Тайманұлы Исатай (1791-1838)


Тайманұлы Исатай (1791-1838)

 

Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі — Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.

Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.

Бұл кезде Қазақ хандығының ішкі ісіне тікелей араласа бастаған Ресей отаршылары қазақтардың құнарлы жерлерін тартып алып, өздерін сыртқа қуады. Орал казак орыстары Жайық бойын иемденіп алады. Мұндай қысымшылықты Исатай старшыны болып жүрген беріш руы да көреді.

Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200 жігітпен оған қарсы шығады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады.

Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан келіп жинала бастайды. Мұның аяғы тарихтан белгілі 1836-37 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалардың феодалдық қанау мен патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісіне ұласады. Көтеріліске Исатай мен Махамбет басшылық жасайды. Көтеріліс бүкіл халықты қамтиды. 1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді.

Қараша айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады. Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды.

Аман қалған жігіттермен Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады.

Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді .Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақжаратын әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханьға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады.

Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейетүседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады.

Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады.

Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай — 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды.

Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл — 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты — Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы — осы көтерілістің сардары, көсемі, ал «Махамбет — ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы» (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі.

Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.

1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан  Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады.

1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға «Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика»,-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.

1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкинніңауылдарын шауып, хан ордасы — Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөл 



Скачать