Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау
Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады. Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны, жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік жағдай мониторингі деректерінен айқын байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс тілді қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Республиканың бес облысында – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ мектептері мен қазақ бала бақшаларының саны артты. Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда. Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп, оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология жөніндегі салалық бағдарлама енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде. Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан, ол көптеген қазақстандықтардың балаларын қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік тілде білім алуы үшін жағдай жасауға ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша білім беруді қалайтын қазақстандықтар санының артып отырғанын байқатты. 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары санының көбейіп келе жатқаны да қуантады. Республика бойынша екі мыңға жуық өзге тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан да білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп енгізу және халықтың ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймыз. Сонымен негізгі міндетіміз – біздің азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін қалыптастыру. Біріншіден, бұл қоғамдағы өзара түсіністікке әсер етеді, екіншіден, тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі, еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысының ұлттық жаңғыру мектебінде этникалық диаспоралардың өкілдері үшін «Қазақ тілі және мәдениеті» атты бөлім ашылған. Педагогтар балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығының күннен күнге артып отырғандығын байқауда. Егер қазақ сыныптарына 2002 жылы 30 бала қатысса, 2004 жылы олардың саны 50-ге жетті. Риддер қаласында он жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Шаңырақ» атты қазақ жексенбілік мектебі мемлекеттік тілді үйрету тәжірибесін мол жинақтаған. Осы жылдарда мектепті мемлекеттік тілде жетік меңгерген этникалық топтардың ондаған өкілдері тәмамдады. Осы мектепте білім алушылар қазақ тілі пәні бойынша облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атануда. Сондай-ақ осы мектепті бітірген талантты әрі қабілетті балалар бүгінде жоғары оқу орындарында оқып жүр және қазақ тілінен сабақ беруде. Мысалы, Марина Бухарина – «Тіл – достық дәнекері» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурстың жеңімпазы атанды. Шығыс Қазақстан университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істейді. Сол мектептің түлегі Семенова Олеся жоғары оқу орнын аяқтап, Риддер қаласындағы №3 мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сол «Қазақ тілін меңгеру – қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі» бастамасы қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде тату-тәтті өмір сүруіне және қазақстандық патриотизмнің негізі болуға әбден лайық. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту — еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу — ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. 1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда жүзеге асты? «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелді халық тіршілік заңдылықтарына сүйене отырып айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи кұбылыс. Оған жанды дүниенің өсуіне қажет жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ адам алақаны табиғатқа аялылық таныта бермейтіні де анық. Меніңше, мәселе осында. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз ықпалын қатты тигізіп отыр. Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет — мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздер нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар, бекітілген бағдарлама бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып, қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени қызметін сақтау Скачать |