Тыныштықбек Әбдікәкімов


Тыныштықбек Әбдікәкімов

 

“Күн тұтылған бір әлем жүрер іште…” 

Ақын тыныштықбек әбдікәкімов туралы

Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім.

Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?..

Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.

Біруақ Алматының көктайғақ көшесінде жаңа ашылған гастрономия дүкенінің алдында шыны жайманың ар жағында тойған торайлардай торсия жайғасқан білем-білем шұжықтарға – “буржуйдай семіз колбасаларға” мадақ жыр оқып тұрған сүмбі талдай ұзын, қайыңның қабығындай жұқалтақ, сөзі сүңгідей суық та өткір, көңілі мартен пешіндей лапылдап тұрған Төлеужан Ысмайылов, біресе есіктен қыз алдына келген ұялшақ жігіттей сыптия киініп, сыпайы кіріп, сыздиып тұрып, сыздана сөйлейтін Тоқаш Бердияров, біресе өлеңін алдыңа жайып салып, өзі құмарта сорған ащы “Беломордың” көк түтінінің арасында, онсыз да қысыңқы көзін одан әрмен сығырайтып жымсия күліп, дымыңды қаралай құртатын Жұмекен Нәжімеденов, бірауық сырт тұлғасы сексеуілдей шып-шымыр да, мып-мығым, бірақ ауызын ашса, көмейі көрініп, ақ қауырсындай үлпілдеп, ақ періштедей елпілдеп тұратын Төлеген Айбергенов көз алдыма келгендей болды.

Өзі өлеңдеріне Мұқағали Мақатаевтың сөздерін көп қыстырады екен. Бірақ, жаны дүлей болғанмен, жырларында жортаққа ұрынбайтын, жорғасынан жаңылмайтын Мұқағалидың бастан-аяқ жайма-шуақтығы жоқ.

Абай мен Махамбетке де тәу ететіні сезіліп тұр. Абайды абыржытқан алаң дүние мен Махамбетті ашындырған қараң дүниеге өкпесінің қара қазандай екендігі қатты аңғарылды. Бірақ, біреуінің күңгірт күңіренісі мен екіншісінің өрепкіген өжеттігіне сүліктей жабысып қалған ештеңесі байқалмайды.

Кей-кейде сонау алпысыншы жылдардағы Еркін Ібітановтың жағасы жайлау, жайдарман көңіл, жайбарақат айта салар аяқасты тапқырлығы көзге ұрады.

Ара-тұра әзелгі Өтежан Нұрғалиевтың жоп-жорта аңқауси қалатын, кейінгі Өтежанның әп-әдейі қитықтана сөйлейтін сайқымазақтығы қылаң береді.

Алайда, бұл әлгілердің ешқайсысын сол қалпында қайталамайтын, қазақ өлеңінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын жолға айналдыра алған аршынды, сонысымен де көзіңе сойқан елестейтін айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын…

Қазақша айтқанда, біртүрлі ақын.

Қазақтың “біртүрлі” дегені мақтағандықты да, масаттанғандықты да білдірмейді. Бірақ, тосырқағаны мен таңырқағанын жасыра алмай, амалсыз мойындағанын аңғарта алады. Түптей біліп, түбегейлі түсіне алмай жатқандығын да сездіртеді.

Тынышбек Әбдікәкімовті де біреу ұғар, біреуі ұқпас, біреу құптар, біреу құптамас, бірақ ол ешкім елемей кете алмас, ескермей қала алмас, айрықша нысаналы ақын.

Жиырмасыншы ғасырдың кейбір ең данышпан суретшілерінің шығармаларын көргенде оның, ең алдымен, сурет сала алатындығына шүбә келтіретінің бар.

Дәл сондай өлең жаза алатындығына еріксіз шүбәландыратын ұлы ақындары мен әдемі әуезді аңғарып, әдемі әуенді ести алатындығына күмәндандыратын ұлы сазгерлері де баршылық.

Ондайда: “Бұған неменесіне бола таңдай қата болып жүр екен бұл жұрт?”, – деп шыннан аңыратындар да аз емес. Сөйтсе, бұндайда талай гәп бар екен.

