Төлеу Көбдіков (1874-1954 жж.)
Төлеу Көбдіков (1874-1954 жж.)Халық ақыны Төлеу Көбдіков 1874 жылы 15 наурызда бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің Дағанды болысында (қазіргі Шұбартау ауданы) туды. Әкесі Көбдік кедей шаруа, шешесі ақын болды. Нағашысы атақты ақын Сабырбайдың қиыннан қисындыратын тапқырлығы, шешесі Қуандықтың ақындығы арқасында кезінде Абайды көріп, одан үлкен әсер алды. Шешендігі, пысықтығы арқасында жасында біраз жыл ел басқарды. Жаңа заманды ақын шын жүрекпен тебірене қарсы алды. Өлеңдері Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана бағаланып, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде жариялана бастады. 1948 жылы «Алтыным күшті Отаным», 1953 жылы «Өмір жыры», 1955 жылы «Өлеңдер» атты жинағы басылып шықты. Ақынның ең алғаш дарынын танытқан «1916 жыл» атты тарихи толғауы. Азамат соғысы кезінде балаларын майданға жібермеу үшін халықтың бір тобы Қытай асып кетпекші болады. Сонда Төлеу атамыз осы өлең арқылы туған жер топырағының, туған елдің қасиетін сипаттап, халқын босатыпты. Коллективтендірудің асыра сілтеу саясаты Төлеу ақынның да өміріне ащы зардабын тигізіпті. Жоғары ауқатты ретінде Батыс Сібір аймағына жер аударылған. 1938 жылы Академиядан «1916 жыл» жинағы жарық көрген соң, осы көркем толғаудың авторына іздеу салынады. Ақырында Абайдың інісі Әрхам Ысқақов Барнауыл түбінен іздеп тауып, ақынды елге көшіріп әкеледі. Ақынның Шұбартауға бармай, жолда Шарда қалып қоюына бір себеп Құлжабек есімді баласы Шарда дүние салған екен. Ақын сүйікті тұңғышының мәңгілік орнынан қашықтамауды қалаған. 1922-1941 жыл аралығына ақын-шығармашылығындағы толас кезең осымен түсіндіріледі. Шарға көшіп келіп орныққан соң ақынның өлең-жырлары облыстық «Екпінді» газетіне жиі жариялана бастайды. Ақынның көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы шықты. 1954 жылы «Қазақстанның халық ақыны» деген атақ берілді. Төлеу Көбдіков 1954 жылы 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Шар қаласының бір көшесі, орта мектеп ақын атымен аталады. № 61-ші мектепте атамызға арналған мұражай бар. Ақынның зираты жаңартылып, мемлекеттік қорғауға алынды. Әдебиеттер: Ахметуллин М. Рухы алдында бас иеміз: [Халық ақыны Т.Көбдіковтың туғанына 125 жыл]// Семей таңы.- 1999.- 10-16 маусым(N23).- Б.3. Берікболов Қ. Төкпе ақын еді// Дидар.- 2004. — 26 маусым. — Б 5 Берікболов С. Туған елім// Ертіс өңірі.- 2004. — 29 сәуір. — Б. 27 Жұмабаев М. Ақындар шықты айтысқа, Сарыарқаның ескен желіндей: (Төлеу Көбдіковтың туғанына 130 жыл толуына орай)// Ертіс өңірі.- 2004. — 8 шілде. — Б. 4 Зүкенов М. Тойтөбенің баурайындағы той- думан: [Халық ақыны Т.Көбдіковтың туғанына 125 жыл]// Семей таңы.- 1999.- 24-30 маусым(n25).- Б.4 Зүкенов М. Төлеу ақын ақ батасын беріпті// Семей таңы.- 2004. — 27 тамыз. — Б. 3 Ибраева С. Төлеу ақын жайлы бір үзік сыр// Абай.- 2003. — N4. — Б. 53-54 Көксегенов А. Қос тарлан// Ақ Ертіс — Иртыш.- 2004 — N 3.- Б. 41-50 Құлжанбеков Е. Біз Төлеудің ұрпағымыз: [Т. Көбдіковтың туғанына 125 жыл толуына орай]// Семей таңы.- 1999.- 10-16 маусым(N23).- Б.3. Оразалин Е. Қуандық қойдық атыңды / Оразалин Е.// Семей таңы.- 2006. — 20 шілде. — Б. 6 Сәрсекеев М. «Ақылды адам арманмен егеспейді»: [Cемейде жазушы М.Сәрсекеевтің «Бес тұғыр» кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа Н.Баймұратовтың, С.Әлімбетовтың, Ш.Әбеновтың, К Тұрғанбаевтың өлеңдері енген.// Семей таңы.- 2000.-1қыркүйек.-Б.4 Семей өңірінің ақын-жазушылары био-библиографиялық көрсеткіш / құраст: З.Мағауина ; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама — библиографиялық бөлім.- Семей: Талант, 2005.- 96 б. Терең ойлы ақын// Рауан — Восход.- 2004. — 12 наурыз. — Б. 5 Төкпе ақын Төлеу Көбдіков// Аякөз жаңалықтары.- 2004. — 28 ақпан. — Б. 2; 6 наурыз. — Б.5 Тұрысбекова Ж. Саф алтынды тот баспас// Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2000.-N8.-Б.49-51 Тұрысбекова Ж.Қ. Төлеу Көбдіковтің әдеби мұрасы: Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: Б.ж., 2003.- 29 б. Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих,мәдениет, білім) / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б. Скачать |