Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , « Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды . Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел , жігіттер » өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып , 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты , В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы « Еңбекші қазақ » газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды . Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы « Асау тұлпар » атты өлеңдер жинағын , « Қызыл сұңқарлар » пбесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған « Ленин » атты өлеңін жазды . 1924 жылы қаңтарда В . И . Ленин қазасына барған Қазақстан делигациясына басшылық етті . Осы жолы « Қайғылы хабар » , « Қаралы күн » өлеңдерін жазды , « Известия » газетінде « В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс » атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі , 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан « Жыл құсы » альманахына басшылық етті . « Жаңа әдебиет » журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап « Қызыл Қазақстан » журналында жариялана бастаған « Тар жол , тайғақ кешу » атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . « Жер қазғандар » повесін ( 1927 ) , « Тұрмыс толқынында » жинағын ( 1928 ) , « Көкшетау » поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған « Ашық хатын » жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы « Қазақ әдебиеті » атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы « Әдебиет майданы » журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық Скачать |