сөздік қорының мәйегі саналатын ФТ-тердің басым көпшілігінің қай кәсіпке байланысты туындағанына және қазіргі уақыттағы білдіретін ұғымына қарай топтастырудың қажеттілігіне ерекше мән береді. Дегенмен, бұл «Адам», «Қоғам», «Табиғат» макротоптық жүйесінің этнолингвистикалық зерттеулердегі мәнін, тақырыптық-мағыналық, лексико-семантикалық топтастырудың құрылымдық лингвистикадағы тиімділігін жоғары бағалай отырып, тілді ұлт танымымен тығыз байланыста қараған зерттеулерде сол ұғымның атауына не уәж болып тұр деген өзекті мәселе номинация теориясына сүйенуді қажет етеді. Оны пайдаланудың тиімді үлгісі қазақ тіл білімінде баршылық. Мысалы, Б.Қалиевтің, К.Хұсайыновтың Ж.Манкееваның, Е.Керімбаевтың, Р.Шойбековтің т.б. зерттеулері бұған дәлел. Нақты айтқанда номинация теориясы нысанды, оның қызметін сипаттайтын, атау үшін негіз бола алатын ерекшеліктерін, айрықша белгілерін, сапаларын, яғни тілдік емес те уәждерін анықтауға назар аударады. Сонымен, қазіргі номинация теориясында зат атауының негізіне уәж болған сол заттың ерекше белгілері, қасиеттері мен сапалары алынады. Өсімдік әлемінің ұлттық атауларын зерттеген профессор Б.Қалиев бүгінде ғалымдардың атауға негіз болатын уәждеменің ортақ жүйесін төрт тақырыптық топқа (табиғат, адам, қоғам, таным) бөліп қарастыруды ұсынып отырғанын айта келе, номинацияның бұл принципін барлық тілдерге ортақ әмбебап деп тануға болатынын айтады [2, 53]. Профессор Ж.Манкеева атау мен зат арасындағы тілдік емес факторларды жан-жақты зерттемей тұрып, оның шығу себебін анықтау оңай бола бермейтінін айта келе тіл біліміндегі атаудың (номинацияның) екі дәрежесін атап көрсетеді: 1) бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау (первичная номинация). Ол – атаудың аталушы заттың қасиеттерімен уәжделеді. 2) екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторичная номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде өзін тудырған түбірмен мағыналық байланысы үзіледі [3, 249]. Екінші дәрежелі атаудың барлық түрінің негізінде адам ойлаудың ассоциативті сипаты жатады. Ол көбінесе бұрыннан бар, етене таныс нәрселермен ұқсатумен байланысты болады. Яғни біз қарастырып отырған ФТ-тер – екінші дәрежелі атау. Сондай-ақ, осы тараушада тақырыптық топтарға бөлуге байланысты С.Сәтенова, Р.Шойбеков, Ш.Қарсыбекова, Ш.Сейітова сияқты ғалымдардың зерттеулеріндегі тұжырымдары да пайдаланылды. 1.3 «Жылқыға қатысты қалыптасқан ФТ-дегі уәжділік сипаты» деген тарауша іштей 7-ге бөлінеді. Уәжділік – синхронды түсінік, оны этимологиямен шатастыруға болмайды. Бұл мәселені профессор М.М.Копыленко: «... труд этимолога в известном смысле заканчивается там, где начинаются усилия мотиволога. Этимолог вскрывает побудительный фактор, признак, который лег в основу наименования, т.е. его мотив. Но закономерности мотивации, наличие или отсутствие мотивированности, группировка мотивов по мотивемам – эти и другие проблемы мотивологии в орбиту внимания этимолога не входят», – деп түсіндіреді [4]. Одан әрі осы пікірін нақтылай келіп, ғалым түркі тілдеріндегі жануарлар атауларының уәждемелеріне әсер ететін негізгі факторларды төмендегіше атап көрсетеді: 1) түркі халықтарының өздерін қоршаған ортаға деген байқағыштық қасиетінің жоғары болуы; 2) тілдераралық жануарлар атауларына байланысты дамыған ононимияның болуы; 3) жануар атауларының екінші бір жануар атауы арқылы белгілі мөлшерде дамуы. Осы қағидаға сүйене отырып, зерттеу нысанына сәйкес талдау жасау қазақ халқының қаншама ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысып, оның бүкіл қыр-сырын дұрыс тани білгендігіне көзімізді жеткізеді. 