Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес
Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңесЖоспар: Болашақ аудармашыларға кеңес Хаттамалық ұжымдық жиындардың ортақ сұрақтары Келісім шартқа қол қою салтанаты Келісім шартқа қол қою салтанатын өткізуге берілетін кеңестер Қонақтарды жайғастыру Стөл басында қалай өзіңді сыпайы, ұстамды, бірақ сол мезетте ыңғайлы ұстауға болады Киім және бұйым ол халықаралық өмірдің хаттамалық жақтары Қабылдаулар және оның түрлері жайында бір-екі ауыз Негізгі әдебиеттер Қосымша әдебиеттер Болашақ аудармашыларға кеңестер Іскерлік әдеп (этика) аудармашылық істе өте маңызды орын алады. Өйткені бұл мамандық қызмет көрсету саласына қарағанда, ақпаратты берумен тығыз байланысты.Сондай-ақ тағы бір көңіл бөлетін жайт, аудармашы өзі жеткізетін мәліметтің адекватты болуына толықтай жауапкершілік артады. Мына біздердің техникасы дамыған ғасырда жан-жақты болу көбіне сәттіліктің нышаны (немесе сәтсіздік), ал оны иемденуші белгілі бір мақсаттарда, өзіне не басқаларға, пайдаға не шығынға қолдануына үлкен мүмкіндігі бар. Ереже№1 (Аударманың іскерлік әдептілігінің ең басты ережесі) өзіңе белгілі болған мәләметті жарияламау. Ереже№2 Өзің қызметтес болатын адамдармен сенімді қарымқатынас орнату. Ереже№3 Қауіпті жағдайларда ұстамды және салқын қанды болу, әрқашан мейірімді, сыпайы, ұқыпты және баратын жерге сай киініп, сымбатты әрі нақты, уақытынан қалмайтын және ескертімді болу шарт. (айтылатын come il fault, немесе комильфо). Ереже№4 Мүмкіндігінше өзіңізден қоспауға тырысу (айтылғаннан тыс шықпай) ескертулермен толықтырулар және өз ойыңызды қосудан аулақ болған абзал. Сондай- ақ мүмкіндігінше айтылған ақпаратты толығымен жеткізу керек. Ереже№5 Бір-бірін жан-жақты түсініп, тығыз қарым- қатынасқа қол жеткізу үшін, керек боған жағдайда аудармашыға таныс қызметтестерге егде ұлттың мінез құлқын, салт- дәстүрін және мәдениетін толықтыра түсініп кетуіне болады. Ереже№6 Сондай- ақ жұмыс уақытынан тыс, қосымша ақысыз қызметтез адамға шет елден немесе белгілі бір жағдай да шешім таба алмай қысылса, нақты көмек көрсету керек. Ереже№7 Әр қашан білімде шыңдап, іскерлік шеберлікті дамытып және әр түрлі салада білімді тереңдету шарт. Мүмкіндігінше бір бағытта маманданған абзал (қаржы, экология, құқықтық іс және т.б.) Ереже№8 Жас және бастауыш аудармашылармен бар біліміңізді және тәжірибеңізді аямай бөліскеніңіз дұрыс. Ереже№9 Іскерлік әдептілікпен ұжымдық салмақтылықты ұстана отырып, мамандықтың маңыздылығын көтеріп, өз еңбегіңізді төмен бағалауға жол бермеңіз. Ереже№10 (Қалжындау): Осы берілген ережелердің біреуін бұзып алып, қолға түспеу! Хаттамалық ұжымдық жиындардың ортақ сұрақтары - Хаттамалық жиынның дайындылығына кіретін қызметтер: А) қабылдау өтетін жермен әрлеуді таңдау Б) шақырылатын адамдардың мекен- жайы мен хабарлау әдісінің (почта, факс, телефон) тізімін күру. В) қабылдаудың өту жоспарын құру. Г) шақыру билеттерін тарату (уақытымен) Д) таңғы және түскі аста дастархан басына жайғастырудың жоспарын құру. Е) тамақ тізімін құру (меню) Ж) дастарханның жасалуын және қонақтардың күтілуін бақылау. З) алдын- ала айтылатын тілектерді аударып, дайындау (қабылдаудағы жайғастырулармен).
Кейінгі кезде жиынның қалай өтетінің әр түрлі жолмен таныстыру сәнге шығыпты. Көптеген сұраулардың арқасында, мамандар бүндай таныстырулар керек деп есептейді, бірақ олар мүндай жиындарда аса қызықты және пайдалы деп санамайды. Өйткені таныстыру басқа қабылдауларға қарағанда жауапты жиын емес. Ал таныстырудың өткізілуі оның қаншалықты әсерлі болатынына байланысты шешілу керек. Егер ол тек жарнамалау әдісі болса онда бас тартқан жөн, бұл ең әсерсіз жарнаманың түрі. Таныстырудың мақсаты және қызметі
Қызметкерлер мүндай жиында егердің ролін атқарады. Кеуделерінде аты- жөндері жазылған нұсқағыш болу керек, өйткені олар қонақтарды қарсы алып, оларды басқармаға таныстырады. Аудармашылардың таныстырудағы қызметі нақты шарттармен анықталады: оның көрінісімен және шақырылған шет ел азаматтарының ролі – олардың жай көрермен немесе белсенді көрермен екені. Баянамаларды, тілектерді және жоғары дәрежелі адамдардың сұхбаттарын, қонақтар мен қожайындардың әңгімелерін аударуға даяр болыңыз.
