Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерi Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады. Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең. Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі, сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістері, бір жағынан, тілдің этос, пафос, логос тәрізді қоғамдық тіршілігімен, екінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты қарастырылады. Сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісі. Сөздің коммуникативтік сапасына “дұрыс” – “бұрыс”, “орынды” – “орынсыз”, “сөзі бай” – “сөзі жұтаң”, “бедерлі” – “бедерсіз” деп баға беруде (Р.Сыздықова, Х.Нұрмақанов, М.Серғалиев, Н.Уәлиев т.б.) мәтіннен (сөз құрылымынан) сәтті немесе сәтсіз фактіні бөліп алып, талдау негізгі әдістің бірі болды. Бірақ бұлайша талдау, бір жағынан, дұрыс болғанмен, екінші жағынан, мәтіннің тұтастай алғандағы коммуникативтік сапасының бағасы емес, оның үзігі жөнінде ғана баға. Алайда мәтінде кездесетін формалды құрылымдық сәтсіздік кездейсоқ, жекелеген ғана факті болуы ықтимал. Сондықтан сөздің коммуникативтік сапасы сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысы болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың “айтсам”, “жазсам” деген діттемі, “нені айтсам” (жазсам), “қалай айтсам” (жазсам), “кімге айтсам” (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, сөйлеушінің/жазушының санасында болашақ сөздің ішкі нобайы жасалады. Сонымен, коммуникация теориясында коммуникация тек вербалды кезеңнен ғана емес, коммуникацияға дейінгі кезеңнен, коммуникациядан кейінгі кезеңнен тұратынын, бұлардың ішінде вербалды кезең формалды тілдік құрылымға, ал коммуникацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер тілдік емес құрылымдар екеніне көңіл бөлу қажет. Осымен байланысты белгілі бір мәтіннің сөз сапасын талдап, сипаттау, тексеруді ойдағыдай жүзеге асырып, сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тілдік құрылымдарды объективті ақиқат, психология, когниция, әлеуметтік, эстетикалық, этикалық т.б. тілдік емес мәнділіктермен байланысты қарау негізге алынды [7, 24]. Мұның өзі сөз актісінің нәтижесі болып табылатын, мәтінмен ғана шектелмей, коммуникацияға қатысушылар факторына көңіл бөлудің, коммуникативтік ситуацияны мәтінмен байланысты қараудың қажеттілігін көрсетеді. Әдетте адресант өзінің сөзін көздеген коммуникативтік мақсатына, діттеміне, сөз стратегиясына, тыңдаушымен өзара ықпалдастық тактикасына, қарым-қатынас ситуациясына, уақиғаның барысына қарай құрады. Сөйлеушінің алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік діттемін тыңдаушының зерделеуі (интерпретациялауы) тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі белгісі болып саналады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы, коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды жайт болып табылады. Адресаттың айтылған сөз бен сөйлеушінің нені айтқысы келіп отырғанын салыстырып, сөз ауанын түсінуі адресаттың тілдік, әрі коммуникативтік құзіреттілігіне жатады. Осымен байланысты зерттеуде коммуникациядағы сөз субъектілері (адресант/адресат) түпқазық категория ретінде алынады. Адресаттың айтылған сөзді ұғынуы тек тілдік құзіретпен шектелмейді. Сөйлеушінің интонациясын, пресупозициялық, аялық білімін, уақиғаны, т.б. салыстыра отырып, коммуникатордың коммуникативтік діттемін зерделеуі (интерпретациялауы) коммуникативтік құзіреттілікке жатады. Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін тыңдарман/оқырманның қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады және адресаттың білім дүниелерімен санасады. Сөз субъектісінің мәртебесі қарым-қатынас мақсатына, адресаттың кім екендігіне қарай, қарым-қатынас жағдайына қарай өзгеріп отырады [8, 98-100]. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді. Автор өзінің айтпақ ой-сезімінің адресатқа мүмкіндігінше толық жеткізу мақсатын көздейді. Реципиент мәтінді толық түсінуі үшін, автордың реципиент білімінің деңгейімен санасуына тура келеді. Реципиентте коммуникативтік акті шеңберіне сай білім мөлшері, көлемі жеткілікті болуға тиіс. Оған реципиенттің тезаурус көлемі, вербалді ойлау аппараты, белгілі бір ақиқат туралы қажетті білімнің мазмұны кіреді. Адресаттың іс-әрекеті белсінділік таныту, ден қою, назар аудару, қабылдау фреймдерін қалыптастыру болып табылады. Адресат “түсіну стратегиясын” басшылыққа алады. Түсіну стратегиясы, бірінен кейін бірі ретімен айтылған таңбалар тізбектерінің қандай мағынада екенін түсінуден басталып, сөйлеушінің нені айтпақ болғанын ұғынумен, ой елегінен өткізумен аяқталады. Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздің ойдағыдай өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі. Мәтінді тек автор туғызбайды, мәтін автормен адресаттың тілдік ойлауының өзара әрекеті. Мәтін – коммуникацияның нәтижесі, әрі коммуникациялық бірлік. Н.Д. Арутюнова адресат факторын есепке алу, сөз актісінің тиімді болуының шарты деп көрсетеді. Мәтін мен оқырман арасындағы диалог, яғни мәтін тасасында тұрған автормен диалог, олардың ақиқат өмір туралы, айнала қоршаған әлеуметтік ақиқат туралы, олардың санасындағы әлеуметтік психологиялық стереотиптердің түйісуі шарт. Ал бұл түйісу стереотиптер жүйесі ортақ болғанда ғана жүзеге асады. Адресат факторын ескеру сөздің (речь) тілдік құрылымына енетін таңбаларды дұрыс, тиімді, діттеген мақсатқа орай таңдауға ықпал етеді. Когнитивтік санасында белгілі бір ой-пікір, сезім тілдік тұрғыдан объективтенгенге дейін адресант адресаттың әлеуметтік статусы, жас, жыныс ерекшелігі, таныс, бейтаныстығы т.б. жөнінде азды-көпті “байыптап” алады. Адресант-автордың бұл “байыптауы” коммуникацияның құрылымына кіреді. Адресат факторы, әсіресе сөйлеген (жазған) сөздің орындылығы деген коммуникативтік сапаны айқындап тұрады. Сөйлеген (жазған) сөздің тілдік құрылымы қаншалықты дұрыс, шеберлігі жағынан мінсіз болғанмен, адресат факторының ескерілмей қалуы сөздің коммуникативтік сапасын төмендетіп, тілдік қарым-қатынасқа кедергі келтіруі мүмкін. Адресат факторының функционалдық стильдердің бәрінде бірдей еместігі байқалады. Әсіресе сөйлеу тілінде, ауызша сөзде адресат факторына мән берудің өзінше ерекшелігі бар, өйткені адресаттың әлеуметтік сипатына бетпе-бет сөзде ерекше мән беріледі; шаршысөзде, радио=,телехабарларда адресат факторына ерекше көңіл бөлуге тура келеді: адресат (көпшілік) айтылған сөзді ықыласпен тыңдап отыр ма, әлде сөзден жалыға бастады ма? Адресаттың сөзге деген ынта-зейіні, сөйлеушіге деген назары коммуникатордың үнемі бақылауында болып отыруға тиіс; көрермен, тыңдармандарды коммуникатор экран, қабылдағыш алдынан кетіп қалмай, қызыға тыңдау үшін сөзді диалогтендіру, интимдендіру сияқты тілдік тәсілдерді қолдануға мәжбүр болады. Сондай-ақ іскери сөзде де адресат факторының өзіндік функциясы бар. Сөйлеуші адресаттың әлеуметтік рөліне қарай сөзді демократияландырып, я болмаса әкімшілдендіріп отырады немесе тепе-теңдікті (паритеттілікті) сақтайды. Адресат факторы көркем әдебиет стилінде де ескеріледі. Қайсібір көркем сөз шеберлерінің шығармаларында автор арнайы тілдік тәсілдер арқылы оқырманмен сырласып отырғандай, оқырманның жанында отырғандай әсер қалдырады. Ғылыми стильде адресат факторы “маман” – “маман” деген формулаға сай қолданылады, адресаттың білім деңгейлері шамалас болады, екеуіне де ортақ білім қоры болады. Сөз актісінде екі сана – адресанттың және адресаттың санасы жұмыс істейді. Осы екі сананың мүмкіндігінше бір-біріне сәйкес келуі коммуникацияның сәтті болуына оң әсерін тигізеді [9, 136]. Сөз авторы өзінің санасында қорытылып, өңделген ақпаратты кодқа салады. Ал адресант кодқа салынған әртүрлі ақпаратты (мазмұндық, эмоционалдық, бағалауыштық т.б.) мүмкіндігінше дұрыс ашуға тырысады. Автордың когнитивтік санасында өңделген ақпарат пен адресаттың санасында қабылданған ақпарат мүмкіндігінше алшақ болмауға тиіс. Ол үшін автор мен адресаттың білім қорында біршама ортақтық болуға тиіс. Алайда тілдік ұжым мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім қорының құрылымы күрделі болып келеді. Олар тілдік білім, тілдік емес білім, аялық білім деп үлкен үш топқа бөлінеді. Тілдік білім “сөйлеушінің (жазушының) тілдік құзіреті” деген ұғымды аңғартады. Белгілі бір тілді тұтынушы тілдік таңбалардың мағынасын жақсы білуге, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстырып, ой-сезімін білдіре алатындай болуы шарт. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант-сана мен адресат-санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл – коммуникацияның ойдағыдай өтуінің алғышарттарының бірі. Автор мен адресаттың арасындағы коммуникацияның ойдағыдай болмағы тілдік емес факторларға да байланысты болады. Әсіресе “маман” + “маман” (дәрігер) арасындағы Скачать |