Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипатыШығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді. М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады. М. Жұмабаев шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде М. Жұмабаев шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз поэзияллық шығармаларын мен прозалық шығармларын салыстыра талдағанымызда көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды. Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады. М. Жұмабаев шығармаларындағы көркемдегіш амалдардың қолданылуы әрқилы.Өлењдегі эпиттер: жалғыз жан, толқын шаш, қарақат көз, алма қан, қозы көз.. Эпитеттер, біріншіден, кейіпкердің келбетін, портретін, өзіндік ерекшілігін нақты, дәл көрсетуге қызмет етеді; екіншіден, кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі жан сезімін ашады. Эпитеттердің құрылымдық жағына келсек, сын есімнен, кейде зат есімнен жасалынған эпитеттер көп кездеседі. Ақын өлендегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде кеейіпкердің кескін-келбетін, бет пішінін, сыртқы көрінісін, тұлғасын, портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін ашу үшін таптырмас тәсіл ретінде пайдаланады. -Ақ қанатты періште, Былдырлаған бұлақтай, Көрінген жанды күлдірген, Жаңа піскен бүлдірген, Балауса нәзік құрақтай («Мені де, өлім, әлдиле» Шығармалар жинағы., 111 бет) М. Жұмабаевтың өлеңіндегі теңеулер-эпитетті теңеулер. Мысалы, былдырлаған бұлақтай, нәзік құрақтай, оттай сұлу. Ақын өлендерінде метафоралар көп кездеседі. «Метафора тек ауыспалы мағына емес, ол өзі бойыа көптеген қасиеттер мен қызметтерді сыйғыза білген күрделі процесс. Метафораның табиғи болмысы бір уақытта екі мағынаны бір сөзде қатар өмір сүруіне икемделген» (3),-деп көрсетеді А. Нысанбаева Жібек бау, жынды жүрек, жібек мінез («Қарындасыма» Шығармалар., 78 бет), жібек түн («Фетше» 97бет), жібек жел, отты сүйіс («Күміс нұрлы ай» 68 бет) жібек тіл (Анама 124бет) метафоралары тек ақын қаламына тән метафоралар. Жазушы кейіптеу тәсілін де ерекше, өзінше бояу қосып қолданған. Жансызға жан бітіре суреттеп, көз алдымызға әкеледі. Мысалы: «Суға-айнаға қаранып, Салқынша леппен таранып, Қамыс та тұр тербелеп». («Жазғы жолда» 38 бет) «Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін !», «күн бетіңді көрей («Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін»161бет) Ақын өлеңдерінде синекдоха да эмоционалды- экспрессивті мәні жағынан ұтымды шыққан. Адам ұғымының орнына көбінесе табиғаттың керемет қырларынан немесе белгілі бір зат қолдану арқылы ақын өлеңнің кімге арналғанын және сол кейіпкердің қандай да бір ерекшелігін ашады. Мысалы: -Келші көзім, күн бетінде көрейін, Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін. Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін. («Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін» 161 бет ) Ақын синекдохасы қаратпа сөз болып келеді. М. Жұмабаев кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез құлқына қарай метонимия табады. Мысалы: Жас қырандар-балапан, Жайып қанат ұмтылған. Мен жастарға сенемін ! («Мен жастарға сенемін» 163 бет) Бұлардың барлығы образды қолданыстар. Ақын өлеңдерінде орыс сөздерін өркениетті өзгерістерді көрсетуде кейіпкердің мінез-құлқын ашуда, оның білім дәрежесін аңғартуда пайдаланады. Ақын өлендеріндегі кірме сөздер стильдік мақсатта қолданған. -Толстов, Колчак, Давй сюда коньяк Ой,Иван,аламан, Мені өйт, атаман ! Өрледі батыр, өрледі, Ағаш найза сермеді… Қарсы алдында қалтиған Николайды көрмеді… («Жай әшейін саясатымыз ғой… 162 бет» 162 бет) Әр қаламгердің өзіне тән стилі, сөз саптау мәнерлі, ой-толғау әдістері болады. Қаламгер ойын билейтін қуатты құрал-тіл, шұрайлы сөз. Осы шұрайлы сөз-халықтың тіл байлығы. М. Жұмабаевтың шеберлігі-халық тіліндегі қарапайым сөздермен өз айтарын оқырманына бейнелі, мәнерлі, айқын етіп жеткізуінде. Көркем әдебиетте қандай да бір әлеуметтік топтың қоғамдағы орнын, қарым-қатынасын даралап көрсетуде сол таптың тілдік қолданысына тән тілдік құралдар көркем шығармада кейіпкердің тұтастай алғанда белгілі бір топтың әлеуметтік ерекшелігіне хабар беретін стильдік көрсеткіштер