ОҚШАУ СӨЗ, СӨЙЛЕМДЕР
ОҚШАУ СӨЗ, СӨЙЛЕМДЕРЖай сөйлемдердің құрамында қыстырма ретінде кірігіп жұмсалатын компоненттер болады. Олардың қыстырма компонент болып бөлінуіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, олар жай сөйлемнің негізгі грамматикалық жүйесіне қатыспай, одан оқшау тұрады. Екіншіден, грамматикалық оқшаулануы интонациядан да көрінеді. Грамматикалық жүйеден оқшауланғанмен бұл компоненттер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланысты болады. Олардың жай сөйлем құрамына кірігуі де сол себепке бағынышты. Оқшау компоненттер сипаты, сапасы жағынан бірдей емес. Олар жеке сөз, сөз тіркесі ретінде де, сөйлем ретінде де қа-тысады. Оқшау сөз, сөйлемдер негізгі сөйлемге қатысы, атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: 1. Үндеу амалы ретінде жұмсалатын оқшау сөздер. 2. Қыстырма сөз, сөйлемдер.[95-б] Пайдаланылған әдебиет : 1.Әміров. Р.Жай сөйлем синтаксисі.А. 1983. 2. Байтұрсынов.А. Тіл тағылымы. А., 1992., 3. Балақаев М., ҚордабаевТ., Қ.Қ. Синтаксис. А.,1971 4. Қазіргі қазақ тілі ., А., 1954., 5. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. А., 1961. Скачать |