МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ МАМАНДЫҚ ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫҚоғамдық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанда ұлттық құндылыққа мән берудің маңызы зор. Осы үрдісті қолдау негізінде «Мәдени мұра» бағдарламасының берері мол. Шынайы сыр шерткен ұлттық мазмұны жоғары асыл құнды мұраларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу жаңа кадрларымыздың қолында. «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани мәдени өміріміздегі жетістіктерді іске асыруда айрықша үлес қосып отыр. Мәдени мұра бағдарламасы өнер мамандарының шығармашылық тәжірибесін дамытуға шынайы белсенділік танытып келеді. Мәдениетіміз ұлттық шеңбермен шектелмей әлемдік мәдениет кеңістігінде өмір сүруі тиіс. Мәдени даму үдесінің екі жағдайына басты назар аударуымыз қажет. Алдымен тұрақты дамуына мүмкіндік жасау, екіншіден жаңалыққа ұмтылуға іс-қимыл көрсету. Халықтың рухани мәдени байлықтарын қалпына келтіре отырып ұлттық байлыққа ұмтылдыруға ізгілікті еңбек етуіміз керек. Тарихи мұраларды түгелдеуде мемлекет тұтастығының символына айналдыру бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа дәуір тынысын сезінуде ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру басты мақсатымыз. Ата-бабаларымыздың тарихқа қалдырған мәдени мұраларының тамырына үңілу, танылған дүниелерімізді толықтыру, көмілген қазыналарды ашып алу біздің міндетіміз. Ұлттық құндылықтар жер астындағы қазбалармен шектелмейді, өнер туындыларымен өрбуі тиіс. Мұра дегеніміз – тек тарихи ескерткіштердің жиынтығы емес, өміршең өміріміздің жемісі. Рухани байлық жер көкірегінде емес, ел көкірегінде сақталуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің белгісі рухани мәдениетіміз айқындайды. Осы орайда үнемі мәдени өркендеудің арқасында өркениетті елдер қатарына қосыла аламыз. Өркениеттік үрдістердің тенденциясы мен мәнін ашу ауқымды мәселе. Бүгінгі таңдағы басты мәселенің бірі қазақ өркениетін әлемдік өркениет құндылықтарымен үйлестіру. Ұлттық мәдениет әлемдік мәдениеттің гуманистік үрдіс үлгілерімен сусындауы тиіс. Рухани мәдениетіміздің ертеңі мен болашағы әлеуметтік дүниетаным өрісімен өлшенеді. Өнерді өрендетуде парықты таным, парасатты жігер қажет. Ұлы мұраттарды нағыз шынайы өнер шығармалары қорғай алады. 2008 жылы 13-ші маусымда Елбасының қатысуымен «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы болып өткені мәлім. Кеңесте Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақорда залында ұйымдастырылған көрмеден құнды жәдігерлер мен көркем туындыларды көріп олардың болашақта мәнін жоғалтпау туралы ой-пікірін ортаға салды. Жан-жақты талқылау барысында бүгінгі заман талабына сай қажетті мамандар қажет екендігіне ой түрткі болды. Әсіресе республикамызда «реставратор» мамандығы даярлайтын бірде-бір оқу орыны жоқ екендігі басты назарға алынды. Елімізде білім жүйесінде әлде болса шешілмеген проблемалар баршылық ол көркемдік білім беретін жоғарғы оқу орындарында «реставрация» мамандығын даярлау мәселесі өз шешімін таппай келеді. Ащыда болса шындық көнекөз құнды мұраларымызды қалпына келтіретін, көркем туындыларды өз технология дәрежесінде өңдеп сапасын сақтауға баса назар аударуымыз қажет. Кәсіптік мамандар даярлауда әлемдік үрдістерді зерделей отырып бүгінгі талапқа сай жаңа мамандар әзірлеу міндеті тұр. Реставрация