Фузариум соляни саңырауқұлағымен зақымданған картоптағы пероксидаза ферментінің активтілігі


Фузариоз проблемасы ауылшаруашылық өсімдіктері үшін өте маңызды болып саналады. Бұл проблема глобалдық мағынаға ие болған.

Осы ауруды топырақ саңырауқұлағы (F. solani және F. roseum) туғызады. Олар әр түрлі топырақта кездесетін, спора түрінде көптеген жылдар бойы сақталады. Ең көп таралған және қатерлі болып Fusarium solani саңырауқұлағын айтуға болады. Инфекция споралары бар топырақ бөліктерімен жұғады. Бұл ауру қыстық - көктемдік кезеңдегі картоп шығынының негізгі себебі болып саналады. Осы ауру әсерінен сақтау кезеңінде шығын 20% дейін жетеді. Фузариоздық аурудың зияндық әсері түйіндер шығынымен ғана емес, инфекцияланған түйіндерді себу кезінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, ал ол өз кезегінде түсімнің азаюына себеп болады. Ал инфекцияланған түйіндердің кейбіреулері өспей, шықпай қалады. Ол ауылшаруашылығына өте көп шығын алып келеді.

Осы мәселені шешудің бір көзі - ол Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтардың әсеріне төтеп бере алатын өсімдіктердің метаболизмін зерттеу болып отыр. Соған байланысты көптеген ғалымдар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Қазіргі кезде зерттеушілер патоген мен өсімдік қатынасының молекулалық механизмін зерттеуге көңіл бөлуде.

Соның ішінде картоптың патогенге тәуелді пероксидаза ферментін зерттеу өте маңызды. Пероксидаза индукциабильді, көп функционалды фермент болып келеді. Судың асқын тотығы немесе молекулалық оттегі көмегімен әртүрлі химиялық заттарды тотықтырып, жоғарғы улы қосылыстар (хинондар) немесе полимерлер түзіледі. Ал сол полимерлер өз кезегінде қорғаныштық қызметі бар болғандықтан (лигнин, суберин) инфекцияның кіруіне бөгет болады. Соған байланысты бұл фермент өсімдік иммунитетінде үлкен орын алады.

Бұл жұмыстың мақсаты – Fuzarium solani саңырауқұлағы залалдаған картоп клеткаларындағы пероксидаза ферментінің активтілігін зерттеу. Мақсатқа байланысты туатын міндеттер:

  1. Fusarium solani саңырауқұлағының өсу қисығын тұрғызу.
  2. Картоп клеткаларын in vitro сұйық ортада өсіру.
  3. Пероксидаза ферментінің Fusarium solani саңырауқұлағы залалданғандағы клетка сыртылық және клетка ішілік формаларын бөліп алып, олардың активтігін анықтау.



Скачать