Ғабдуллин Серік (1937 ж.)


Ғабдуллин Серік (1937 ж.)

 

Сөйле менің жүрегім, сөз келгенде, Шаршы топта сайрайтын кез келгенде. Таразылап тарт ойды безбендерге Көңілімнің сырын айт көз көргенге Өркен жайып өмірім өзгергенде, Сөйле менің жүрегім сөз бергенде -, деп өзі жырлағандай, жерлесіміз Серік Ғабдуллин есімімен де, творчестволық ісімен де облыс жұртшылығына танымал ақын.

Серік Ғабдуллаұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шымқора ауылында 1937 жылы 17 тамызда туған. Ел қатарлы орта мектепті аяқтап, ауылшаркашылығында жұмыс жасап, отбасын құрғанннан кейін Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. Сол жылы облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қызметке орналасты. Кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда кәсіби мамандығын ұштап, табиғи талантын таныта білді.

Серік Ғабдұллаұлының барлық саналы ғұмыры облыс аумағында өтіп, оның өсу- өркендеубағыты жөнінде көптеген мақақалар жазды. Өндірісті қаланың өнеркәсәп, құрылыс, транспорт, білім беру мен мәдениет салаларына елеулі үлес қосты. қарапайым металлург, құрылысшы, жүргізуші, кенші, дәрігер, мұғалім т.б. салалардағы еңбек адамдарының табыстарын насихаттап, халық шаруашылығы саласындағы кемшіліктерді сын тезіне салды. Ол газет жанрының қарапайым түрі- хабардан бастап, суреттеме, репортаж, сұхбат, очерктерді бірдей меңгерді. Сондай-ақ, ол «Коммунизм туы» газетінде ай сайын тұрақты түрде «Жас дәурен» бетін ұйымдастырып, жас ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосты. Облыстық, қалалық комсомол комитеттерінің мүшесі болды.

Серік Ғабдуллаұлы 1991 жылдан халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болғанда оның қасынан Өскеменде тұратын ұлт өкілдерінің «мәдени орталығын» құруға бастама көтерді.   Облыстық «Ақсақалдар алқасын» құруға, облыстық мешіттің ашылуына мұрындық болды. Сол жылы облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт » жас ақындар мектебін ашты.  «Шабыт» және «Звено Алтая» ақындар мектептерінде жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына белсенді жетекшілік жасады. Осы шығармашылық ұйымдар күні бүгін жұмыс істеп келеді. С. Ғабдұллаұлының облыс өмірінде алар орны бар. Ол облыс орталығында шығатын республикалық, әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының шығуына белсенділік танытты. Журнал қазақ-орыс тілдерінде 2001 жылдан бері тұрақты шығып келеді. С. Ғабдуллаұлы осы журналдың Бас редакторы.

Кәсіптік және қоғамдық жұмыстарды абыройлы атқарғаны үшін қырық жыл жүзінде ҚазақССР, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет, облыстық қалалық партия комитеттерінің жоғарғы марапатына ие болды. 2007 жылы Қазақстан республикасы Президентінің «Құрмет грамотасын», 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды. Өскемен қаласының құрметті азаматы. Серік Ғабдуллаұлы Қазақстан Журналистер, Қазақстан Жазушылар Одақтарының мүшесі. Оның қаламынан туындаған «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем – көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», «Ұланғайыр», «сөйле, менің жүрегім», «Алтай асу», «Седой тулпар» т.б. кітаптары және жетпіс жасқа толуына байланысты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген.

Шығармалары:

Ғабдуллаұлы С. Алтай асу [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. — Алматы : Қазақпарат, 2002. — 140 б.

Ғабдуллаұлы С. Ұланғайыр [Мәтін] : Өлеңдер мен толғаулар / Ғабдуллаұлы С. — Өскемен : Медиа-Альянс, 2003. — 356 б.

Ғабдуллаұлы С. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2, 2007. — 357 б.

Қауырсын қанат [Мәтін] / ред. С. Ғабдуллаұлы . — Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2009. — 170 б.