1.3.1 «Жасы мен жынысына қатысты уәжділік» деген тараушада аты айтып тұрғандай жылқының жас ерекшелігіне және жынысына қатысты ФТ-тердің уәжділік сипаты сөз болады. Мысалы, жылқының алты айға дейінгі төлі – құлынды желіге байлағанға дейінгі кезеңде құлыншақ деп атайды (1-1,5 айлық кезең). Құлыншақты желіге байлаудың екі шарты бар. Оның біріншісін қазақ қарақұлақ болу десе, екіншісін өркен тастау деген тіркеспен айтқан. «Қарақұлақ болудың» мәнісі мынада: құлыншақ құлағының ішкі жүні сары мамық сияқты болады да, тарала келе сол жүнді қара қылшық басады. Бұл – марқаю нышаны, құлындық кезеңге жеткендігі, байларманға көнбістігі. Ал өркен – құлыншақтың ішінен түсетін бірінші тоңғақ. Желіні сабасына келген саумалды мама биенің құлыншағы уызға бөгіп өркенін ерте тастайды. Өркені түскен құлынды жылқы малына кәнігі шаруа тапжылтпай таниды. Жүні жылтыр, көз жанары нұрлы, қабағы ашық, қимылы ойнаңқы болса, өркені өсіп (пісіп) түскендік нышаны. Сондай-ақ, тілімізде «қубас айғыр құнанын қажылайды» деген ФТ-ті кездестіруге болады. “Қубас” деген ұғым жылқы малына қатысты болғанда бауырынан еркек құлын ермеген айғырға қарата айтылады. Ал өзінен еркек құлын болмаған айғыр үйіріндегі өз кіндігінен емес, басқа айғырдан туған тай-құнандарды жайпап қуып, өз үйірін қызғанады. Бұл өз үйіріне шаппайтын, оны басқадан қызғанатын жылқы малының өзіндік бір әдеті. Келесі тарауша 1.3.2 «Түр-түсіне байланысты уәжділік» деп аталады. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше болғандықтан олардың түр-түсін де дәл анықтап, өзіне сәйкес ат қойып, оны қолдана білуге ерекше мән беріп келген. Сондықтан да болар халықтың дүниетанымынан, салт-санасы мен әдет-ғұрпынан, наным-сенімінен жылқы малының түр-түсіне байланысты тілдік бірліктер айрықша орын алады. Белгілі этнолог Ж. Бабалықұлы жылқы түстерінің бір мыңға жақын болатынын анықтаған. «Қазақ халқы бүкіл өң-түсті қылаң, баран деп екі текті топқа жіктейді. Қылаң дегені – ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, т. б. Баран дегені – қара, қоңыр, көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, т.т. Халқымыздың баранға жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ түсі негізінде аталған деуге болады», – деп жылқы малына тән түстерді атап көрсетеді [5]. Ата-бабаларымыз малдағы ала түсті «сауысқан ала, ит ала» деп екі топқа жіктейді. Өзгермейтін, құбылмайтын, бір тал түк немесе қылын қисайтпайтын, табиғи түсін, үлгі, көлем қалпын бұзбайтын ала жылқыны – сауысқан ала деп атайды. Табиғи үлгі, пішін, қалып сақтамайтын, денеде белгілі бір тұрақты орны жоқ, бірде үлкен, бірде кіші, қыңыр-қисық, тұрақсыз өң-түсті атты ит ала деп атайды. Тәжірибелі жылқышылар мен бапкерлер боз түстінің баран түстіге қарағанда әлсіз болатынын айтады. «Қаракөк не жүйрікті алам, не берікті алам» деген мәтелден берік аттардың қаракөк түстен шығатынын байқаймыз [6, 41]. Сонымен қатар, халқымыздың тілінде жылқы малының түр-түсіне байланысты алалы жылқы, ақтылы қой, ала тайдай бүлдіру, ала айғырдан ала аяқ тумаса да, ала тұяқ туады, бір биеден ала да туады, құла да туады т.б. деген сияқты ФТ-терді кездестіруге болады. Жұмыстың келесі тараушасы 1.3.3 «Сыны мен бабына қатысты уәжділік» деп аталады. Сақ заманынан бері қарай қазақ даласы жылқының неше алуан әдемі, сұлу мүсінділерін баптаған. Әдебиетші-ғалым Ж.Дәдебаев қазақ халқының тұлпар баптаудағы көп ғасырлық бай тәжірибесі біздің қолымызға түгел жетпегенін, оның көпшілігі ерте дәуірдегі білгірлермен бірге ұмыт болғанын айтады [7, 5]. Әр түрлі деректер арқылы бүгінгі ұрпаққа жеткен ат сыны, ат баптау үлгілері сол байырғ Скачать |