Шәді ақынның діни тақырыптағы дастандары
Шәді ақынның діни тақырыптағы дастандарыҚазақ елініњ оқу мен өнерді үйренуініњ аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттыњ тұрмыс жаѓдайына баса назар аударѓан , сонымен бірге арѓы - бергі хандарымыздың өмірбаянына үњіліп, бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы ақындарымыздыњ бірі – Шәді Жәњгірұлы. Ақын 1855 жылы Оњтүстік Қазақстан облысыныњ Созақ жерінде д‰ниеге келген . 1861 жылы Тоғыз жасында Шәдіні әкесі ауыл молдасына дәріс алсын деп береді . Зерек , алғырлығымен Шәді хат танып шығады. Келер жылы әкесі Шәдіні Шаян мешітінің молдасына береді . Осында оқып жүріп Щәді өз бетінше қисса, хикаяларын оқуға дағдыланады.1864 жылы Шәді Шымкенттегі Абдолла Шәріп дейтін ғұламадан дәріс алып , араб- парсы тілдерін меңгереді . 13 жасар баланың қабілетін таныған Шәріп оған «1001 түн» , «Тотынама» , «Шахнама» сияқты ертегілерін үнемі айтып , оқып беріп отырған . Ақын үлкенді-кішілі 18 дастан, поэма, қисса–хикая, бірсыпыра өлең-жыр жазып бастырған. Шәді өз шығармаларын көбіне XIX ғасырдың 80-90 жылдары , әсіресе XX ғасырдың алғашқы он жылдарында жазған. Шәді көбіне хикаялармен , дастан жазады. Өйткені, жасынан шығыс классиктерін оқып, солардан сусындаған таланттың шығармашылығы – дастандар еді. Олар: «Хикаят Орка - Күлше», «Хикаят Қамарзаман», «Тарихат», (Абылай хан жайында дастан ) , «Назым сияр Шәриф» , «Тарихнама» т.б. /2.210-211 Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса- дастандарын жетік білген және соның салдарынан сол замандағы көптеген мәселелер бойынша діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп дәріптеді. Ол дінді- ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді . Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті , мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді , қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады . /2.211/ Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе , екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ «Нұр» сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек . Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып , әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе , кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді. /5.70/ Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де «Назым сияр Шәрифтен» оқимыз: Ғабдолла Әмина атты әйел алды, Ибраһим тәртібімен некеленді. Әуелі кездескенде Ғабдолламен , Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті , Пайғамбар тумай жатып өліп кетті . Алланың әмірімен Мұхаммедті , Құрсақта анасының жетім етті . Ақынның мәліметі бойынша , соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсіндіріп айтқан емес ./2.211/ Мекке арабтарында сол кезде жас баланы көшпенділерге тәрбиеге беру салты қалыптасқан екен . Осы әдет бойынша жыл сайын олар келіп , Меккеден сәбилерді алып қайтады екен . Жан-жағын тау қоршаған, барлық жағынан санитарлық нормаға сәйкес келмейтін : ауасы тар , ыстық, сасық қалада сәбилер өлімі 10 пайызға дейін жеткен . Неше түрлі адамдар келіп-кететін қалада әр түрлі жұқпалы аурулар көп таралған. Сондықтан шамасы келген отбасы ақыларын төлеп , сәбилерін сүті бар көшпенді әйелдерге өсіріп беруге берген . Бұл әдет жылына екі рет : көктемде және күзде жүзеге асатын . Көктемде Бату Саад тайпасының әйелдері қаланы аралап бала ала бастағанда сәби Мұхаммедті (ғ.с.) ешқайсысының алѓысы келмейді , өйткені оның жетім екенін біліп , оған уақытылы ақы бермейтін шығар , егер шешесі күйеуге шығып кетсе , мүлдем төемейтін шығар ,- деп, баланы алғысы келмейді . Сол уақытта ешқандай бала ала алмаған Халима , күйеуі Әл Харрус және бала алған құрбыларының алдында өзінше намыстанып , амалсыз Мұхаммедке (ғ.с.) сүт ана болады . Ол өлімді жан , ол қайдан білсін , Қандай адамға сүт ана болатынын , қандай адамға оның сүтінің керек болатынын ? /4/ Халиманың Мұхаммедті (ғ.с.) әкелгендігі оған бақыт-байлық , ырыс болыпты .Бұрын жоқтық көріп , үнеиі қарыздан шықпай жүрген бұл отбасына ойламаған жерден береке келіпті , істері ілгері басып , ел қатарына қосылыпты . Мұхаммед (ғ.с.) те ешбір қағажу көрмей , өз ата-анасындай болып кеткен осы отбасының бір мүшесіндей сезініпті өзін. Алайда ойламаған жерден Мұхаммед (ғ.с.) сөйлеп , күтпеген жерден жүріп, тез өсіпті , бұл туралы дастанда : Расул өзгелерден тез ер жетті , Екі айда еңбектемей жүріп кетті . Сөйлеуге үш-төрт айда тілі кепті , Әуелі «Бисмиллә» деп сөзге кепті , Төрт айда балалармен жүріп кетті . Мұхаммед (ғ.с.) жасынан қасиет иесі еді , оның ең үлкен киелігі сонда – тілінің «Бисмиллә» деп шығып бірден Калимаға келуі дер едік . /2.216/ Біздің көпті көріп , көнектің түбін тескен ата-бабамыз : Әуелгі сөз бисмиллә , Бисмилләсіз іс қылма,- деп тегіннен-тегін айтқан емес,бұл жағдайды бір Алланың құдіреті деп білеміз , халқымыз : «Құдайсыз қурай сынбайды» деп біліп айтқан. Шәді Жәңгірұлының «Назым сияр Шәриф» атты дастанында пайғамбарымыздың жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды . Қаншама көпірлерді ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел , әр қырынан жырлапты. Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шәриф» дастанынан басқа , оның Ислам үшін шыққан ғазауыттарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Хайбар- жердің аты.Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан.Бұл соғыстың Ислам тарихында алар орны ерекше . Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қас – Ібіліс. Оның көздегені адам баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады.Әзәзіл Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің «Талбису Иблис» («Ібілістің айлакерлігі») деген еңбегі діндарлар арасына осы еңбектің желісіне құрылған. Шығармада Барсиса деген діндардың хақ жолында жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында айтылады . Шайыр осы шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісініңқұлы болмауға шақырған. /5.70/ Шәді «Ахуал қиямет» деген дастанын жазады. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы сәтінен бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне сүйсінбесе амал жоқ . /5/ Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір әректтің о дүниеге апарар сенің еншінің екенін еске салады . Демек, адам баласы тіршілікте істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы түсінген кісіге имандылыққа шақырған жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз екенін аңғаруға болады. Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын «идеямызға жат» деп бүркемклеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә.Тәжібаев ашына толғайды: «Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені көркем әдебиеттерді тану және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен.». /2.221-222/ «Ештен де кеш жақсы» дейді ғой халқымыз, көп жылдай жабылып келген перденің беті ашылды, қазір Шәді Жәңгірұлы сияқты жұртын, жерін, дінін бар жанымен сүйген ғұлама жандарымыздың туындысын оқып, зерттеп, өз халқына терең түсіндіру қажет демекпін. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы:Санат.-1994.-б.210-214 2. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім. – 1998. - б. 210-222 3. XX ғасыр басындағы әдебиет . Хрестоматия . – Алматы:Білім. – 1994. - б.30-34 4. «Жамбыл-Тараз» 2004 №4,№3,№2 5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Т.Қыдыр . – б.70 Скачать |