саналады. Көркем образ жасауда қажетті көптеген амал-тәсілдер қатарында үлкен маңызға ие нәрсе –кейіпкер тілі. Кейіпкер тілі арқылы өзінің болмыс-бітімі мен қабілетінен хабардар етіп, өз орнын айқындайды. Сол кейіпкер бейнесі артында тұрған әлеуметтік топтың келбетін танытады. Бұдан кейіпкер бейнесін сомдауда тілдік құралдардың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ тіл мен әдебиет арасындағы байланысты айқын аңғарамыз. Жазушының стиль даралығы сөздерді белгілі бір мақсатта қолданылуына көрінеді. Қрапайым сөздер-сөйлеу тілінің элементтері. М. Жұмабаевтың шығармасындағы кейіпкер тіліндегі қарапайым сөздерді кейіпкер мінезін ашу үшін пайдаланады. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі сөйлеу тілінің элементтері (қарапайым сөздер, диалектизмдер). Мұнда қазақ тілінің лексикалық қабатына бойлап келіп, қажетті тұста оларды ұтымды пайдалана білген, сөз қазынасын мол игеріп, оны айтар идеясымен ұштастырған М. Жұмабаевтың прозасы тілінің бір шоғырын сөйлеу тілінің элементері құрайтындығы көрсетіледі. Әр жазушының өзіне тән даралық стилі болатыны мәлім. Жазушы прозасындағы стильдік мақсатта жұмсалған фонетикалық құбылыстардың қатарына дыбыстардың қатарына дыбыстардың созылыңқы айтылуы да жатады. Мысалы: «Әзімбай !.. Ім-м-м-е-е-деді Шолпан» («Шолпаның күнәсі» 183 бет). Жазушы әңгімесінде бүгінде ұмыт бола бастаған және сирек қолданатын ұлттық ойын атаулары да кездеседі. Мысалы: «Мен сенен қыз сұрадым ба ? Саны көп, сапасы жоқ қыздары құрысын. «Орамал тастайды ғой теңдесіне» дегенді білесің бе ? », «Қыз ойнаққа баруы» М. Жұмабаев прозасындағы рухани лексикаға қатысты ұлт өкілдерінің нанам-сенімін сипаттайтын атаулары бір жағынан, ұлттық болмысты көрсетсе, екінші жағынан белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрады. Мысалы: «Шиқандай қып-қызыл бетті қожа бесті бұқадай суға қарап:» Tфу-Тфу ! деп үшкіргенде, қожаның «қасиетті» лебі шетке бытырмай, тура түгел ішіме барсын деп, жүрегі ойнап, жүзі бір қызарып, бір ағарып, бетін қожаның аузына тақап, тосып отырушы еді Шолпан, «Дұғалық нағыз, ішірткі ішу, үшкірту, түкірту, қақтыру-соқтыру, намаз, ораза, нәзір һәм басқа басы-аяғы жоқ құлшылдықтан ақырында Шолпан шаршады.» («Шолпаның күнәәсі 174-175 беттер») Осындағы наным-сенім атаулары арқылы: кейіпкердің қандай әлеуметтік топтың өкілі екендігі, сол арқылы олардың тұрмыс-тіршілігі, кең масштабта алғанда қазақ даласындағы қоғамның бейнесі көрсетілген. Қаламгер кейде кейіпкер киімін оның мінез-құлқын ашуда пайдаланады: «Кимешегін қисық киіп, аяғына кебіс іле салап шыққан қатын, қақырынып-түкірініп, елді басына көтерген отағасылар, мәсісін қоңылтаяқ киген, өзінен-өзі ұялатын келіншектер, кең қоныш етік, кең қолтық қаптал киіп, дамбалының ауы салақтап, семіз болмаса да семіз адамдай талтаң-талтаң басатын жаңа атқа мініп келе жатқан кісімшектер… сырыған ақсұр бешпетін киіп, қолына асасын алып, зекет жиып жүріп, бір үйде қонып жатқан Темір қожа ирония тәсілін ұтымды қолданғаны байқалады.» М. Жұмабаевтың әңгімесіндегі грамматикалық тұлғалардың, қос сөздер мен одағайлар, шылаулардың стильдік қызметтерін талдауға болады. М. Жұмабаевтың әңгімесінде стильдік мақсаттта қайталама қос сөздер мен қосарланған сөздер жиі кездеседі. Мысалы: Ол да балаларды кезек-кезек сүйеді. (172 бет) Жаңа шолпы тағып, сол шолпыныың әдейі сыдырлату үшін жүкті әдейі қайта-қайта бұзып жиғаны…(186 бет) М. Жұмабаев шығармаларындағы сөз тіркестері, бейнелеуіш сөздер, сол кездегі қазақ халқының тұрмысына, ұғымына лайық қолданылған сөздер мен сөйлемдерден тұрады. Қазақтың жалынды ақындарының бірі, қайталанбас жазушы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен прозасы тілінің көркемдік ерекшеліктерін зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер көркем әдебиет стилистикасы теориясын толықтыруға өзіндік үлес қосады. Мағжан Жұмабаевтың өлендері мен әңгімесінің тілін зерттеу арқылы қаламгердің әдеби тілді жетілдіру мен дамытудағы рөлін айқындаудың, көркем туындыларындағы тілдік құралдардың көркемдік қызметтерін ашып, талдап көрсетудің мәні зор. Әдебиеттер: 1. Е. Жанпейісов «Қазақ прозасының тілі». Алматы, 1968-264 Скачать |