Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлемдерҚазақ және орыс тілдерінде құрмалас сөйлемдердің екі түрі белгілі: салалас және сабақтас. Олардың екеуі де екі жай сөйлемнен тұратындықтан күрделі болып табылады. Егер сөйлемнің құрамындағы екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ол сөйлем салалас деп аталады. Ал егер бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ондай сөйлем сабақтас деп аталады. Сабақтас сөйлем басты мағынасын сақтап тұратын басыңқы және басыңқы сөйлемде айтылған мәліметке түсіндірме жасайтын бағыныңқы сөйлемнен құралған. Ағылшын тілінде де сабақтас құрмалас сөйлемдер бар және олардың аударма барысында көптеген ерекшеліктері кездеседі. Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге Who, what, which, that, where, when, as, because, if шылауларымен және ешбір шылаусыз қосыла алады. Мысалы: The article that you read yesterday contains very important data – Сіз мақаланы кеше оқығаныңыздан, ондағы өзекті мәселелерден хабардарсыз. The man I know is a well-known artist – Мен танитын адам – танымал суретші. Сабақтас құрмалас сөйлемнің синтаксистік анализін келесідей орындау қажет:
Келесідей сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік анализдерін жасау қиын болып табылады: 1. Егер бастауыш бағыныңқы сөйлемде тұрса, ал баяндауыш басыңқы сөйлемде тұрса, онда олар that, if, whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен қосылады. М: Whether the tax increase is the right solution is something some observes have recently begun to doubt – Соңғы кездері кейбір бақылаушылардың күмәнданатын жайттары – салық құнын өсіру мәселенің дұрыс шешімі ме жоқ па? 2. егер баяндауыш бағыныңқы сөйлемде тұрса, баяндауыш келесі етістіктерден тұруы мүмкін: to be, to seem, to appear және That, if, whether, who, what, which, how, where, when, why шылауларымен сөйлемнің мағынасына енеді. М: This trend in art is not really new. What is new is that it has become the general tactics used by the artists now – негізінде өнер салалсында бұл бағыт – жаңа емес. Жаңасы бұл суретшілер қолданылатын қазіргі заманның жаңа тактикасы. 3. Құрамындағы жай сөйлемдері шылаусыз қосылатын сабақтас құрамдас сөйлемдер. М: The report the teacher’s delegation made on returning home was listened to with great interest by members of our department-Еліне қайтып орылған сәттегі оқытушылық делегациясының паш еткен баяндамашы өте қызықты болғандықтан, біздің бөлімнің қызметкерлері оны зор ықыласпен тыңдады.
Практикалық тапсырма Мына сөйлемдерді казақ және ағылшын тілдеріндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылысындағы ерекшеліктерін ескере отырып, ана тіліне аударыңыз: 1- жаттығу
Скачать |