Ғабдуллин С. Сөйле,менің жүрегім [Мәтін] : Өлеңдер мен балладалар / Ғабдуллин С. — Семей : Б.ж., 1998. — 131 б.

Жылдардан жеткен жаңғырық [Мәтін]. — Өскемен : Полиграфия, 1995. — 135 б.

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 1 : К. Оразалин. — Алматы : ҚазАқпарат, 2008. — 274 б.

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. Т. 2 : К. Оразалин. — Алматы : ҚазАқпарат, 2008. — 413 б. Ғабдуллаұлы С. Ақиқатты айтар жалғыз жыр ғана [Мәтін] : Қазақстандағы жаңа поэзия= Новая поэзия Казахстана / Ғабдуллаұлы С. // Күміс күйме= Явь и сны. — Алматы, 2001

Ғабдуллаұлы С. Қош келдің, наурыз! [Мәтін] / Ғабдуллаұлы С. // Ақ Ертіс=Иртыш. — 2008. — №2. -  С.  Б. 3.

 

С. Ғабдуллин туралы:

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. [2-ші кітап] : С. Ғабдуллаұлы. Х. Балшабеков. Ғ. Байбатыров. К. Ерқасов. — Алматы : ҚазАқпарат, 2008. — 326 б.

«Жоба тап, жол көрсет, Келешек қамы үшін…» : Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған аймақтық конференцияның материалдары (29 қараша 2008 жыл) [Мәтін] / Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақстан-Американдық еркін университеті. — Өскемен : КАСУ, 2008. — 170 с. (Введено оглавление)

Ғабдуллин, Серік. Серке сезім сөгіліп көбесінен [Мәтін] : [Белгілі ақын, жерлесіміз С. Ғабдуллинге -  55 жас] / С. Ғабдуллин // Дидар. — 1992. — 15 қыркүйек

Тасқараұлы, Азамат. Өлең сәулесі [Мәтін] : [жерлесіміз С. Ғабдуллаұлының шығармашылығы] / А. Тасқараұлы // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. — Өскемен, 2009. — N 4 (Мамыр). -  С. 23.

Ақын Серік Ғабдуллинге [Мәтін] : [Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылдануына байланысты обл. ақсақалдар алқасы мен мешіт алқасы мүшелерінің құттықтауы] // Дидар. — 1994. — 1 желтоқсан.- Б.

Аллабергенұлы Д. Ақын ол жүрегінен жыр тудырған [Мәтін] / Аллабергенұлы Д. // Семей таңы. — 2007. -  8 қыркүйек.- Б.7.

Қаңтарбаев Ә. Ақын жүрек келеді көшеменен [Мәтін] : [Жерлес ақынымыз С.Ғабдуллиннің "Сөйле менің жүрегім" атты кітабы жайында] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. — 1998. — 21 наурыз

Құмарбекұлы М. Өтті жылдар атой салып, ту ұстап… [Мәтін] : [ақын С.Ғабдуллиннің 60 жылдық мерейтойына орай] / Құмарбекұлы М. // Дидар. — 1997. — 16 тамыз

Сарсенбайқызы Ғ. Туған елдің құрметі [Мәтін] / Сарсенбайқызы Ғ. // Дидар. — 2004. -  5 маусым.- Б.6

Сәрсенбайқызы Ғ. Тұған елдің құрметі [Мәтін] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Ұлан таңы. — 2004. -  26 маусым.- Б.Б6

Ғабдуллаұлы, Серік. Тірлік еріктірмейді, заман зеріктірмейді… [Мәтін] / С. Ғабдуллаұлы // Дидар. — 2010. — 18 тамыз.- Б.5.

Ахметқалиев, Азамат. Серік Ғабдуллаұлы шығармашылығы туралы [Мәтін] / А. Ахметқалиев // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. — Өскемен, 2010. — N 8.- Б.39-42.

Қасым , Азамат. Оттыққа деген құмарлығы керемет [Мәтін] : [Ақын С. Ғабдуллиннің хоббиі туралы] / А. Қасым  // Дидар. — 2011. — 8 маусым.- Б.5.

 


Скачать