Фразеологиялық бірліктердің аудармасы


Фразеологиялық бірліктердің аудармасы

 

Фразеологиялық бірліктер немесе тұрақты сөз тіркестері ең басты ерекшелігі – олардың компоненттерінің мағынасын біріктіре отырып бір мағынаға ие болу. Сондықтан аудармашы оларды аударғанда компоненттерінің бөлек мағыналарына емес, жалпы сөз тіркестің біртекті мағынасына үлкен назар аудауы қажет. Тұрақты сөз тіркестері образды және образды емес болып екіге бөлінеді. Образды емес тұрақты сөз тіркестеріне мысал келтірелік: to make a sacrifice – құрбандық ету, to have a good sleep – ұйқыны жақсылап қандыру, to pay attention – назар аудару.

Ағылшын фразеологиясының өзіне тән стилистикалық және мағыналық қасиетін айта кеткен жөн. Мысалы: the hell of a time – қатты көңілді немесе зая кеткен уақыт деп аударылады.

Образды тұрақты сөз тіркестерін аудару тәсілдері:

1. Фразеологиялық баламалылық. Егер белгілі бір фразеологиялық бірлік түпнұсқа және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және стилистикалық жағынан сәйкес келсе, оны фразеологиялық баламалылық тәсілімен аударамыз. Баламалар толық және толық емес болып екіге бөлінеді. Толық балама мысалы: to cast a glance – көз тастау,  the bitter truth – ащы шындық,  to play with a fire – отпен ойнау. Толық емес балама мысалы: to kill the goose that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа туатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its song – құс ұшқанымен көрінеді,  to fish in triobled waters  — лай суда балық аулау.

2. Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай тұрақты сөз тіркестер мағынасы жағынан ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады. Мысалы: to work one’s fingers to be bone – қол үзбей жұмыс жасау, to hit the bird in the eye – дәл табу.

3. Фразеологиялық бірліктерді немесе тұрақты сөз тіркестерін калькалау. Аударма тілінде баламасы немесе нұсқасы жоқ тұрақты сөз тіркестерін аударғанда аудармашы түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-сөз аударады. Мысалы: liars must have good memories –  өтірікшілерге жақсы есте сақтау қабілеті қажет, to keep a dog and bark oneself – ит ұстағанымен өзің абалайсың.

4. Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мғынасынан ауытқып кетсе, ол сол тұрақты сөз тіркес мағынасын суреттепнемесе бейнелеп аудара алады. Мысалы: And it is from this that we shall arrive at some particulars regarding the Newcome family which will show us that they have a skeleton or two in their closets, as well as their neighbors – Бұл адамдардан біз Ньюкомов жанұясына тиесілі олардың көршілерінде сияқты жанұялық құпиялары бар екендігі туралы кейбір жаңалықтарды біле аламыз.

 

Практикалық тапсырма:

Төменде берілген фразеологиялық бірліктерді қазақ тіліне аударыңыз:

  1. out of the blue
  2. to spread like wildfire
  3. to turn back the clock
  4. Caeser’s wife is above suspicion
  5. to leave much to be desired
  6. to work one’s fingers to the bone
  7. a hard nut to crack
  8. by fair means or foul
  9. to sleep like a log
  10.  a fly in the ointment
  11.  a mare’s nest
  12.  a rolling stone gathers no moth
  13.  never look a gift horse into the mouth
  14.  if you lose, don’t lose the lesson
  15.  to bite the hand that feeds you
  16.  to fall between two stools
  17.  a storm in a tea-cup
  18.  to come off with flying colours
  19.  a small fry
  20.  to win with a narrow margin
  21.  to kick the bucket
  22. a snake in the grass
  23.  let sleeping dogs lie
  24.  a blind date
  25.  an apple of discord
  26.  a bed of roses
  27.  elbow room
  28.  to talk shop
  29.  to kick two birds with one stone
  30.  time and again.
 


Скачать