Бұл әуелде өткен ғасырда Париж салондарында етек жайыпты. Классикалық бейнелеу өнеріндегі Ренессанстан кейінгі адамды әспеттеу үрдісі қалыптастырған эстетикалық қағидаларға байқатпай басталған шабуылдар бірте-бірте үдей түсті. Адамға тамсану азайып, адамға таңырқау көбейді. Адамға табыну адамды аяушылықпен алмасты. Таңырқау табалауға, аяушылық әшкерелеуге жалғасты. Сөйтіп, өнерде бір кездегі Құдайдың орынын иемденген адам бірте-бірте құбыжыққа айнала бастады. Өмірлік көріністер буалдыр елестерге ауысты. Қай нәрсе де табиғи қалпындағы тартымдылығын жоғалтып, қилы-килы қитұрқысыз қызықтырмайтын қым-қиғаш құбылуларға ұшырады. Екі дүркін жаһандық соғыс дүниені екі рет асты-үстіне шығарды. Адамдардың бұрынғы көзқарасының ойран-ботқасы шығып, мінез-құлықтары да қырық құйқылжыды. Құйқылжыған құбылма көңіл төңірегіндегі ештеңені қаз қалпында көруге құлық таныта қоймады. Құбылтып, құйқылжытып көргісі келді. Қалай құйқылжытқысы келсе, солай құйқылжытты. Қалай құбылтқысы келсе, солай құбылтты. Суреткерлер тәңірімен тайталаса бастады.

Бұл ағым әуелі Батыс Еуропаны түгел меңдеп, қалған құрлықтарға да аяқ салды. Бірақ, Балтықтан бері өте алмай, ұзақ малтықты. Алпысыншы жылдарғы Хрущевтың эстетикалық тоңмойындығы едәуір бөгесін болғанымен, бәрібір біржолата тойтарып тастай алмады.

Сексенінші жылдар серпілісі идеологиялық тосқауылдардың бәрін жайпап кетті.

Эстетикалық бостандық бізге де жетті. Оны біреулер әншейін суреткерлік желік ретінде қабылдап, жеңіл-желпі түрлік қылтың-сылтыңға бой алдырды. Енді біреулер санадағы түбегейлі өзгерістер ретінде қабылдап, болмыстың бұған дейін үңілуге болмай келген астарлары мен қабаттарын зерделейтін ой жіттілігінің өткірленуі деп түсініп, бостан ойды қасаң қағидалар тізгінінен тезірек азаттандыруға тырысты.

Түр тәуелсіздігі ой тәуелсіздігінен өрбіп жатыр деп түсінді.

Қазақ топырағында сексенінші жылдардың орта шамасынан аяқ басқан бұл әуен әуелі саз және бейнелеу өнерлерінде сес берді.

Енді, міне, әдебиетке де…

Айтпақшы, қазақ поэзиясы қай заманда да елгезектік танытқан. Қадым жырларына қарағанда зар заман әдебиетінің тек мазмұндық қана емес, түрлік өзгерістері аз болмаған. Олардан Абайдың, Абайдан Сұлтанмахмұттың өзгешеліктері қаншама?! Ғасыр басындағы Мағжан жаңалықтары өз алдына… Кеңестік авангардизмнің әсері тиген Сәкен, Сәбит ізденістері сірә белгілі. Отыз жетінің ойранынан кейін жүні жығылып, желігі басылып қалған қазақ өлеңі елуінші жылдарғы Қасым серпілісінен кейін қайта жандана бастады. Әсіресе, алпысыншы жылдары бой көрсеткен үйреншіктілікке, үрдісшілікке шабуыл, түптеп келгенде, өлеңдік түрдің қасаң қағидаларына шабуыл болды. Төлеужан Ысмайылов қазақ өлеңінің ұйқастық, ырғақтық, құрылымдық жүйелерін өзгерте отырып, метафоралық сонылығы мен публицистикалық уытын арттыруға тырысты. Тоқаш Бердияров қазақ өлеңінің құрылымдық қаңқасына көп тиіспей, бейнелілік қауқарын нақтыландыра, осы өмір сүріп жатқан заманымыздың көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап жүрген етене шындығымен мейлінше туыстырып, шынайыландыруға ұмтылды. Оразбек Сәрсенбаев пен Жүсіп Қыдыров ақ өлеңге құлаш сермеп, рухани “ақ таңдақ” болып келген оқиғаларды, қоғамдық санадағы “қара таңдақтарды” жіліктеуге талаптанды. Сырбай Мәуленов пен Әбділда Тәжібаев қазақ верлибрінің сәтті үлгілерін тудырды. Мұқағали Мақатаев қазақы қара өлеңнің табиғи мүмкіндіктерін тауыса меңгеру арқылы да ұлттық поэзияны мағыналық жағынан салиқаландыруға болатындығын дәлелдеді. Төлеген Айбергенов пен Жұмекен Нәжімеденов қара өлеңге айта қаларлықтай әуендік, ырғақтық, строфикалық сонылықтар сіңіре отырып, ұлттық жырымыздың эстетикалық тартымдылығы мен әлеуметтік ауқымдылығын арттырды.

