Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктеріАна тілі – ұлттықтың, елдіктің қамалы. Тіл – халықтың ажары, базары, бағы. Ұзын ғасырларға тамыры бойлаған ұлттық мәдениетіміздің шырыны да, салт пен санамыздың сәні де, дәстүрімізбен ұлттық табиғатымыздың мәйегі де – тіл. Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше. Бүгінде еліміз еркіндік алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Десек те, қазақ тілінің мәселесі бүгінгі таңда өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр. Қазақ тілін дамытуды біреулер жоғарыдан, билік басындағылардан бастау керек десе, енді біреулер қазақ тілінде оқытатын және қазақы тәрбие беретін балабақшалардан бастау керек дейді. Қайткен күнде де қазір қолға алмасақ, ертең санымызды соғып қалатын жайымыз бар. Сондықтан ұсақ-түйек деп санайтын жайлардан бастасақ: қоғамдық көліктерде тек қазақша хабарласа. Темір жол, автобекеттерде қазақ музыкасы немесе күйлері ойнап тұрса. Қазақ тілі Қазақстанда сөйлемегенде, қайда сөйлейді? Бүгінгі күні көкейкесті мәселеге айналып, ұлтжанды азаматтардың орынды алаңдауын тудырып отырған жай: қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл, оқылмайтын шалажансар тіл. Өз тіліміз өз көшемізден көрінбей жүр. Қазіргі қазақ қоғамы нарықтық қарым-қатынасқа көшкен уақытта жер мен көкті жарнама жаулаған заман. Көшеге шықсаңыз - жарнама, теледидар, радио қоса қалсаңыз - жарнама. Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы.(2. 86) Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Энциклопедиялық, лексикологиялық, мағлұматнамалық, терминологиялық еңбектерде берілген анықтамалардан шығатын қорытынды – «жарнама – спектакль, концерт немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауық туралы хабарландарудың бір түрі». (4.9) Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады. (4.11) Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді: - сыртық жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар) - теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер) - парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштері) - газер жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері) (4.11) Бүгінде жарнаманың жаңа түрлері мен жаңа қалыптары пайда болуда, алайда жарнама мәтінінде әрдайым негізгі, жетекші қызметті сөз атқарады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Алдымен қазақ елінде қазақ тілінде әзірлену керек. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенініді білмей қайран қаласың. Бірен-сраны болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін мысал келтірейін: Строиетельные материалы Құрылыс заттары Оптом и в розницу Көтерме және бөлшек. (Әбілхайыр хан даңғылы) Бұл мысалда сөйлем тиянақсыз, аяқталмаған. Негізгі ой – құрылыс заттарының көтерме және бөлшке бағамен сатылатындығында, яғни бұл сөйлем «баға» деген сөзді керек етіп тұр. Демек, «Құрылыс заттары. Көтерме және бөлшек бағамен» десе сөйлем түсінікті болар еді. Немесе калька тәсілімен аударылған тағы бір мына мысалға назар аударыңыз: Ген победителя в каждом Жеңімпаз гені әр (Әбілхайыр хан даңғылы) Адресанттың не айтқысы келіп, қандай ой жеткізгісі келгені белгісіз. Мағынаға мән беру атымен жоқ. Магазин продуктов и промышленных товаров. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары дүкені. (Құрманғазы көш.) Бұл мысалда «тауарлар» деген сөзге ілік септігін, яғни «-нің» жалғауын қоссақ, сөйлем түсінікті, мәтін сауатты құрылған болар еді. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының дүкені. Кейбір сөздердің, терминдердің аудармасы болар тұра, орыс тілінде қазақ тілінің қосымшасымен жазылып жатады. Мысалы, Ремонт автомобилей Автомобильдер жөндеу.