Мейрамхана қызметіндей тамақты таңдау жағдайын жасамаған дұрыс. Ерег сіздің таңыстыруыңыз дәстүрлі банкет болмаса, онда (тарелка, пышақ және шаңышқы) керек етпейтін тағам жасатқан дұрыс, ең жақсысы қолмен немесе сүлгімен алып жеуге ыңғайлы және даяршылар тасымалдай алатын тағамның болғаны жақсы. Сусындар: шампан, сыра шарап немесе пунш және алкогольсіз сусындарды да ұмытпаңыз. Егер сіздің шақырған қонақтарыңыз сыйлы болса, онда олар қыдыру үшін емес, сіздің кәсіпорыныңыздың ісіне қызығып келеді.
Ғимараттың көлемі шақырылған қонақтардың санына сай келуі керек, ал бос қалған жер құлдыраудың әсерін қалдырады. Дастарханның санын санаулы қылып жасатқан дұрыс, ал керек болып қалған жағдайда тездетіп ұйымдастыра қоюға болады. Ерег келген қонақ саны аз болса, онда артық столты және артық сайманды алып тастауды өтініңіз.
Ең басты жағдайды жиынның соңына қалдыруды жоспарламаңыз. Ең алғаш басты мақсатты анықтап алыңыз, қызметкерлердің арасында әр кімнің міндетін нақты бөліңіз, барлығын уақытымен жазып алып және осы жасалып отырған “сыр-бор” бәрі не үшін екенін ұмытпаңыз.
Егер сіз таныстыру салтанатына шақырылсаңыз: -шақыру билетін ұқыпты оқып, ештеңені шатастырып алмас үшін, күніне және болатын жеріне көңіл аударыңыз. -кешікпеңіз: ең жақсы ыңғайлы орын алып басқа қонақтармен араласып және ең басты таныстыруды өткізіп алмас үшін ертерек барған жөн. Ерте келу- ұйымдастырушыларға деген сыйластықты білдіреді. -жаңа пайдалы таныстықтар және ескі таныстықты жаңартуға тырысыңыз, соған байланысты таныстықты – нұсқағышты көбірек ала жүрген дұрыс. -келесі күні жазбаша немесе ауызша ұйымдастырушыларға ризашылығыңызды білдіріп, жиынның ұйымдастырылуы жайлы ілтипатыңызды айтуыңызға болады. Келісім шартқа қол қою салтанаты Соңғы кезде келісім шартқа отыру көбейді, оның ішінде біріккен жоба ашу, іскерлік қызмет атқару, инвестициялар және тағы да басқа жөнінде. Кей-кезде екі жақтың шешімі бойынша іс қағаздарға қол қою салтанатын өткізіп жатады. Жоғарғы мемлекет аралық жиындардан өзгеше, келісім шартқа қол қою аса үлкен салтанат емес, бірақ оның өзіндік ерекшеліктерімен тәсілдері бар. Келісім шартқа қол қою салтанатын өткізуге берілетін кеңестер Қол қою салтанатының жоспарын шақырылатын қонақтан тізімін, “қызметтестер, мемлекеттің өкілдері, шет елдіктер, жоғары дәрежелі қонақтар, пресса тағы да басқалары” жақсылап ойластырып алған жөн. Қонақтарға алдын-ала уақытын, күнін телефон арқылы хабарлап қойған дұрыс немесе факс арқылы шақыруды алдын –ала жіберген жақсы. Ал бір күн қалғанда ең маңызды және қызық деген қонақтарыңызды ескертіп қойғаныңыз абзал. Салтанат өтетін ғимарат дайындыңыз (кеңсе, қонақ үй), сонымен қатар екі орындығымен қол қоюға арналған үстел (қалам, іс қағаздар қапшығымен), сөз сөйлейтін сұлба, фирма аты жазылған кестеше, гүлдер. Қол қоятын өкіліттердің аты – жөні жазылған кестешені, техникалық радиофикацияны әзірлеп қойған орынды. Ғимараттың көлемі шақырылған қонақтардың санына сай келуі керек. Азын аулақ тағам тізімен құрып қойыңыз (шай, кофе, шампан немесе ақ шарап, шағын сэндвич, жеміс- жидек – бұнын барлығы жиынның болатын уақытына, жеріне және жыл мезгіліне байланысты құрылады). Ертерек (қазақша және ағылшынша) жеркілікті көлемде пресс-релиз әзірлеп қойыңыз. Ережеге сай қол қою салтанатында кезектез аударма түрі қолданылады. < |