Ал, Тынышбек Әбдікәкімов ше?

Ол расында да, ет турай алмаған есіл тамақтың есін кетіреді дегендей, өзі дұрыстап өлең жаза алмайтын болған соң, дәстүрлі қара өлеңнің ұлма-жұлмасын шығарып жүрген көп солақайдың бірі емес пе?

Ендеше, әділін өзіңіз айта жатарсыз. Әуелі мына бір шумаққа көз жүгіртіңізші:

Біздер “гомосапиенс” кезімізден білгір ек…

Ал, мен өзім, мысал үшін, альфа жылы,

игрек тәулігінде туыппын да…

Кейін, икс-бесінде

(омега жылы)

қайтыс болам.

Соным үшін кешіріңдер.

Айтпақтайын,

мына біздің болмысымыздың жұмбағы –

кәдімгі әлгі Менделеев таблицасындағы

элементтер жиықтығы.

Солар – ішкен, сүйіскен!..

Өлгеннен соң, ыдыраймыз қалайы мен күміске…

Өлеңге тән ұйқас, ырғақ, әуен ыңғайластығынан гөрі математикалық, физикалық ұғымдардың молдығына бірден назар аудардыңыз.

Кеше сен де мемлекеттік фәниді

Шабыттана жырлап едің,

сонда қаламақыңа

кепкен балық сатып алдың,

Оныңды кім оқымақ?

Оны мына біз оқыдық:

Өлі балық сырамен

Кетті ішіліп!…

Өлең қайда?

Оны да дәл мына мен

айта аламын,

әжетхана шындығына жуықтап,

өлең шіркін азоттана

химиялық қуықтан

ағып кеткен…

Енді таңырқайсыз. Таңырқамақ түгілі абыржисыз.

Сөйлемеші,

Елге деген сенің антиқалпың бар!

Партиялық съездерге кардиограммалық толқындар

кәлләм іші – нуклеинбелогымды қызартып…

Бірге туған қарындастан комсомоли қыз артық!…

Советтенген жадымызға:

Мәжілісхат – парақтар,

Көсемдердің туған күні,

Бесжылдықтар!..

Арақ та

Жұмысшы мен Шаруа аңқиды!..

Дәу де болса, бұл арада бас шайқайсыз. Адам арақ аңқымай, арақтың адам аңқуы қалай?

Менде тағы бір Елес бар,

бар болған соң, ол да енді

жоғалмайды!

Тек әзірше құр кезіп жүр бөлмемді.

Мәселеңки, ертеңдері әйтеуір бір өлем мен:

Плюс – минус жұлдызданған ет-сүйекті денемнен

элементтер ұшқын атып, жер мен көкке кеткенде,

сол бір Елес соңғы оттегін тұтандырып өкпемде,

Қанымдағы соңғы қызыл түйіршекке Күн тиіп…

Ақымақтау жусан болып, қайта өсемін қылтиып!

Шайқалақтап тұрған басыңыздың кілт кідіре қалары сөзсіз.

Әне,

Менің ел зарыққан 



Скачать