дегеніміз бейнелеу өнері мен сәулет өнері туындыларын бастапқы қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді. Тарихи даму барысында реставрациялау қызметі көп салалы болып бөлінгені аян. Әсіресе көне ғасырда пайда болған ескерткіштердің түп нұсқасын толық сақтау үшін жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Осы орайда көркем туындылардың құндылығын жоғалтпау білікті кәсіби маман реставратор кәсіби кадр әзірлеу еншісінде демекпін. Бүгінгі таңда Ресейде оннан аса арнаулы реставрация мамандар даярлайтын орта және жоғарғы оқу орындары баршылық. Атап айтқанда Суздальдық көркем-реставраторлықұ бөлімі және С.Г. Строганов атындағы Мәскеу жоғарғы көркемсурет педагогикалық университеті, Н.Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері академиясын т.б. айрықша атауға болады. Дегенменде реставраторлар даярлауда ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу-әдістемесін құралдардың жетіспеуі назарға алынып отыр. Отандық мәдени ескерткіштер мен көркем құнды туындыларды өз деңгейінде сақтау үшін зерттеуде реставрациялық ғылыми теориялық аспектілерді жүйелі жүргізу үшін барлық ғылымдармен сабақтастыруды негізге алған жөн. Суретші-реставратор – көне дәстүрлі өнердің көлеңкесінде өмір сүріп келді. Өйткені реставрациямен өз мүмкіндігінше суретшілер ғана айналысты. Ресейде өз заманында суретші Андрей Рублев икондарды қалпына келтіруде ерекше еңбек сіңірген. Шетелдерден Ресейге келген кескіндемешілер Пфанцелот Иоганн-Фридрих Грот көне картиналарға реставрация жасау технологиясын енгізуде Эримэтажда ең алғаш рет реставрациялау шеберханасын ашқаны бізге мәлім. ХІХ ғасырда көркемсурет академиясында суретші мамандар мен қатар реставратор мамандар даярлау мәселесі қарастырылған. Реставраторлардың басты мақсаты – зақым келген ескерткіштер мен шытынап бұзылған картиналарды қайта өңдеп қалпына келтіруде әрбір шығарманың табиғи өз қалпын жоғалтпауға тырысты. 1933 жылы 11 маусымда өткен еуропалық коммерциялық емес ұйымдардың реставратор өкілдері қабылданған құжатта кәсіби біліміне қолданатын негізгі талаптар мен этикалық кодекс ЮНЕСКО шеңберінде қарастырылған «қоғамның мән беретін объектісі көркем тарихи деректемелер, эстетикалық, ғылыми, рухани және діни-мәдени құндылықтар» деп атап көрсетілген. Олар материалдық мәдени мұраны құрауда келешек ұрпаққа жетуі тиіс делінген. Басты қамқорлық консерватор – реставраторлар қоғамына жүктелді. Бұл қоғам келешек ұрпақ алдында жауапты кодекс консерватор-реставратор рөлін нақтылай түсті. Консерватор-реставратор өзіне жауапкершілігін ала отырып диагностикалық зерттеуді жүзеге асыруда мәдени құндылықты сақтау жағдайын айқындайды. Реставратор зақымдалған немесе жоғалған мәдени құндылықты қамтамасыз етуде қайта қалпына келтіруде қызмет көрсетуі тиіс. Мұндай қағидалар Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» бағдарламасында да өз шешімін табуы тиіс деген үміттеміз. Астана қаласында өткен кеңейтілген «Мәдени мұра» кеңесіне қатысқан Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академия ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа мамандықтар ашу жайлы оң пікір танытты. Осы мәселені іске асыруда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мырза жаңа мамандар даярлауға арнаулы лицензия берді. «Мәдени мұра» бағдарламасын қолдау барысында ашылған мамандықтар түрлерін атап өтуді жөн