Неологизмдердің аудармасы
Неологизмдердің аудармасыНеологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес. Неологизмдердің құрылу тәсілдері:
а) дауыссыз дыбыстардың қолданылуы: ctr – centre, fwd – forward, rqs – requirements, jr – junior. б) бастапқы буындардың қолданылуы: dept – department, nukes – nuclear weapons, libs – liberals. в) аралас қысқартулар: ATM – automated teller machine – банкомат, E-mail – electronic mail – электрондық пошта. Неологизмдердің құрамындағы бас әріптер кейде қысқартулар болмай өздері белгілі бір мағынаға ие: H – bomb – hydrogen bomb - сутегі бомбасы, T – shirt – T әрпінің формасындағы қысқа женді футболка. Дыбысы және атауы ұқсайтын сандар мен әріптерден де қысқартулар жасалады: 4U – for you, YU? – why you, U1 – you won, 2B – to be, 18 – I ate, R – are etc. 5. Конверсия. Конверсия дегеніміз – сөздің бір бөлігінң екіншісінен пайда болуы, мысалы белгілі бір іс әрекетті білдіретін зат есімнен етістіктің жасалуы. Көбіне мұндай сөздер сөздікте болмайды, олардың аудармасын контекстің мағынасына қарай табуға болады. Мысалы: The gap is to be bridged in the near future – Этот разрыв нужно преодолеть в ближайшем будущем; (bridge – мост). Керісінше етістіктен зат есім жасалуы мүмкін: Spend (n) – an amount (to be) spent – количество потраченных денег. 6. Дыбыстық ұқсастық..Дыбыстық ұқсастық неологизмдерді құру тәсілі ретінде алдына сөздердің жаңа формасын табу деген мақсат қояды. Мысалы: dellionaire (milli8onaire, billionaire деген сөздерге дыбыстық жағынан ұқсайды) - бай адам дегенді білдіреді. 7. Фразеологизмдер. Кейбір неологизмдер фразеологизмдер, идеомалар немесе тұрақты сөз тіркесімен жасалады. Аудармашы үшін бұл тәсілді ең күрделі деп айтуға болады, өйткені дұрыс аудару үшін аударып жатқан тіл елінің сөздік қорынан жақсы хабардар болу шарт. Мысалы ағылшын тілінде бизнес саласынан айтар болсақ: deptnocrat – үкімет кепілдігімен несие беретін банк қызметкері, dead – cat bounce – биржалық нарықта акция құндарының өсуі, silver wheelchair – комақты ақша соммасы, sucker list – сатып алушылардың тізімі, think tank – жоспарлар мен ұсыныстарды ойлап табатын сарапшылар тобы (мозговой центр банка), windfall – аяқ астынан (неожиданно) келген кіріс. 8. Саяси эуфемизмдер.Эуфемизм – грек тілінен ‘euphemeo’ – «сыпайы сөйлеймін» дегенді білдіреді. Эуфемизмдер барлық тілдерде бар. Мысалы орыс тіліндегі эуфемизмдер: полный – сөзі толстый сөзінің орнына сыпайы түрі ретінде қолданылады, она беременна сөзінің эуфемизмі она в положений, өйткені көрініп тұрғандай соңғы сөз сыпайырақ болып естіледі. Саяси саладағы эуфемизмдер басқаларына қарағанда жанашыл болып табылады және олар ирониямен айтылады, сондықтан олар неологизмдерді құрудың негізгі тәсілдердің бірі ретінде аударма тәжірибесінде зор маңызға ие. Мысалы: voluntarily leisured (unemployed) – жұмыссыз, technologically challenged (unable to deal with technical appliances) – техникалық құралдардан хабарсыз, intellectually disadvantaged (stupid, low IQ [ай –кью – ақыл ой дамуының коэфиценті]) – ақыл деңгейі төмен, ақымақ, developmentally challenged (mentally retarded) – ақыл – ой дамуындағы кемшілікте, Flight attendant (steward, stewardess) – аспансерік (бортпроводник/ ө ница), international students (foreign students) – шетел студенттері, Native Americans (Blacks, Negroes) – афроамерикандықтар, academic dishonesty (cheating in schools) – сабақ кезінде көшіріп алу.
Практикалық тапсырма 1 жаттығу. Келесі сөздер мен сөз тіркес аудармаларына талдау жасаңыздар 1. brain drain – утечка мускулов – бұлшық еттің ағып кетуі 2. brown-bagger (амер.разг.) – человек, который берет с собой на работу еду с целью экономии или из за соблюдении диеты – үнемдеу мақсатымен немесе диета сақтайтындығынан жұмыс орнына тамақ әкелетін адам 3. disadvantaged – жарлы, кедей 4. doublespeak – жалған уәделер 5. double standard – бағаның екі түрі критерийлері 6. educational package – міндетті оқу бағдарламасы 7. gogglebox (брит.разг) – теледидар «қорап» 8. job-hopper – «ұшқалақ» жұмыс орнын жиі ауыстыратын адам 9. rap session (амер.жарг.) – белгілі бір тақырып аясындағы талқылау 10. shock wave – белгілі бір оқиға себепші болған потрясение, шок, возмущение 11. spahetti western (амер.жарг.) – ковбойский фильм сделанный итальянцами 12. sweet heart contract – келісім шарт, мәміле заключенные в результате подкупа в ущерб своей компании 13. takeover – мемлекеттік төңкеріліс, заң күштерінің ауысуы.
2-жаттығу. Төмендегі неологизмдердің баламала Скачать |