САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ


САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

 

Сан есімдер басыңқы компонент болып негізінен матасу, формалы сөз тіркесін күрайды.

Сан есімді тіркестер бағыныңқы компонент ретінде бөлшекке түсетін заттарды атайтыи зат есім сөздерді, субстантивті сын есімдерді және сан есімдерді катыстырып, тұтас, көп зат пен оның бөлшегінің қатынасын білдіреді: балалардың төртеуі, қызылының біреуін (бер), жиырманың төртеуі.

Матасып байланысып сан есім — сан есім құрамында кұралған сөз тіркестері кісінің жас мөлшерін атау жағдайында күрделі сан есімдердің орнына жұмсалады: оқырманың екісінде, алпыстың үшінде т. т. Сөз тіркесі-нің бұл қолданылуы ауызекі сөйлеу тілінде немесе ауызекі тілге ыңғайланған көркем әдебиетте ұшырайды.

Күрделі сан есімдердін компоненттерін даралап қатыстырудың басқа да түрлері бар: жүз де елу бес, мың да тоғыз жүз жетпіс бес т. т.[25-б]

 


Скачать