Талаптан Ахметжан жазушы-драматург


Талаптан Ахметжан жазушы-драматург

 

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. Мамандығы инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды. Алғашқы әңгімелерін  мектеп-интернаттың жоғары сыныбында жүріп жаза бастады.

1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түсіп, 1985 жылы оқу орнын бітіріп, құрылыста мастер, облыстық телерадиокомитетте редактор, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ҚР баспасөз және БАҚ министрлігінде бас маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың орынбасары, республикалық «Әдебиет айдыны» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. «Жігер» фестивалінің, Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының иегері. 1996 жылы «Тұма» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, 2002 жылы «О дүниенің қонағы» қонағы атты прозалық жинағы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Сахнада кейіпкерлер образын актер болып сомдаған қаламгер үшін бұл жанр етене жақын еді. Әрі сахна заңдылықтары мен ерекшеліктерін ертеден біледі. Содан болар оның қаламынан «Сұлу мен суретші», «Екі жүрек», «Тазша бала», «Пейіштен түскен періште», «Қараторғай» пьесалары туды.  «Қаратоғай» атты екі актілі трагедиясы Орал облыстық театрында, «Екі жүрек»  атты екі актілі пьесасы Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық  Жастар мен балалар театрында қойылды Абзал азаматтың әз жүрегі туған жерімен бірге соқты. Атамекеннен қол үзбей, шығармаларына арқау етті. Ауруханада екі күн ғана науқастанып жатып, 27 маусымда қайтыс болған жазушының денесі Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратынан шығарылып, Кеңсай зиратына жерленді.

Т. Ахметжан шығармалары:

Ахметжан Т.     Мұң: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Қазақпарат, 2003.- 236 б.

Ахметжан Т.     О дүниенің қонағы [Мәтін]: әңгімелер, хикаяттар және әңгіме-диалог.- Астана: Елорда, 2001.- 376 б.

Ахметжан Т.     Сұлу мен суретші: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Білім, 1998.- 240б.

Ахметжан Т.     Тұма: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1995.- 192б.

Ахметжан Т.     Шығармалар жыйнағы [Мәтін]: Ахметжан Т.- Алматы: Жалын, 2006 — Т. 1 .  — 2006.  — 285 б.  — 300.00 тен.

Ахметжан Т.     Жан әлемі [Мәтін]: сұхбаттар / Т. Ахметжан.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2006.- 240 б.

Ахметжан Т.     Шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 2. Мұң / Т. Ахметжан.- Алматы: Жалын, 2007.- 288 б.-(Беласқан)

Т. Ахметжан туралы:

Ахметжан Т.     Жан әлемі [Мәтін]: сұхбаттар / Т. Ахметжан.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2006.- 240 б.

Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Мәтін]: анықтамалық. Т. 2 / құраст. А. Асылбеков.- Алматы: Золотой теленок, 2006.- 996 б. Меңдеке Ә.     Бұрынғы әңгімелер мықты ма, әлде бүгінгі әңгімелер ме ?: [Біраз жазушылардың әңгімелеріне тоқталып өткен]// Қазақ әдебиеті.- 2000.- 18 ақпан.

Мұқанова Р.     Талаптанның тұмасы: [Т.Ахметжан."Тұма" хикаяттар мен әңгімелер жинағы туралы]// Қазақ әдебиеті.- 1996.-11 маусым.-(N24).-15 б

Мұқанова Р.     Талаптанның тұмасы: [Жазушы Т.Ахметжанның "Тұма" хикаяттар мен әңгімелер жинағы туралы]// Қазақ әдебиеті.- 1996.-11 маусым(N24).-15 б.

Раев Қ.     Құндылықтар анатомиясы [Мәтін] / Қ Раев// Қазақ әдебиеті.- 2008. — 11 сәуір. — Б. 10.

 


Скачать