(Әбілхайыр хан даңғ.) Автомобиль – адам немесе жүк таситын машина, яғни көлік. Неге «автокөлік жөндеу» демеске? Активная семья Активті отбасы Активный город. Активті қала Активный студент Активті студент Активное время Активті уақыт Активные слова Активті сөздер (Әбілхайыр хан даңғ) Енді бұл мысалды талдап көрелік: «актив» сөзінің бірінші мағынасы – белгілі ұйымның беріле, белсене істейтін мүшесі. Ал екінші мағынасы - өндіріс орындарының құнды зат я аласы, ақша бұйымдары. Демек мысалымыздағы «активті» сөзінің аудармасы – «белсенді». Белсенді отбасы, белсенді қала, белсенді студент, белсенді уақыт, белсенді сөздер десек орынды болар еді. Кейбір қазақ тіліндегі жарнамалар мәтіні орыс тіліндегі жарнама мағынасынан бөлек. Мысалы, Самые привлекательные тарифы Ең тартымды тарифтер тізімі. (Әбілхайыр хан даңғ) Орыс тіліндеігі мәтінде «тізім» деген сөз, «тізім» туралы ой да жоқ. «Ең тартымды тарифтер тізімі» болуы үшін «список самых привлекательных тарифов» болуы керек емес пе? Яғни «тізім» - «список» деп аударылады емес пе? Белая техника Ақмаржан техника (Еуразия даңғ) Деген жарнамаға зер салайықшы: «белая техника» деп тұрған – кір жуатын машина, тоңазытқыш, плиталар, қысқатолқынды пештер, яғни бір сөзбен айтқанда тұрмыстық техника. «Ақмаржан техника» деу тіпті сауатсыздық! Ақмаржан сөзінің мағынасына үңілсек, «маржан» деген тастың түрі, орысшасы – коралл, ақмаржан – белый каралл. Белая техниканы ақмаржан техника деу өте орынсыз, ойға сыйымсыз. Для всех кто ищет! Кім іздесе, солардың бәріне! Для всех кто выбирает! Кім таңдаса, солардың бәріне! (Петровская көш) Бұл жарнаманың адамға әсер ету қызметі өте төмен. Неге дейсіз ғой? Өйткені кімнің нені іздейтіні, нені таңдайтыны беймәлім. Бір сөз бірнеше рет қайталанып, естір құлаққа да жағымсыз. Іздеушілер мен таңдаушылар назарына! десе де айтар ой жетімді болары анық. «Кулинария жалға беріледі» деген сөйлемдегі «кулинария» сөзі кез-келген сөздікте «аспаздық, аспазхана» деп берілген, күнделікті сөйлеу тілімізде де кулинария аспазхана деп қолданылады. Неге екені белгісіз, жарнамалауға келгенде «аспазхана жалға беріледі» делінбейді. С новым кодом! Жаңа префиксіңізбен! (Достық даңғ) «код» деген сөзді талқылайық: «код» - шартты белгілер жүйесі, мысалы телеграф коды (телеграфный код), сигнал коды (сигнальный код). Префикс – лингвистикалық термин, сөз алды қосымшасы. Код пен префикс екі бөлек түсінік, жарнамада сан, белгі жөнінде айтылып тұрғандықтан, жаңа кодыңызбен деген түсініктірек болар еді. Бұл мысалдар толғанысымды дәлелді ету үшін келтірілген болатын. Көшеміздегі жарнамаларда мұндай шалалық сауатсыздық кең етек алып бара жатырғаны ащы шындық. Қазақ жарнамаларында шетелдік жарнамалардың көшірілуі байқалады, ұлттық мәдениет белгілерінің жасанды өзгертілуі көзге айқын көрінеді.Бұлар- қазақ жарнамаларының ықпал ету қызметін төмендетеді. Әрине, «іші – алтын, сырты – күміс» сөз жақсысын келістірген сәтті аудармалар да бар. Мысалы, «еселеп артар кірісің, үнемді болса әр ісің» - «тройной результат без лишних затрат», «зачем полцарства за коня!»-«астыңдағы атыңды алты ай іздеме!». Бұл аударма тіл емес, қазақша мәтін, ой. Сочитание качеста и цены! Сапа мен баға үйлесімділігі! Қандай тамаша аударма.Артық жалғаулар мен жұрнақтар жоқ. Әрбір сөз орнында тамырын терең жайып тұр. Әрбір сөз бір-біріне сай келетін сөздер. Бірнеше мысал келтірейік: Офисный мир кеңсе әлемі Звонки на все мобильные по одной цене! Барлық ұялы байланысқа қоңырау бір бағамен! Все для отделки и ремонта! Бәрі де өңдеу және жөндеу жұмыстары үшін! Присоединяйся! Бізбен бірге бол! «Құлақтан кіріп бойды алар» дегендей қандай керемет аудармалар.Нағыз өмірге сән беретін құбылыс.Осыларға қарап күнделікті өмірде де бір жаңалық барын білеміз, десек те қазақша жарнама тілін қалыптастырып, ұлттық бояуды сақтап отырсақ іргесі берік ел болатынымыз айғақ. Бұл тек біздің облысытың емес, Республикалық деңгейдегі үлкен мәселе. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, көрнекі ақпарат пен жарнаманың аударма нұсқасын е Скачать |