көріп отырмыз. Өнертану 050416 мамандығынан «Мәдени мұра ескерткіштердің әдеби аудармасы» (көне жазба). Мамандандыру, Сәндік өнер 050417 мамандығынан «Сәндік өнер шығармашылығын реставрациялау» мамандандыру бөлімін ашу өз дәрежесінде жүзеге аспақ. Өнер академиясының білікті ұстаздары әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби суретші мамандар даярлауда белсенділік көрсетуге әзір. Суретші-рчставратор мамандандыру даярлауға базалық және іс-тәжірибелік мүмкіндік баршылық. Әрине «Мәдени мұра» бағдарлама жүйесі мемлекеттік тұрғыдан өз шешімін табуда қабілеті кадрлар даярлауға мүмкіндікке жол ашты. Қазіргі ғылыми теориялық жаңару барысында негізгі екі конструктивтік ой-тұжырым бар. Ең алғаш көнекөз мұралық құндылықтарды қалпына келтіру, сонан кейін көне құнды мәдени мұралық заттарды өзінің табиғи технологиясымен өңдеп жасау. Осыған байланысты реставрациялық ғылымды қалыптастырудың мүмкіндіктерін үш жағдайда қарастыруға болады. Біріншіден қайта жаңарту әдістері мен идеялары, екіншіден қайта жаңартудағы іс-тәжірибелік мүмкіндіктері, үшіншіден практикаға асырудағы сәйкестікті атауға болады. Реставрациялаудың ғылыми әдісін қарастыруда көне көркем туынды да қолданған материалдар мен әдіс-тәсілдерді жете зерттеп меңгеру арқылы реставрациялау мамандығын әзірлеуде кәсіби суретшілікті басшылыққа ала отырып (химия, физика, биология) ғылымдарымен пән аралық байланыс жасау. Реставрация жасаушы маман сәндік қолданбалы заттармен кескіндеме өнерінің тарихи күйін қалпына келтіруде өте мұқият зерттеуі тиіс. Реставратор суретші мамандығын даярлауда Ресей оқу орындарының іс-тәжірибесіне сүйінуіміз керек. Ең алдымен практикалық іс-тәжірибе жүргізуде өнер мұражайларының қорларындағы құнды материалды зерттеп меңгеру, сараптау жүйесі басты назарға алынуы тиіс. Өнер оқу орны Республикамыздағы музей-мұражайларымен бірлесе отырып ортақ мүддеде жұмыс істеуі қажет. Әсіресе Ресейде жарық көрген мына әдебиеттерді мүмкіндігінше пайдаланған жөн. Атап айтқанда Д.И. Киплика «Кескіндеме және оның құралы» (1908 ж.), В.А. Щавинского «Көне картинанын материалы туралы» (1908 ж.), П.Я. Агеева «Кескіндеме бойынша техникалық естеліктер, Көне және орыс икона жазушылардың бояулары» (1886 ж.), Ф.Ф. Петрушевского «Кескіндемедегі бояулар» (1891 ж.), Е.В. Кудрявцев «Картина реставрациялау техникасы» (М. 1948 ж.), В.В. Филатов «Орыс қондырғылы темпералық кескіндемесі. Реставрация және техника» (М. 1961 ж.), Н.Н. Семенович «Музейлік маталарды қалпына келтіру. Теория және технология». (Л. 1961 ж.) т.б. оқулықтарды ұтымды қолдануымыз қажет. Ең алғаш көркемсурет-технологиялық анықтамалар ХVІ ғасырда Аугсбург, Лейпциг, Франкфурт баспаларынан 1531-1535 жалдары жарық көрген. Содан бері тізбектеліп ара үзіп әртүрлі мемлекеттен шыққан реставраторлар жайлы әдебиеттердің тізімін жүйеге келтіру арқылы ғылыми сараптамалар жасап, іріктеп ең қажеттісін практикалық іс-тәжірибеде қолдануға мүмкін жасауымыз керек. Қазақ ұлттың өнер академиясы қабілетті мамандар даярлауда үлкен сүрлеу жолына түсіп, бәсекелес елдер қатарлы мамандар даярлауды көздейді. Шын мәнінде үлкен өмірге жаңаша көзқараспен бет алуда ұлттық құндылықтарымызды реттейтін әрі өз қалпына келтіруге ерекше үлес қосатын «реставратор» даярлау бүгінгі күннің мәселесі. Құнды көркеммұраларымыз ата-бабаларымыздың берген сыйы болғанымен қаз қалпында Скачать |